Заманауи оқыту технологияларының түрлері | Скачать Материал

0


Заманауи оқыту технологияларын кәсіптік-техникалық колледждің оқу процесіне ендіру жолдары

Кіріспе
8
1 Колледждің білім беру процесінде оқытудың заманауи технологияларын теориялық негіздеу
1.1Заманауи оқыту технологиясы түсінігі және негізгі мәні

10
10
1.2 Заманауи оқыту технологияларының түрлері
16
1.3 Кәсіби білім беруде дуалды оқыту жүйесін енгізу мәселелері
31
1.4 Дамыған елдердегі кәсіптік білім берудің дамуы
41
2 Колледждің оқу процесінде Жол қозғалысының ережелері мен қауіпсіздігі пәнінің әдістемесі

46
2.1 Жол қозғалысының ережелері мен қауіпсіздігі пәнінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
2.2 Жалпы ережелер. Негізгі түсініктер мен терминдер тақырыбының дайындамасы
2.3 Жүргізушілердің жалпы міндетерімен жаяу жүргіншілердің міндеттері тақырыбының дайындамасы
2.4 Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары тақырыбының дайындамасы

46

48

53

58
3Техникалық және кәсіптік білім берудегі заманауи технологиялар электрондық оқулығының тиімділігі

64
3.1 Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар
64
3.2Техникалық және кәсіптік білім берудегі заманауи технологиялар электрондық оқулығын пайдалану

66
4 Еңбек қорғау
68
4.1 Зияндыжәне қауіпті өндірістік факторларды саралау
68
4.2Шаң тозаңның пайда болу жолдары және оның азайтуынақолданылатын шаралар

72
4.3 Шаң тозаңды есептеу
74
4.4Өрт қауіпсіздігі
77

Қорытынды
80

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
81

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қарқынмен өсуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігі туындап отыр.
Осыған байланысты елімізде заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында үлкен міндеттер мен талаптар жүктеліп отырғаны белгілі.
Соңғы кезде индустриялы – инновациялық даму бағдарламасымен кәсіптік – техникалық білім беру жүйесі бірте – бірте жетілдіріліп келетінін айтып кеткен жөн.
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бағдарламасындағы басты міндет – еліміздің экономикасына құзіреттілігі жоғары, бәсекеге қабілетті және оқуын жалғастыруға білімі жеткілікті мамандар даярлау [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Стратегиясы – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы атты Қазақстан Халқына Жолдауында Кәсіптік-техникалық білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет деп анық көрсетті[2].
Сондай-ақ, Елбасы өзініңНұрлы жол – болашаққа бастар жол Жолдауында еліміз дамыған 30 мемлекеттің құрамына ену үшін жеті бағыт бойынша жұмыс жасау керек екендігін тапсырған болатын. Оның ішінде алтыншы бағыт бойынша техникалық және кәсіптік білім беру саласында дуалды оқыту жүйесін енгізу керектігін қадап айтты [3].
Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз процесі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кезкелген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады.
Қазіргі заман педагогтары Б.Әбдікәрімов, М.С.Молдабекова, Т.С. Садықов, А.А.Саипов, Л.Х.Мажитова, Г.Ж.Меңлібекова, Е.Ө. Медеуов, Ж.Ж.Жаңабаев, А.А.Жолдасбеков, Ж.К.Оңалбек, С.С. Маусымбаев, А.М.Абдыров, Б.А. Оспанова, К.М. Беркімбаев және т.б. маманды даярлау үрдісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған [4].
Кәсіптік-техникалық білім жүйесіндегі оқу процесін басқару Б.К. Момынбаев, К.Ө.Өстеміров, оқу-өндірістік комбинатты, жастарға еңбек және экономикалық білім беруді басқару Қ.Ж.Аганина, А.М.Мүсілімов, Г.Т. Хайруллин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан [5].
Қазіргі уақытта оқытудың инновациялық технологиялары В.В. Егоров, С.М. Ударцева, В.В. Готтинг, А.Ш. Манабаева және т.б. педагог ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш.Т.Таубаева, Н.Н. Нұрахметов, С.Н.Лактионова, Е.З.Батталханов, Қ.Қ.Қадашева, Т.О. Балықбаев, Ж.А. Қараев, Г.К. Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С.Д.Мұқанова, Н.И.Хван, Л.Е.Румянцева, З.У.Имжарова, М.М.Мұқаметқалиқызы және т.б. педагог ғалымдар зерттеген [5].
Атап айтар болсақ, С.А. Көшімбетова оқу-тәрбие процесінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану, Қ.М.Нағымжанова бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру, Д.Р.Принбекова мектеп басқарушыларының инновациялық дайындығын негіздеп, кәсіптік ерекшеліктерін қалыптастыру мәселелерін қарастырған.
Сонымен қатар, Г.Д.Такенова колледжді менеджмент негізінде инновациялық басқарудың принциптері мен функцияларын қарастырған. Инновациялық басқарудың структуралық-функционалдық үлгісін айқындап, колледждің ішкі инновациялық басқару жүйесін қолдануы және көрсеткіштер бойынша колледж қызметінің тиімділігін арттыру арасында өзара байланысын дәлелдеген.
Педагогика ғылымының докторы, Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейліктапсырмалар дайындауға болады. Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен студенттердің өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді [5].
Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізудің негізгі өзекті мәселесі – ғылым негіздерін саналы түрде оқытушымен қатар түрлі педагогикалық-психологиялық әдістерді қолдана отырып мақсатты және жүйелі түрде жас жеткіншектердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі өмір талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыру. Оларды кәсіпке баулу, өзбетінше білім алу және еңбек ету дағдыларына негіз салу болып табылады.
Техникалық және кәсіптік колледждегі білім беру процесінде оқытудың заманауи технологияларды қолданудың түбегейлі түрде қарастырылмағаны және көтеріліп отырған мәселенің көкейтестілігі біздің зерттеу тақырыбымызды Заманауи оқыту технологияларын кәсіптік-техникалық колледждің оқу процесіне ендіру жолдары деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: техникалық және кәсіптік колледждердегі оқу процесіндегі заманауи технологиялар
Зерттеудің пәні: колледждің оқу процесінде заманауи технологияларды қолдану
Зерттеудің мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беретін колледждерде оқу процесіндезаманауи технологияларды қолдануды теориялық негіздеу және әдістемелік қамтамасыз ету.
Зерттеудің міндеттері:
– техникалық және кәсіптік білім беретін колледждердегі білім беру процесінде заманауи оқыту технологиясын қолданудың теориялық негіздерін анықтау;
– заманауи оқыту технологияларының түрлерін анықтау;
– кәсіби білім беруде дуалды оқыту жүйесін енгізу мәселелерін айқындау;
– Техникалық және кәсіптік білім берудегі заманауи технологиялар электрондық оқулығын әзірлеу;
– дуалды оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігін сауалнама жүргізу арқылы тексеруден өткізу.
Зерттеудің болжамы: егер техникалық және кәсіптік колледждегі білім беру процесінде оқу процесіне сәйкес заманауи оқыту технологиясын пайдаланудың ғылыми-педагогикалық негіздемесі жасалып, педагогикалық шарттары анықталса, онда колледжде арнайы пәндерді оқыту кәсіби білім берудің қазіргі талаптарына сай келіп, студенттердің кәсіпті меңгеруінің сапасы артады, жаңа педагогикалық технологияны пайдаланудың ғылыми әдістемелік жүйесі ұсынылады, білім мазмұнының күшті адамилық (гуманитаризация) сипат алады өйткені, техникалық және кәсіптік колледждегі студенттердің білім алуға деген қызығушылығы артып, бағдарлық, жүйелік инновациялық және іс-әрекеттік аспектілері жүзеге асады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізін: теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар, философиялық ілімдер, әдістемелік қамтамасыз ету, жүйелілік теориясы туралы ілімдер құрайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
1 Колледждерде студенттің болашақ кәсібіне әдістемелік дайындау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау арқылы, оны жетілдірудің мазмұнды сипаттамасы ұсынылды.
2 Колледждерде студентті кәсіпке даярлаудағы заманауи оқыту технологияларының мәні анықталды, оның өзіндік ерекшеліктері айқындалды.
3 Оқушыларға мамандықты игерудезаманауи оқыту технологияларының мүмкіндіктері анықталды және электрондық оқулығы әзірленді.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Колледждің білім беру процесінде оқытудың заманауи технологияларын теориялық негіздеу

1.1 Заманауи оқыту технологиясы түсінігі және негізгі мәні

Қазіргі кезде Қазақстанда өзінің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға жақындататын білім берудің ұлттық моделі қалыптасуда.
Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – ел экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл бағдарламада ұлттық білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту мәселесі тұр [6].
Алдағы уақытта білім беру мекемелерін оңтайландыру, іс жүзінде ескірген әдістемелерге негізделген оқу-тәрбие процесін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, қазақстандық білім беру жүйесінде оқу процесінің тәжірибелік жағына және оқушылардың жеке ерекшеліктеріне көңіл бөліп, теория мен практиканы ұштастыра отырып дуалды кәсіби білім беру жүзеге асырылуда. Сондықтан білім ошақтарын заман талабына сай жетілдіріп, заманауи басқару жүйесін енгізудің мәні зор.
ҚР-ның Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;… оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [7].
Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру ұжымдарының, әр оқытушының күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынастарға өту қажеттігі туындайды.
Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негізін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі.
Инновация – ол тамыры тереңде жатқан термин, латын тілінің жаңару, өзгеру сөдерімен баламаланып, бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктерді білдіреді. Ал ағылшын тілінен аударғанда, жаңалық енгізу, жаңашылдық деген ұғымды білдіреді. Инновация – құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен білім мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесінен пайда болады [8].
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру инновациялық педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал инновациялық педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай таңдап, тәжірибеде сынап байқаудың маңызы зор.
Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. «Білім беру технологиялары», «педагогикалық технология» терминімен қатар »оқыту технологиялары» термині қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып келеді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының, үйренушінің тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар [9].
«Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады», – деп С.Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді:
– оқытудың мақсаты;
білім берудің мазмұны;
– педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру;
– оқушы, оқытушы;
– әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).
Сонымен қатар, С. Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге асыруды «… оқыту технологиясын жобалау процесі деп атауға болады» деп айта келіп, оның құрылымын төмендегідей анықтайды:
– оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау;
– оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау барысында білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады, міне соны анықтау;
– мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау;
– оқыту технологиясын талдап жасау[10].
Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі анықталуда:
– дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;
– қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру принципі;
– сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі;
– оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;
– біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі [8].
Педагогикалық технологияның міндеттері:
– әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру;
– мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру;
– технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету;
– технологиялық ойлау дағдыларын дамыту;
– оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу [11].
Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдарды, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы – әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға «оқыту» мен «үйрену» процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. Сонымен технология көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. «Педагогикалық технология» оның ішінде «оқыту технологиясы» ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді:
– іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды жоспарлау;
– оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды іріктеген қатаң тізбекті әрекеті түріндегі оқытудың барлық процесін «бағдарламалау».
– алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру. М. Чошанов оқыту технологиясы негізінен педагогикалық процестегі Қалай нәтижелі етіп оқыту керек? мәселесін шешуге бағытталатынын айтады. Оқыту технологиясы жөніндегі ой-пікірлерді саралай келе, біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден, оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз.
Б. Қуанбаева өзінің зерттеуінде әдістемелік жүйені технологиялық негізде жетілдіруді төмендегідей дидактикалық талаптарының орындалу негізін белгілейді:
а) оқытудың мақсаты диагностикалық операционалды анықтаулы тиіс, яғни иерархиялық тізбек түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет;
ә) білім мазмұны мақсаттар таксономиясына сәйкес анықталып, оны анықтау принциптері ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет;
б) оқытудың белсенді әдістерін басым түрде түрде пайдаланып, оқыту әдістерінің басты аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі құрылып, кеңінен пайдалануы қажет;
в) оқытудың формасы оқушының жеке даму траекториясын, сондай-ақ педагогикалық жағдаяттарға сәйкес жеке, жұптық және топтық формалардың тиімді үйлесуін қамтамасыз ететіндей түрде жетілдіруі тиіс;
г) оқыту құралдарын жетілдіру компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды олардың дидактикалық мүмкіндіктері нақты анықталып, дәстүрлі құралдармен үйлесімді бірге пайдалануға бағытталуы қажет [12].
Жалпы «Педагогикалық технология» түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В.П. Беспалько технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық сипатымен байланыстылығын сипаттайды.
Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді [13].
Зерттеушілердің айтуынша, шетелде 70% студенттер білім алудың қашықтан оқыту түрін таңдайды. АҚШ – та 200 – ден астам университет және мыңдаған колледждерде электрондық оқыту дамыған, ал электрондық курстардың саны жыл сайын шамамен 30 – 40%- ға ұлғаю үстінде.
Дүниежүзі бойынша 100 миллионнан артық адам электронды түрде білім алады.
АҚШ -тың компанияларының қызметкерлеріне сауалнама жүргізу барысында электрондық оқыту туралы келесі нәтиже алынған:
– 87% – жұмыс уақыттарында оқығанды қалайды;
– 52% – арнайы компьютер сыныбында емес, өз жұмыс орындарында оқуды қалайды;
– 84% – оқуды қайтадан электрондық форма түрінде үйренгісі келеді;
– 38% – электрондық оқу формасымен салыстырғанда дәстүрлі түрдегі форманы қалайды [14].
Біздің еліміз ақпараттық технологиялардың дамуы тұрғысынан дамыған мемлекеттерден артта қалғаны белгілі. Электронды білім берудің күн өткен сайын кеңейіп келе жатқан мүмкіндіктерін пайдалану бойынша да артта қалушылықты жедел басып өтуіміз керек. Бұл заман талабы және еліміздің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің қажетті шарты.
Ол үшін әлемдік тәжірибелермен мұқият танысып, оны отандық білім жүйесіне лайықтау қажет.
Қазақстан Республикасы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену жолында. ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Біздің қоғамымыз белгілі ғылым және білім саласында талантты мамандарға және еліміздің жаңа белестерге көтерілуіне білімді азаматтар қажет екенін жақсы түсінеміз. Сол білімді азаматтарды тәрбиелеу – педагог мамандардың бірден-бір міндеті. Олармен жұмыста белгілі нәтижеге қол жеткізу-бүгінгі күннің алдындағы маңызды да өзекті мәселе болып қала бермек. Сондықтан студенттерге жоғары деңгейлі білім беруде педагог:
-ұйымдастырушылық;
-ақпараттық-коммуникативтік;
-педагогикалық-психологиялық;
– оқу процесін жаңаша жоспарлай білу сынды шеберлік критерийлерін ескеруі қажет [15].
Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:
білім сапасын арттыру;
– әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
– орта білімді ақпараттандыру;
– интернет жүйесін пайдалану;
– электрондық оқулықтар;
– қашықтықтан басқару.
Компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:
– жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;
– ғылыми- көпшілік журналының сайтына кіру;
– әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;
– интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу.
Жаңа технологияның ішінде ең тиімді технологияларға: оқытудың модульдік технологиясы, мультимедиялық технологиялар, презентациялық технологиялар, қашықтықтан оқыту технологиялары кіреді.
Қазіргі заманғы білім беру технологияларын іске асырудағы механизмнің бірі – интерактивті тақтамен сабақ өткізу. Интерактивті тақтамен өткізген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, интелектуалдық-шығармашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі болса, мұғалім үшін шеберлік пен сауаттылығын арттыратын, уақытын үнемдейтін, эстетикалық талғамға сай безендірілген көрнекілік құралы болып табылады. Жаңа ақпараттық технологиялар педагогтік мүмкіндіктерін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютерлік мүмкіндіктер психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптраға сай қолданылу керек. Соның негізінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін мұғалімнің өзі анықтап алу қажет[16].
Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан интерактивті құралдарды қолданып отырмыз.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

1.2 Заманауи оқыту технологияларының түрлері

Басқа салалар секілді, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне де тың технологияларды енгізуге үлкен мән беріліп жатыр.
Қазіргі таңда 50-ден астам жаңа технологиялар белгілі. Біз солардың ішінде төмендегі оқыту технологияларына тоқталамыз:
– дамыта оқыту технологиясы;
– деңгейлеп оқыту технологиясы;
– дуалды оқыту жүйесі;
– модульдік оқыту технологиясы;
– қашықтықтан оқыту технологиясы;
– проблемалық оқыту технологиясы.
Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда Ұлы дидактикасында айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д. Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б. Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны субъект ретінде тануға бағытталды.
Дамыта оқыту технологиясы мыналарды қамтамасыз етеді:
– оқушыны жан-жақты дамытуға;
– оқыту барысында мәселелік жағдаяттарды шешуге;
– оқу іс-әрекеті арқылы оқушының ойлау мәдениетін дамытуға;
– оқушының объектіден субъектіге айналуы;
– қызығудың (мотивация) жоғарылығы [17].
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап барлық пәндерге еніп, оқу процесін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты – әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету [18].
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын қабілетті, қабілетсіз деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы 3 деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда үлгерімі төмен, баяу оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? – деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылатын рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды [19].
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
– оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
– оқушының ынталандыруға;
– оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
– оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
– баға әділдігіне;
білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді [20].
Оқу процесінде жеке тұлғаның білікті маман етуге бағытталған оқыту тәсілдерін озық тәжірибемен сабақтастыру бүгінде күн тәртібіне шықты. Өйткені, белгілі бір оқу орнын бітіріп шыққан түлектің алған білімі жұмыс берушінің талабымен сәйкес келе бермейді. Ақыры, сол маманға мұқтаж болып отырған жұмыс беруші жас кадрды қайтадан даярлап, оқытуға мәжбүр. Ал оқу орнын жаңадан бітірген түлектің біліктілігі жұмыс берушінің талабына дөп келу үшін не істеу керек? Әрине, алдымен дәстүрлі оқыту жүйесіне өзгерістер енгізу қажет. Соның бірі – оқытудың модульдік технологиясы. Бұл – белгілі бір кәсіпті жан-жақты меңгеруге икемделген оқытудың жаңа жүйесі. Онда студенттер нақты бір мамандықтың шегінде шығармашылығын жетілдіреді, теориядан гөрі тәжірибеге ден қояды. Оқу қабырғасында жүріп-ақ болашақ мамандығының қыр-сырына қаныққан жастар ертең жұмысқа дайын маман болып барады. Еуропалық білім беру жүйесінің тәжірибесі көрсеткендей, оқытудың бұл тәсілі студенттердің таңдаған мамандығы бойынша терең білім алып қана қоймай, оқу орны мен жұмыс берушінің қоян-қолтық жұмыс істеуіне дәнекер болатыны дәлелденген [21].
Модульдік оқытудың дәстүрлі білім беру жүйесінен артықшылығы сол, мұнда еңбек нарығында қандай мамандыққа сұраныс көп екендігі қатаң ескеріледі. Кезекті модульдік оқудан өткеннен кейін бірнеше мамандықты игеруге мүмкіндік бар.
Сондай-ақ, оқу орнымен тығыз байланыста жұмыс істеген жұмыс беруші болашақ маманға өз талабын қоя алады. Студент өз кезегінде теориядан гөрі практикаға көбірек жүгініп, таңдаған мамандығына бейімделе бастайды.
Бұл модульдік оқу бағдарламасы функционалдық талдау негізінде, жалпыға міндетті білім беру стандартына сүйене отырып жасалды. Функционалдық талдау дегеніміз – еңбек нарығына қажетті құзыреттіліктерді анықтау, яғни құзыреттілікке негіделген кәсіптік стандарттар.
Құзыреттілікке негізделген модульдік оқу бағдарламалары бірнеше бөлімдер мен функциялардан тұрады:
Мамандық – ЖМББС (жалпы мемлекеттік білім беру стандарты бойынша).
Функционалдық карта (мақсаты, негізгі функциялары, функционалдық модульдер).
Бейін құзыреттері:
Арнайы модульдер (модуль сипаттамасы, модуль нұсқауы, модуль түйіндемесі).
Сыйлы қатынас модульдері (модуль сипаттамасы, модуль нұсқауы, модуль түйіндемесі).
Бейімдеу модульдері (модуль сипаттамасы, модуль нұсқауы, модуль түйіндемесі).
Модульдік оқыту – нақтылы кәсіптік құзіреттіліктің құрылымдық компоненттерінің қалыптасуына бағытталған, аяқталған топтамалардан құралған оқыту жүйесі.
Құзірет – білім алушылардың әлеуметтік ұтқырлығын айқындайтын білімге, дағдыға, құндылыққа, өздігінен білім алуға бейімділігіне негізделген қабілеттері [22].
Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда модульдік оқыту бағдарламасының негізгі артықшылықтары:
1 Қолайлы және жұмыспен қамтуда сұранысқа ие.
2 Кезекті модульді өту арқылы бірнеше жұмыс біліктілігін алуға болады.
3 Болашақ маманды оқытуға жұмыс беруші өз талаптарын қояды.
4 Студенттер үшін оқытудың тиімділігі.
5 Студенттің өздігінен білім алуы.
6 Интернет арқылы қашықтан оқыту әдісімен мамандық алу мүмкіндігі.
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді [23].
Ал модуль дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы модуль сөзі оқытудың мазмұны мен технологиясын білдіреді. Модуль мазмұны өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.
Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі [23].
С.И.Ожеговтың пайымдауынша Модуль дегеніміз – белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі. Ал технология гректің шеберлік деген сөзі.
Яғни, модуль – тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы.
Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы.
Оқыту технологиясының біз әзірлеген нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін, яғни жадының алуан түрін (есту, көру, қимыл-қозғалыс және т.б.), ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілде) дамытуға бағытталуында [24].
М.М.Жанпейісованың технологиясында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады:
1 Кіріспе
2 Сөйлесу
3 Қорытынды.
Әр оқу модулінің сағаты әр түрлі болады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсеткен. Осы оқу модулінің ерекшелігі жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөліміне 1 немесе 2 сабақ саны бөлінеді, ал қалған сағаты сөйлесу сағаты болады.
Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттеріментаныстырады. Сонан соң осы оқу модулінің барлық уақытына есептелгеноқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте, және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылар бұл кезеңде бағдарламаның аталған тарауын неге және не үшін оқып үйренулері керектігін, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түсінуі қажет.
Сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейі, қарапайым білік пен дағдыларын және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы жүзеге асырылады.
Тақырып мазмұнына өсу бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмалар мен зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, жазбаша және ауызша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әрбір берілген оқу материалын сабақта үш күрделілік деңгейінде тыңдау, жазу, көру және айтуға мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.
3, 4-сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай тапсырмалар беріледі (ІІІ және ІІ деңгейлер)
І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне, яғни интеллектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған.
Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындалу міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Бұл бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларынешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейлік (жеңілдетілген стандарт, стандартты, стандарттан жоғары) тапсырмалар берілсе, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай бірдей тапсырмалар беріледі.
Зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар бөлек есептеледі. Олар баяндама, хабарлама, реферат түрінде болуы және оқушыллардың ғылыми қоғамына (ОҚҒ), конкурстарға ұсынылуы мүмкін [25].
Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен тұрады:
1 Кіріспе – қызықтырушылық.
2 Опериационалдық – танымдық.
3 Рефлексиялық – бағалау.
Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін балалардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек [26].
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиімдірік.
Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші – операциялық – танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді қарастыру үшін біз Л.Фридманның төмендегідей ережелеріне негізделген тұжырымдамасына сүйенейік:
1 Бала жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызмет жүйесі ретінде қаралады. Олар баланың қисынды ойлауын,қабілеттерін көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашлық және тағы да басқа дамытуға , яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
2 Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен баланың қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
3 Басқару икемді болуы тиіс. Балалардың іштей өсуі жүргенде ғана білім дәрежесінің артылуына мүмкіндік болады.
4 Балалар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалыққабағытталған болуы тиіс.
5 Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс [27].
Оқу модулінің сөйлесу білімін даярлағанда тәрбиеші оқу материалынның негізгі мазмұның бөліп,құрастырады.
Мұнда балалар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл бөліктерде қызқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін материалды тәрбиеші үш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы – күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған балаға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда тәрбиеші балалардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл аударады.
Тәрбиешінің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет – қадамнан тұратын даярлық құрылымы қалыптасады:
1 Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негзгі мазмұның белгілеу.
2 Оқу материалын біртұтас, жинақы, өсу бағытымен беру.
3 Тақырып бойынша жеңілдететін деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.
4 Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.
5 Балалардың пәнге қызығушылығын және креативтігін дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.
Модульдік оқытудың құрылымы. Оның мазмұнына:
1 Оқытудың жалпы мақсатын қою.
2 Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу.
3 Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау.
4 Оқу әрекетінің жиынтығы.
5 Нәтижені бағалау.
Осының арқасынды оқу процессі модульдік сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды:
1 Кіріспе бөлім (модульге, тақырыпқа енгізу).
2 Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру).
3 Қорытынды бөлім (бақылау).
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі – тәрбиешінің даярлық жүйесі. Тәрбиеші бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.
Бұл технология:
– баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
– танымдық процестерін дамытуға;
– жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
– белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға;
– тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік,сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді [28].
Модульдік оқыту технологиясы – баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өз бақылай білуге үйренеді.
Бұл технологияның ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқу модулінің құрылымы кіріспеден, диалог (сөйлесу) және қорытынды бөлімнен тұрады.
Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
Модульдік оқыту білім мазмұны , білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау қабілетінің, ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейде білім алуына кепілдік береді.
Модельде 3 деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы, шығармашылық жұмыс бойынша жұмыс жүргізіледі.
3 деңгей – мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны барлық оқушылар орындауы, білуі міндетті. 2 деңгей – бұған қарағанда күрделірек, ал 1 деңгейді – өзіндік пікірін жеткізе алатын, өз ойын шығармашылықпен дәлелдей алатын қабілетті, озат оқушылар ғана орындай алады [29].
Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз – өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден – бір технология.
Қорыта айтқанда, оқушыларға тілдік коммуникативтік білім беруде М.М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде өте жоғары деңгейде. М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту жүйесі арқылы тіл дамыту іске асады.
Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:
1 Уақыт үнемделеді.
2 Сабақтың сапасын көтереді.
3 Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады.
4 Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.
Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада:
1 Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру.
2 Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру.
3 Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету.
4 Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу.
5 Оқушының білім деңгейін дәл анықтау [28].
Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп, өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі.
Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді.
Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазір арнайы пәндерді нәтижелі үйрету, оқыту әдістемесін жетілдіре түсу – бүгінгі күннің маңызды мәселесі.
Сол себепті білім жүйесінде көптеген жаңа технологиялар қолданылып жүр. Оқушыларды еңбекке, шығармашылық пәндерге деген ынта-ықыласын арттыру үшін дизайн мамандығына осы жаңа технологиялардың бірі – модульдік оқыту технологиясын қолдануға болады.
Модульдік … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз