Виннер және Кибернетика слайд,презентация

0

Виннер және Кибернетика слайд,презентация

 

Кибернетика

 

 Американдық математик. Тізгіндеу теориясын жасаушы адам. 12-жасында институтке түсіп, 15жасында математикадан Бакалавр атағын алған. Кейіннен Гарвард университетіне бір жыл хайуанаттарды зерттеумен айналысады, бірақ өзінің бұл салаға көп қазықпайтындықтан,ендігі зерттеу бағытын философияға арнайды. 1913 жылы математикалық логикадан жазған диссертациясымен доктор болады. 1913 жылы жазда Англияға Кембридж университетінде Расселдің жетекшілігімен зерттеумен айналысады
Винер Норберт
Винер Норберт(1894-1964) — американ ғалымы.1945-1947 жылдары ғалым басқару және бақылау ақпараттарын сақтау әрі өндеу жұмыстарымен шұғылданатын ортақ ғылыми жасау қажеттілігі жайлы идеяғға келген.Норберт Винер бұл ғылым үшін кибернетика деген атауды ұсынған
  Кибернетика (грек тілінен аударғанда басқару шеберлігі) – бұл күрделі жүйелерді кері байланыспен басқару туралы ғылым. Ол математика, техника және нейрофизиологиямен туындады және кері байланыс механизмі бар тірі, сонымен қатар өлі жүйелердің толық класын қызықтырды. 
  «Кибернетика» терминін ежелгі гректерден кейін 1834 жылы француз ғалымы А.Ампер қолданып, ол ғылымдарды топтарға бөліп жіктеу кезінде қоғамды басқару ісін осылай атады. Мұнан кейін бұл терминді америкалық ғалым Н.Винер қолданды. Ол өзінің 1948 жылы шыққан еңбегін осылай атады. Осы жыл кибернетика ғылымының дүниеге келген жылы болып саналады. Винер кибернетиканы «жануарлар мен машиналардағы байланыс және оны басқару жайлы ғылым» деп тұжырымдады.
     Кибернетика – Басқару  жүйелеріндегі ақпаратты алу, сақтау және өңдеу ісінің жалпы заңдылықтары жайлы ғылым. Кибернетикадағы зерттелетін негізгі нысандар – кибернетикалық жүйелер дерексіз (абстракт) түрде, яғни олардың табиғаты физика мазмұнына байланыссыз зерттеледі. Мұндағы басқару жүйелері ұғымына техника қана емес, кез келген биологиялық, әкімшілік және әлеуметтік жүйелер де жатқызылады.Кибернетикалық жүйе ақпаратты қабылдау, өңдеу, түрлендіру, сақтау және алмастыру қабілеті бар бір-бірімен байланысты нысандардан – жүйе элементтерінен тұрады. Кибернетикалық жүйелерге әр түрлі автоматты техника реттеуіштер, электрондық есептеу машинасы (компьютер), тірі организмдердің жүйке жүйелері, адамның миы, адамзат қоғамы, т.б. мысал бола алады. Кибернетика ғылым ретінде техникадағы кері байланыс ашылған уақыттан қалыптасты. Адамның ойлау қабілеті де кері байланыс принципіне негізделгендіктен, осы ұқсастық кейбір биологиялық процестердің электроника терминдері арқылы сипатталуына себеп болды.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!