Ыбырай Алтынсарин, өнер білім бар жұрттар сабақ жоспары

0
196
САБАҚ: Ыбырай Алтынсарин «Өнер – білім бар жұрттар»
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады: Тыңдалым материалдарының мазмұнымен танысады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Өлең мазмұнымен таныса отырып, мәтін мазмұнына бағытталған сұрақтарға жауап береді.
Кейбір оқушылар орындай алады: Тыңдалым әрекетін мұқият жүзеге асыру арқылы мазмұн негізіне бағытталған сұрақтарға жауап бер отырып, «Бес жолды» өлең құрастырады.

Басы
Психологиялық ахуал.
«Шаттық шеңбері» тренингі арқылы жағымды ахуал орнайды. Пазл әдісі бойынша топқа бөлемін.

Ортасы
Өлеңді үнтаспадан тыңдайды.
Тыңдай отырып, тапсырмалар орындайды.
Өмірмен байланыстыра отырып, жауап береді
Дескриптор:
– сұрақтармен танысады;
– өлең мазмұнынан алынған сұрақтарға қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, 1сөйлеммен жауап жазады.
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Өнер – білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып – жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны,
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды.
Мал істейтін жұмысты.
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі – дағы анықтай.

Мұғалімнің аты-жөні: С. Е. Толеушова
Ыбырай Алтынсарин Өнер – білім бар жұрттар жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/