Вирусты гепатит | Скачать Материал

0


«ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»

Реферат

Дайындаған: Ізбасар Барысбек
Қайреден Қуаныш
Группа: СТ-17-007-02
Қабылдаған: Амиреев Сакен

«Вирусты гепатит» денсаулық мектебі

Вирустық гепатиттер — кең тараған және адамға қауіпті жұқпалы аурулар тобы, олардың бір бірінен айырмашылығы әжептәуір, әртүрлі вирустармен қозады, бірақ бәріне ортақ белгі — бірінші кезекте адамның бауырын залалдайды және оны қабындырады.
Сондықтан әр түрлі гепатиттер көбінше сары ауру (аурулардың көбіне ортақ кең тараған белгісі) деп аталады. Сары аурудың эпидемияларын біздің дәуірден бұрын Vғасырда Гиппократ сипаттаған, ал гепатиттің қоздырушысы тек өткен ғасырдың ортасында ғана ашылды. Гепатит деген ұғым қазіргі медицинада тек қана дербес ауруларды ғана белгілемейді, ол бүкіл ағзаға жалпылама тиетін патологиялық процесстің компоненттерінің бірі. Гепатит, яғни бауырдың қабынуы сары ауру қызбасының,қызамықтың, ұшықтың, ЖҚТБ және кейбір басқа аурулардың белгісі болуы мүмкін. Сонымен қатар, уланудан болған гепатит бар, мысалы, ішімдіктің салдарынан бауырдың зақымдануы.
Вирустық гепатиттер бір бірінен этиологиясы мен аурудың дамуына байланысты өзгеше болады, алайда олардың кейбір белгілері бір біріне ұқсас.
Вирустық гепатиттің классификациясын оның көптеген белгілері бойынша жіктеуге болады:
* этиологиясы бойынша гепатит А, B, C, E, Д, G болып бөлінеді;
* аурудың дамуының ұзақтығына байланысты жедел, жай өрбитін және созылмалы;
* гепатиттің аурулығына байланысты ауыр, орташа аурулықтағы және жеңіл түрі болады;
* зақымданудың орнығуы бойынша гепатиттер ошақты, мезенхималдық паренхиматоздық гепатит болып бөлінеді. Вирустық гепатиттердің әр түріне толығырақ тоқталайық.
А гепатиті
А гепатиті, немесе Боткин ауруы — ол вирустық гепатиттің ең кең тараған түрі. Аурудың жасырын кезеңі (залалдағаннан бастап, гепатитің бірінші белгілері байқалғанға дейін) 7 күннен бастап 50 күнге дейін созылады.
Ауру әдетте жоғары дене қызуынан басталады және кейбір белгілерімен тұмауға ұқсайды.2-4күн өткеннен кейін аурудың зәрі қоңырланып, сыраның немесе қою шәйдің түріндей болады, ал үлкен дәреті ағарады. Содан кейін сарғаю пайда болады, оның пайда болуымен аурудың жағдайы жақсарады. Аурудың ұзақтығы бір жұмадан 1,5-2айға дейін, ал аурудан кейін қалыпқа келу уақыты жарты жылға дейін созылуы мүмкін.
А гепатитінің диагнозы аурудың аурудың белгілері, науқастан мәліметтер жинау (гепатит А мен ауырған адамдармен қатынасы болғандығы) және басқа да анықтаулар арқылы қойылады.
Вирустық гепатиттердің ішінде А гепатиті болжам бойынша жайлы болып саналады, аурудың салдары ауыр болмайды, көбінесе ауру өздігінен емдеусіз ақ аяқталады. Қажет болса А гепатитінің емі ауруханада ойдағыдай жүргізіледі. А гепатитімен ауырған кезде төсек тартып жату ұсынылады, арнаулы емдәм және гепатопротекторлар — бауырды қорғайтын дәрілер тағайындалады.
А гепатитінің өзіндік таралу жолдары — тұрмыстағы адамдар арасындағы қарым қатынас және вирустармен залалданған тамақ пен суды қолдану арқылы таралады. Сонымен бірге кір қол арқылы берілетіндіктен, А гипатитімен көбінесе балалар ауырады. А гепатитінің алдын алудағы
Негізгі шара гигиеналық ережені сақтау.Сонымен қатар, балаларға вакцинация жасау ұсынылған.

В гепатиті
В гепатиті немесе қан арқылы берілетін гепатит өте қауіпті ауру, бауырды қатты залалдауымен сиппатталады. В гепатиті қан, жыныстық қатынас арқылы және ауру анадан іштегі балаға жұғады. Әдеттегі жағдайда В гепатиті Боткин ауруы сияқты дене қызуының көтерілуінен, әлсіздіктен, буындардың ауруынан, жүректің айнуы және құсудан басталады. Мынадай белгілердің болуы мүмкін: зәр түсінің қоңыраулануы және үлкен дәреттің ағаруы. Денеге бөртпе шығуы мүмкін, бауыр мен … жалғасы