Зат есімнің септелуі слайд, презентация — Қазақ тілі

0

Зат есімнің септелуі слайд, презентация

 

 

1.Білімділік:     зат есімнің септелу жүйесін және септік  жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
2.Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту,байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, еңбекшілдікке, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
1. Зат есімге  неше жалғау жалғанады?
Зат есімге қазақ тілінде төрт жалғау жалғанады.
2. Көптік жалғау дегеніміз не?
Көптік жалғау – заттың біреу емес, бірнешеу екенін білдіретін қосымша.
3. Жалғауларын ата? Мысал келтір.
Жалғаулары: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Мысалы:  үй+лер, бала+лар, кітап+тар, қағаз+дар,гүл+дер.
4. Қазақ тілінде неше септік бар? Оларды ата.
Қазақ тілінде жеті септік бар. Септіктер: 1.Атау. 2.Ілік. 3.Барыс. 4.Табыс. 5.Жатыс. 6.Шығыс.7.Көмектес.
Септік жалғау —  зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын жалғау.
Септік жалғаулар сөз мағанасын  өзгертпейді. Сөз бен сөздің арасындағы қарым қатынасты  жасайды.
Изменение окончаний существительных по вопросам  называется изменением  по подежам, или склонением.

 

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!