Зат есімнің түрленуі туралы слайд, презентация — Қазақ тілі
Зат есімнің түрленуі туралы слайд, презентация
І. Тақырыбы: Зат есімнің түрленуі (қайталау/ашық сабақ).
ІІ. Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Зат есімнің түрленуі» тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеру, пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін тексере отырып сөйлеу тілдерін жетілдіру,тапсырмалар орындау арқылы сыни тұрғыдан ойлауын, ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Ана тілін құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерге баулу. Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
а)Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдаланып, ағаш, құстар, киіз үй, кеспе қағаздары, семантикалық карта.
а) жаттығуды пысықтау
ә) теориялық сұрақтар
«Құстарға қамқорлық» ойыны
1 – сұрақ: Үй (құстың үйі)
Зат есімнің жіктелуі дегеніміз не?
2 – сұрақ: Құс
Оқушы сөзін жекеше түрде жіктеп бер.
3 – сұрақ: Құс
Ұстаз сөзін көпше түрде жіктеп бер.
4 – сұрақ: Құс
Өлең жолынан жіктеліп тұрған сөзді тап
Ал енді сен азамтсың? – деп маған,
Арбасына отырды да кетті ағам.
Тағы да бір қайырылмас па екен деп,
Тозаңдатқан қара жолды бетке алдым.