Windows жүйесінде терезелермен жұмыс істеу ережелері, операциялық жүйе

0
Сабақтың тақырыбы: Windows жүйесінде терезелермен жұмыс істеу ережелері және диалогтік терезе
Сабақтың мақсаты: Білімін, кәсіптік мамандығын, жаңа деңгейге көтеруге жағдай жасау. Студенттердің компьютерде жылдам жұмыс жасау технологияларын арттыру.
1. Білімділік: Операциялық жүйе бағдарламасы бойынша студенттердің білімдерін шыңдап, электрондық кестемен жұмыс жасау барысында олардың толық түсінуіне және алған білімдерін тапсырмаларды орындау барысында пайдалана білуімен дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
2. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, эстетикалық талғамын тәрбиелеу;
3. Сабақтың түрі: БИС технологиясы көмегімен;
4. Сабақтың әдісі: Бағалау тестінің қолданылуы;
5. Пән аралық байланыс: Арнайы пән мамандықтары бойынша;
6. Сабаққа керекті құрал жабдықтар: Компьютерлер, плакат, интерактивті тақта;

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды журнал бойынша тексеріп, келмеген оқушыларды белгілеп, оқу құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Пернетақтада орыс әрпінен ағылшын әріпіне қалай ауысуға болады?
2. Тапсырмалар тақтасы қайда орналасады?
3. Жұмыс үстеліндегі Мой компьютер және корзина элементтерінің атқарар міндеттері қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ
Жолдауға тоқталып өту.
Windows — та белсенді жұмыс істеу үшін терезелермен жұмыс істеуді үйрену қажет. Мысалы, Мой компьютер терезесін ашу үшін маустың сол жақ батырмасымен соның белгісінің үстінен екі рет шерту керек.
Осы терезенің үлгісінде Windows — та терезелермене жұмыс істеудің негізгі ережелерін қарастырайық.
Терезенің жоғарғы бөлігінде Мой компьютер жазуы бар тақырып жолы орналасқан. Мауыстың меңзерін сол жолдың үстіне қойып, сол жақ батырмасын басып ұстап тұрып қозғаса, терезе экран бетінде қажетті бағытта қозғалады.
Жолдың үстінде жинау, жаю және жабу батырмалары орналасқан. Маустың сол жақ батырмасымен жинау батырмасын шертсе терезе жабылып, экранның төменгі бөлігіндегі тапсырмалар тақтасында осы терезенің атауы бар көлденең тік төртбұрыш пайда болады. Осы төртбұрыштың үстінен шертсе, ол Жұмыс үстеліндегі бастапқы қалпына оралады.
Егер де жаю батырмасын шертсе, терезе бүкіл экранның бетіне жайылып, батырманың түрі өзгереді. Өзгерген батырманың үстінен шертсе, терезе бастапқы қалпына келеді.
Жабу батырмасын шертсе, терезе жабылады.
Терезе ауданын қолмен өзгертудің мүмкіндіктері де бар. Ол үшін терезенің ең шетіне тұрып, маустың сол жақ батырмасын баса ұстап, өзімізге керек бағытта жылжыту керек және керекті орынға жеткенде батырманы жіберу керек.
Тақырып жолының астында меню жолы орналасады. Айтар болсақ, әрбір терезеде бұл бөлімдер әр түрлі болуы мүмкін. Мой компьютер терезесінде төмендегідей бөлімдер бар:
Файл Правка Вид Избранное Справка

Жоғарыдағы бөлімдердің қайсыбірін таңдап, үстіне маустың меңзерін әкелген сәтте ішкі бөлімшелері шығады. Көп жағдайда, меңзермен аталған бөлімшелерді үстінен шертіп таңдағанда, белгілі бір әрекеттер орындалады немесе диалогтік терезе пайда болады.
Вид тармағын қарастырайық. Онда бірқатар бөлімшелер бар олардың атқарар қызметі:
Құралдар панелі осы терезеде тиісті бір құралдар панелінің – неғұрлым жиі қолданатын операциялар белгісі бар көлденең жолақ болуын қамтамасыз етеді.
Қалып жолы – терезенің төменгі бөлігіндегі жол. Онда мысалы, осы терезеде таңдаған файлдар, олардың парақтары жайлы мағлұматтар береді.
Как Веб — страница бөлімі, терезе Интернеттің бет парағы түрінде көрсетілуіне мүмкіндік береді.
Келесі 4 тармақ тек қана баламалы негізде көрсетіле алады. Бірінің қосылуы автоматты түрде екіншісін жабады.
Меню жолының астында сол аталған Панель инструментов орналасқан. Назар аударар болсақ, осы панельдің Вид бөлімшесінде менюдің келесі бөлімдері бар: Вид – крупные значки, Вид – мелкие значки, Вид – список және Вид – таблица.
Мой компьютер терезінде әдетте 4 белгіше болады.
Олар:
• [A:]
• [C:]
• Панель управления
• Принтеры
Аталған белгішілерді қосу, әдетте маусты екі рет шертумен атқарылады. Тағы бір еске салар нәрсе, терезеде әдетте айналдыру батырмалары бар.
Панель инструментов белгішесінде мынадай тағы бір маңызды батырма бар. Ол жоғарыға бір деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді.
Карточкамен шығармашылық жұмыс
Қосымша тапсырма: Біздер студенттер, Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың Халыққа Жолдауынан 2050 жылғы стратегия бойынша кестені автоматты түрде толтыруда қанша жасқа келетінімізді жол бойымен толтырып анықтау.
Басқа да жолдармен жасы қаншаға келетіндерін, яғни формуламен шығарып үйренеді.

ОҚО, Түркістан қаласы,
№21 колледжінің оқу өндіріс шебері
Темирбаева Айгуль Мейрамбековна
Windows жүйесінде терезелермен жұмыс істеу ережелері және диалогтік терезе жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/