Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері жайлы слайд,презентация

0

Вирустардың генетикалық  аппаратының ерекшеліктері жайлы слайд,презентация

 

 

 

Құрылымдық жағынан клетка деп есептелмесе де вирустар арқылы организмнің тұқым қууы жөніндегі мәліметтердің сансыз түрі алынды, сондықтан клетка жөніндегі мәселе қаралғанда олардың атқаратын ролі өте зор. Вирустар пішіні, көлемі және күрделілігі жағынан әр түрлі. Оларды жұқтыратын немесе денесіне ендіретін клетка иелерінің шеңбері де тым кең, дегенмен, әрбір вируске тән қасиет – иесін таңдау.Құрамына ДНҚ кіретін вирустардың генетикалық материалы ретінде ұзынша немесе сақиналы, бір немесе қос тізбекті ДНҚ қызмет етеді. Вирустың барлық белоктары жөніндегі ақпарат ДНҚ – да кодталған. Оларды, ДНҚ – сы бір немесе қос тізбекті және клетка иесі про немесе эукариотты болуына байланысты топтастырады. Құрамында РНҚ болатын вирустарда ДНҚ жоқ; бұлардың генетикалық ақпараты РНҚ – да сақталады. РНҚ бір немесе қос тізбекті, ал клетка иесі про немесе эукариотты болуы мүмкін.

 

  

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!