Зардап шеккендер мен науқастарды жедел көмек көлігімен тасымалдау слайд,презентация — Аралас
Зардап шеккендер мен науқастарды жедел көмек көлігімен тасымалдау слайд,презентация
Кіріспе
1.Науқастар мен зардап шеккендерді шығару тәсілдері
2. Науқастар мен зардап шеккендерді жедел жәрдем қөлігімен тасымалдау
3. Психикалық жағдайы нашар науқастарды фиксациялау және тасымалдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың мақсаты:
— науқастарды шығару тәсілдері мен тасымалдау техникасын қарастыру
Тақырыпта қойылған мақсатына қарай міндеттері мынадай:
-науқастар мен зардап шеккендерді шығару тәсілдерін үйрену;
— науқастар мен зардап шеккендерді жедел жәрдем көлігінде тасымалдауды үйрену;
— Психикалық жағдайы нашар науқастарды фиксациялау және тасымалдаудың негізгі принциптерін бөліп қарау.
Ең ыңғайлысы носилкамен шығару.
Носилканы ашу үшін оның түбіне тұрып, белбеуін шешіп ручкасын тартып, тізесін тіреп, түзу болғанша ашады.
Зардап шеккенді носилкаға жатқызу үшін екі адам оның астына қолдарын қояды: біреуі басы мен арқасына, екіншісі – жамбас пен аяңына; бір уақытта көтеріп носилкаға қояды.
Шүйдесі мен арқасы зақымдалғандарды бүйірінен, іші жарақаттанғанда – арқасымен тізесін бүгіп, бет пен жақ жарақатында — басын бүйірге қаратып, мойын алдыңғы беті зақымдануында – басын кеудесіне енкейтіп жартылай отыру жағдайында орналастырамыз.
Бір адаммен тасымалдаудың 3 тәсілі бар:
1 тәсіл: бір тізесіне отырып, бір қолымен жамбасынан, екінші қолымен жаурын астынан , зардап шеккен мойынынан ұстап көтереді.
2 тәсіл: арқамен көтеру алыс арақашықтыққа арналған. Тасымалдаушы зардап шегушіге арқасмен бір тізесімен отырып бөксесінен ұстап көтереді.
3 тәсіл: салыстырмалы алыс арақашықтықта иығында тасымалдау.