З дыбысы және әрпі балабақшадағы ертеңгіліктер

0

З дыбысы және әрпі

 

Білім беру саласы:  Қатынас
Пәні: Сауат ашу және жазу
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:  З дыбысы және әрпі
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: З дыбысы және әрпімен таныстыру. З дыбысына    
сөз, сөйлем құрастырту арқылы есте сақтау  қабілетін дамыту. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазуға қолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға үйрету.
Көрнекілігі: кеспе әріптер кассасы, түрлі түсті суреттер, жұмбақтар жинағы, з
дыбысының баспа және жазба түрі.
Іс-әрекет кезеңдері    Тәрбиешінің іс- әрекеті    Балалардың
 іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық    Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Адал жақсы ниетпен,
Бар адамға бақ тілеп.
Жарып шыққан жүректі,
Сөздің бәрі ақ тілек.
а) Сұрақ-жауап:  — Дыбыс деген не?
                             — Дыбыстар нешеге бөлінеді?
                             — Әріп деп нені айтамыз?
                             — Әріптерді не істейміз?    
Өлең жолдарын қайталап, сәлемдеседі.

 

Сұрақтарға жауап беріп, өтілген сабақтар бойынша ойын ойнайды.

Ұйымдастыру-ізденістер    Негізгі бөлім.
Жұмбақ шешу. 
                           Ләззатта  бар,
                           Жанатта жоқ.
                           Азатта бар,
                           Қанатта жоқ.             ( З әрпі)
Жауабын айтқаннан кейін балалар сол дыбысқа сөз ойлап айтады.
 «Сөз ойла, көп ойла» дидиктикалық ойыны.
Ойын шарты: барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып, доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады. Суретке қарап дыбыстық талдау жасату.
   Зәуре сөзін шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.
2. Тіл ұстарту жаттығуы.
            Ыз-ыз-ыз
            Анар-сүйкімді қыз.
   Әліппе дәптермен жұмыс.   
а) Жүзік, зымыран, жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
ә) З дыбысын екі жолға толтырту.
б) З дыбысын ауада жазу.
      Өз бетімен жұмыс.
 Дәптерде берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құрату.
Мысалы:  Атам қарбыз өсірді. Қарбыз бақшада өседі.
         Сөздік жұмыс.
Қазына-  түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік, байлық.
Сергіту сәті:
                          Ұзын қанат инелік,
                          Инелікке тимелік,
                       Ұшақты біз жасадық
                 Инеліктен үйреніп,
            Зу-зу, зу-зу, зу-зу.       ( Қимылмен көрсету)    
Сұрақтарға жауап береді.

Тапсырманы орындайды.

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Сөздерді буынға бөледі.

Суреттерді атап, з дыбысының орнын анықтайды.
Үлгі бойынша з дыбысының әріп таңбасын жазады.

Қимылмен көрсетеді.

Рефлексивтік-түзетушілік    Қорытынды.
 Тақтаға әріптер тізбегі жазылған плакат ілінеді. Осы әріптерді ретімен қосып оқыту арқылы бірнеше сөз құрату.
Қ-о-й-с-и-ы-р-з-а-у-з-а-б-ұ-з-а-у-қ-а-р-б-ы-з-т-е-р-е-з-е
Құрастьрған сөздердің ішінен з дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Мадақтау.    Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: 
Білуі тиіс: сөздерді анық айтып, байланыстыра сөйлей алады.
Түсінігі:  з  дыбысына қатысты сөз, сөйлем ойлай білуі.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!