XVI ғасырдың басы XVII ғасырларда қазақтардың ойраттарға қарсы соғыстары, Жоңғар хандығының құрылуы жəне XVII ғасырлардағы қазақ-ж

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




XVI ғасырдың басы XVII ғасырларда қазақтардың ойраттарға қарсы соғыстары, Жоңғар хандығының құрылуы жəне XVII ғасырлардағы қазақ-ж

Автор: Жангирова Улбике Изтелеуовна

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 11 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-14


Материал туралы қысқаша түсінік

А. Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне қандай себеп болғандығын айта алады.
В. Осы параграфта көрсетілген тарихи-географиялық орындарды, шайқас болған жерлерді картадан табады. Осы тақырып бойынша хронологиялық кесте құра алады.
С. Қарақұмда өткен құрылтайдың, Бұланты, Аңырақай шайқастарының маңызын айтады, сонымен қатар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасынан қандай тарихи сабақ алуға болатындығын дәлелдейді.

Қазақстан тарихы 11 сынып,авторлары: Т.Тұрлығұл, С.Жолдасбаев, Л.Қожакеева, Г.Жусанбаева, электрондық оқулық, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фломастер, электронды оқулық, карта, тірек- сызба, бағалау парағы, рефлексия парағы, хронологиялық кесте.




ЖОББ Шипов мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жангирова Улбике ИзтелеуовнаҚысқа мерзімдік жоспар

Күні
Сыныбы 11
Сабақтың тақырыбы XVI ғасырдың басы XVII ғасырларда қазақтардың ойраттарға қарсы соғыстары, Жоңғар хандығының құрылуы жəне XVII ғасырлардағы қазақ-жоңғар қатынастары, жоңғарлардың қазақ жерiне басып кiруi.
Мақсаты ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығы туралы және Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне қандай себеп болғандығын біледі.
Күтілетін нәтижелер А. Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне қандай себеп болғандығын айта алады.В. Осы параграфта көрсетілген тарихи-географиялық орындарды, шайқас болған жерлерді картадан табады. Осы тақырып бойынша хронологиялық кесте құра алады. С. Қарақұмда өткен құрылтайдың, Бұланты, Аңырақай шайқастарының маңызын айтады, сонымен қатар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасынан қандай тарихи сабақ алуға болатындығын дәлелдейді.
Керекті жабдықтар Қазақстан тарихы 11 сынып,авторлары: Т.Тұрлығұл, С.Жолдасбаев, Л.Қожакеева, Г.Жусанбаева, электрондық оқулық, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фломастер, электронды оқулық, карта, тірек- сызба, бағалау парағы, рефлексия парағы, хронологиялық кесте.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті  Оқушы әрекеті
Кіріспе Сәлематсыздар ма балалар. «Сәлем – сөздің анасы» деп халқымыз осыған сүйеніп айтқан. Сәлем беру дегеніміз – адамдар жүрегіне бастайтын жол. Ендеше барлығымыз бір бірімізбен амандасайық. Оқушылар шеңберге тұрып, қиынды қағаз суырады. Қазақ халқына тән амандасу тәсілдері бойынша амандасады. Төс қағыстыру, маңдайынан иіскеу, көрісу.
Тұсаукесер Жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі оқиғалар арқылы шағын топтарға бөлу. І топ «Қарақұмдағы құрылтай». ІІ топ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». ІІІ топ «Бұланты шайқасы» ІҮ топ «Аңырақай шайқасы». Топқа бөлу арқылы, ой қозғау сұрақтары арқылы жаңа тақырыпты ашу.  Оқушылар шағын топтардың аты бойынша жаңа тақырыптың Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Қазақстан екендігін айтады.
Негізгі бөлім Төрт шағын топтарға тапсырмалар беремін. І топтың тапсырмасы: Қарақұмдағы құрылтайдың не себепті өткендігін анықтау және құрылтайда қаралған мәселелердің шешімін айту.ІІ топтың тапсырмасы: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасының зардаптары туралы айту.ІІІ топтың тапсырмасы: Бұланты бойындағы шайқастың маңызын айту.ІҮ топтың тапсырмасы:Аңырақай шайқасының маңыздылығын айту.Тапсырма орындалған соң «екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалатамын.

Қосымша тапсырма:Қазақтардың жоңғар шапқыншылығын жеңуінің оқулықта айтылғандардан басқа маңызды қырларын айтқызу.

Шағын топтар берілген тапсырма бойынша оқулықтан және 8 сыныптың оқулығынан және интернеттен мәліметтерді толықтырып жинап өз ойларын дәлелдейді. Шағын топтар бір бірінің жұмысын «екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен бағалайды.

Оқушылар берілген мәліметтер арқылы өз ойларын айтады.

Шағын топтар бір бірін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.

Қорытынды «Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Сабақтың басында берілген табыс критерийлерімен оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру.Оқушы бағалауын тыңдап, өзім қорытындылап бағалаймынОқушы бағалауын тыңдап, өзім қорытындылап бағалаймын.Үй тапсырмасы: Қазақстанның Жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі маңызды оқиғалардың хронологиясын жазу.Сабақ соңындағы рефлексия: стикерлерге жазу

Бір оқушы орындыққа отырып басқа оқушылар сұрақтар қояды, орындықтағы оқушы жауап береді, сабақта өткен материалды қайталап, бекітеді.Әр оқушы табыс критерийлеріне қаншалықты жеткенін талдап, өзін-өзі бағалайды.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақтан алған әсерлері жайында оқушылар стикерлер арқылы көрсетеді

Табыс критерийлері

Тапсырма Өте жақсы Жақсы Орташа
1 Қазақ және Жоғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісу себептерін айта аламын.
2 Бұланты, Аңырақай шайқастарының маңызын білемін.
3 «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасының зардаптарын білемін.
4 Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлін дәлелдеп айта аламын.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.