XIX ғасырдың екінші жартысындағы аграрлық қатынастар туралы қазақша

0

Қазақстан аграрлы ел күйінде қала берді. Дегенмен ауылда үлкен өзгерістер болып жатты. Мал өсіріліп, егін салынатын аудандар мен оазистерде ұсақ ауылдар орташа, кедей шаруашылықтар мен отырықшы шаруашылықтардан (жатақтардан) құрылды. Малы көптер үлкен шаруашылық ауылдардың ұйытқысы болды, ал батырақтар мен жартылай тәуелді шаруалардың, әсіресе жазғы көшіп-қону кезінде осы малы көптердің төңірегіне шоғырланып жайғасты, солардың малын бақты. Кедейлер қалт-қүлт етіл күнін әрең көріп отырды. Олар қыста паналайтын үйлерін бірлесіп салды, малдарын қосып жайды, бірақ шөп шабатын және егін егетін жерлері ортақ емес еді.

XIX ғасырдың соңғы ширегінде қазақ халқының көбінде тұрғын үй, қора-қопсы бар тұрақты қыстаулары болды. Баспанасы жоқ кедей отбасылар көршілерінің, ағайындарының үйлерінде, ал батырақтар байлардың үйлерінде, шаруасы мен үйдегі жұмыстарын атқарып жүріп қыстап шығатын.

Мал — қазақтардың басты кәсібі әрі тұрмыс-тіршіліктің көзі болып қала берді. Халықтың мал шаруашылығын жүргізуде ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі бар еді, жергілікті табиғи-климаттық жағдайларды жақсы білетін. Малдың көшпілігі тебіндеп жайылатын, тек төлдер, ауру және сауын малдар қолда ұсталып, жемделетін.

Ауылда мүлік теңсіздігінің ұлғаю процесі жүріп жатты, еңбекшілер патша үкіметінің және «өздерінің» қанаушылары тарапынан екі жақты ауыр езгі көрді. Болыс басқарушылары, ауыл старшындары мен билер әр алуан сылтаулармен халықты сүліктей сорды.

Ауылда жер мәселесіне байланысты таптық қайшылықтар шиеленісе түсті. Кедей шаруалардың жерлерін малы көптердің басып алуы жиі болып тұрды. Жердің жетіспеушілігі, әсіресе Бөкей хандығында көбірек аңғарылды, әскери губернатор атына шағымдар көптеп түсе берді. Кедейлер патша өкіметінің кеңселері мен орталық органдардан жерлерін қайтарып беруді батыл талап етті. Алайда кедейлердің жерлерін жергілікті әкімшілік орындарының тікелей қолдауымен феодал-байлардың жоғары топтары пайдаланып кете берді.

Жер үшін күрес қазақ даласының барлық түпкірінде жүріп жатты, ол екінің бірінде барымта (малды айдап әкету), сойылға жығып мүгедек ету, кісі өліміне дейін баратын қақтығыстарға ұласып, болыстық және ояздық төтенше сьездерде қүн төлеумен және зардап шеккендердің шығындарын өтеумен аяқталатын еді.

XIX ғасырдың екінші жартысында егіншілік одан әрі дамыды, оның маңызды орталығы бұрынғысынша Сырдария аймағы болып қала берді. Басқа бір ірі егіншілік аудан -Жетісу, Талас, Іле өзендерінің алқабы. XIX ғасырдың орта шенінде егіншілік негізінен суармалы болды, ал тәлімі жерлерге егін салудың басталуы орыс шаруаларының қоныс аударып келуіне байланысты, негізінен казак шептеріне тікелей жапсарлас жатқан аудандарда орын алды.

Жартылай көшпелі өмір салтынан отырықшы өмірге көшушілердің саны үнемі көбейе берді. Алғашқы жылдарда жатақтар егіншілікті мал шаруашылығымен ұштастырып жүргізетін, одан соң егіншілікке көбірек көңіл бөлетін еді, ал мал шаруашылығы диханшылыққа қарағанда қосалқы кәсіп ретінде жүргізілді.

XIX ғасырдың 90-жылдарында жердің Қоныстандыру қорына тартып алынуы отырықшылыққа көшуді тездете түсті. Қазақтардың егіншілікке көшуі қазақ шаруашылығы дамуының ішкі процесі еді. Алайда егіншілік шаруашылығының дамуында айтарлықтай жаңалық болмады, өйткені егіншілік құралдары жетілдірілмегендіктен құрғақшылық аудандарында егіс алқабын суландыру жөніндегі жұмыстың еңбекті тым көп қажет етуі егінші қазақтардың жағдайын адам төзгісіз ауырлатты.

Жердің малы көп байлардың қолына шоғырлану процесі, әсіресе XIX ғасырдың соңғы ширегінде күшейе түсті, Қауымдық жерлердің феодал-байлардың қолында шоғырлануы едәуір күшейді, ал патша өкіметінің отырықшылық-аграрлық саясатын тереңдете түсуі салдарынан мал шаруашылығынан қол үзген қазақ шаруалары жерден жаппай айырылып, күйзеліске ұшырады.

Күйзелген кедейлердің едәуір бөлігі орыс кулактарына, казактарға және ауқатты шаруаларға жалданып жұмыс істеді, қазақтың жалдама жұмысшыларына ауыл шаруашылығы жұмыстарындағы орыстарға қарағанда ақы әлдеқайда аз төленді.

XIX ғасырдың соңғы ширегінде Қазақстанның село халқының құрамында өзгеріс пайда болды — 70-90 — жылдары Қытайдан Түркістанға ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударып әкелінді, бұл іс екі кезеңде жүргізілді: біріншісі 1877 жылы Тоқмақ ауданына (солтүстік Қырғыстан) Шеньси дүнгендерінің бір тобы келді, ал екінші кезеңде — 1881-1883 жылдары Санкт-Петербург шартына сәйкес Жетісуға, Іле өлкесіне ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі көпшілігі қоныс аударды. 1884 жылдың басына қарай мұнда 45,3 мың ұйғыр және 4682 дүнген болды, олар Верный оязында Шелек пен Талғар өзендерінің аралығына орналасып, жаңадан 6 болысты құрады, солардың келуіне байланысты, Жетісудың отырықшы халқының саны екі есе көбейді.

Село және қаладағы ұйғырлар мен дүнгендер өздерінің әкімшілігі, мешіті және оны басқаратын дін басы бар қауымдарға бөлінді. Қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер әрбір еркек адам есебінен 10 десятинадан жер алды. Ауқатты дүнгендер мен ұйғырлар шаруашылықтарын рынок талаптарына бейімдеп, негізінен алғанда техникалық дақылдар екті. Олардың шаруашылығында жалдама еңбек қолданылды, сөйтіп шаруаларды қанауда патриархалдық-феодалдық және капиталистік формалар бір-бірімен ұштасып жатты.

Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға егіншіліктің қолдан суландырылатын әлдеқашан қалыптасқан дәстүрлерін ала келді. Мал шаруашылығы мен басқа да кәсіпшіліктердің екінші дәрежелі маңызы болды. Ұйғырлар кірістің 49,1 пайызын — мал шаруашылығынан, 9,3 пайызын кездейсоқ түсімдерден келтірді, дүнгендерде бұл тиісінше — 80,8; 5,9; 9,8 және 3,5 пайыз болды.

Бұрынғы тұрақтарында ұйғырлар мен дүнгендер шаруашылығында ағаш саймандар мен басқа да добал құрал-саймандар қолданылып келсе, енді олар темір соқаларды, тырмаларды, сепкіштерді т.б. пайдаланып, жаңа ауыл ауыл шаруашылық дақылдарын: сұлы, темекі, картоп, қызанақ (помидор) және басқаларын егуді үйренді. Байырғы халықтар — қазақтар мен қырғыздардың ықпалымен дүнгендер мал шаруашылығымен де айналыса бастады. Ұйғырлар мен дүнгендердің тарихи тағдырлары Ресейдің бір бөлігі ретінде Қазақ өлкесі халықтарьшьщ тағдырымен тығыз астасьш кетті.

Пайдаланылған әдебиеттер: Рысбай К., Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 2005. – 368 б.

#XIX #ғасырдың #екінші #жартысындағы #аграрлық #қатынастар