Зат есімнің жекеше түрі слайд,презентация — Әдебиет
Зат есімнің жекеше түрі слайд,презентация
Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
Қыс айларын кім атайды?
Қыста ауа райы қандай болады?
Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейміз?
Бір аптада неше күн бар?
Апта күндерін кім атайды?
Бүгін аптаның қай күні?
Сабақтың мақсаты:
Қазақ балалар әдебиетінің атасы — Сапарғали Бегалиннің кім екендігін түсіндіріп, зат есімнің жекеше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру.
Міндеттері:
1.Білімділік
Түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру
2. дамытушылық
Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру
3. тәрбиелік
Қаламгердің өмір жолын оқушыларға үлгі етіп, өз Отанын сүюге, халқын құрметтеп, адамгершілік, қонақжайлылық, сыйластық, мейірімділік қасиеттерін бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.