Ыбырай – шағын әңгіме шебері ашық сабақ — Ашық сабақтар — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай – шағын әңгіме шебері.
Сабақтың мақсаты:
1. Ыбырай Алтынсариннің «Шағын әңгіме шебері» екенін өз шығармалары арқылы дәлелдеп, соған оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы көз жеткізу.
2. Оқушылардың тақырып бойынша ой тұжырымдарын, өздігінен ізденту, шығармашылық қабілеттерін, ой — өрісін дамыту.
3. Жас ұрпақты ақын әңгімелері арқылы еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, тазалыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыларын жетілдіру сабағы.
Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.
Сабақтың әдісі: логикалық әдіс, топтастыру, талдау, ой толғау, пікір алмасу, ізденіс.
Көрнекілігі: Ыбырай әңгімелері, итербелсенді тақта, қосымша дидактикалық материалдар.
Ұйымдастыру формасы: жаппай, топпен, жеке – дара.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Амандасу
Қадірменді ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ыбырай – шағын әңгіме шебері» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
Маған бақыт сабақ беру сіздерге,
Көріп тұрмын, қуаныш бар жүздерде!
Мол білімнің тереңіне бет бұрып,
Бәрімізге болсын серік – сәттілік!- дегендей, шағын әңгіме шебері — Ыбырайға арналған сабағымызды бастайық (1 слайд).
б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Әр топқа бағалау парағын тарату.
Сабақтың мақсатымен таныстыру (2 мин.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин.) (2 слайд)
І. Ой қозғау.
«Оқығанның көңілі тетік, сөзі майда»
Мұғалім: Балалар, өткен сабақта сіздер «Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы» жайлы танысқан болатынсыздар. Бәріміз тақтаға назар аударайық.Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.
1. І топ: Ыбырай Алтынсарин – оқулық авторы.
2. ІІ топ: Ыбырай өлеңдерінің тақырыбы, көркемдік әлемі.
І. Проблемаларды шешу құзыреттілігі.
Тапсырмалар:
Жұмыстың түрі: графикалық талдау, топтастыру.
Шарттары:
1. “Қазақ хрестоматиясына” енген шығармаларын топтастырып,
тәрбиелік мәнін дәлелдеу.
2. Ыбырай өлеңдерінің тақырыбын, көркемдік әлемін ашып, дәлелдеу.
а)өз беттерімен іздену, топтастыру, жинақтау.
Мақсатқа жету технологиясы: топтық жұмыстар арқылы
проблеманы шешу, өзіндік ізденісті ұйымдастыру
ІІІ. Жаңа сабақ (20 мин.)
Ұлы ағартушының көрнекті прозашы ретінде әдебиетіміздің тарихынан ерекше орын алатынын таныту мақсатында жаңа тақырыпты Ыбырайдың әңгімелеріне арнаймыз. Бәріміз тақтаға назар аударайық.
ІІ. «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда»
ІІ. Ақпараттық құзыреттілік.
Тапсырмалар:
І топ: “Ыбырай – шағын әңгіме шебері” моделін құрастырыңдар.
ІІ топ: “Ыбырай — қазақ балалар әдебиетінің атасы” моделін құрастырыңдар.
Шарттары:
Тәрбие мәселесіне және еңбек тақырыбына арналған әңгімелерін
талдау, саралау.
а) Өздерің таңдап алған әңгімелерден даналық, нақыл сөздерді теріп ал.
Өзіңе қайсысы ерекше ұнады, соны саралау.
Мақсатқа жету технологиясы: саралау, бөліп алу, анализ,
синтез жасау, жүйелеу, өзіндік баға беру.
Әңгімелері Даналық, нақыл сөздер Өз бағасы, пікірі
ІІІ. «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап»
ІІІ. Коммуникативтік құзыреттілік.
Тапсырмалар:
І топ: . «Ыбырай – көрнекті прозашы» деген пікірмен келісесің бе?
ІІ топ: Қалай ойлайсыңдар, Ыбырай әңгімелерінің бүгінгі күн өміршеңдігі бар ма?
Шарттары:
Бір – біріңнен интервью алып, оны ортаға салуға әзірленіңдер. Ақын әңгімелерінде атап көрсетілген адамдық қасиеттердің болашақтағы өміріңе қажеті бар ма? Осы мәселе айналасында ой толғаңдар.Пікірлеріңді жинақтап, сыныптағы білім қоржынына салыңдар.
Мақсатқа жету технологиясы: сұхбат – интервью, ой толғау.
ІV. «Іздеген жетер мұратқа…»
Сабақты пысықтау. Топтастыру стратегиясы
1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»
«Оренбурский листок» газетінен
І топ: жоғарыдағы пікірді басшылыққа алып, Ыбырайдың әңгімелеріндегі адамгершілік қасиеттерді топтастыру.
ІІ топ: Ыбырай әңгімелері арқылы нені үйрендім?
ІV. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.»
Сабақты бекіту:
“Мен үшін…” әр жеке тұлғаның бүгінгі сабақ бойынша
өз ой – пікірлерін тыңдау.
1. Мен үшін Ыбырай атаның әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор…
2. Қазағымның тұңғыш кемеңгер- ұстазы ,ойшылы — Ыбырай атаның арманына біздер жетіп отырмыз…
3. «Ғылым- жанып тұрған шырақ»,-дегендей…
Бағалау: Бағалау парақшасы бойынша бағалау.
Үйге тапсырма:
1. “Қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер” тақырыбына эссе жазу.
2. “Ыбырай және болашақтағы қазақ мектебі” тақырыбына пікір таласын жүргізуге сұрақтар әзірлеу.