VIII А топша элементтері

0

1 бет

Тақырып: VIII А топша элементтері
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі

2 бет

Гелий (лат.: Helium) —, Не – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы химиялық элемент. Гелийді 1868 ж. француз астрономы Ж.Жансен мен ағылшын астрономы Дж. Н. Локьер күн сәулесінің спектрінен тапқан, 1895 ж. ағылшын химигі У.Рамзай радиоактивтік клевеит минералынан бөліп алған. Қалыпты жағдайда Гелий – бір атомды түссіз, иіссіз, инертті газ. Сұйық Гелий кванттық сұйықтықтарға жатады, себебі оның атомдары макроскопиялық көлемде кванттық қасиет көрсетеді. Не – аса аққыш сұйықтық, өте жіңішке түтікшелерден ешқандай үйкеліссіз ағып өтеді. Оның мұндай қасиетін 1938 ж. П.Л. Капица ашқан.

3 бет

4 бет

5 бет

Неон (лат. Neonum), Ne – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы химиялық элемент, ат. н. 10, ат. м. 20,179; инертті газдарға жатады. Жерде негізінен атмосфераның құрамында кездеседі, 1 м3 ауада 16 см3 Н. болады. Атмосф. Неон тұрақты үш изотоптан: 20Ne (90, 92%), 21Ne (0,257%), 22Ne (8,82%) тұрады. Неон қалыпты жағдайда түссіз, иіссіз газ. 0 С-та тығызд. 0,900 г/л, балқу t –248,6 С, қайнау t –245,9 С. Суда ерігіштігі 10,4 мл/л. Қатты Неонның кристалдық торы кубты. Неонның молекуласы бір атомды; атомының сыртқы электрон қабатында 8 электроны бар және олар өте тұрақты. Неонның химиялық қосылыстары синтезделінбеген. Ауаны ыдырату кезінде алынады. Неон негізінен электртех. өнеркәсіпте қолданылады. Неонмен толтырылған қызыл түс беретін шамдар порттарда, әуежайларда, т.б. пайдаланылады. Сұйық Неон төмен темп-ра алу үшін қолданылады.

6 бет

Неонды ағылшын ғалымдары У.Рамзай (1852 – 1916) мен М.Траверс сұйық ауаның ұшқыш фракциясын зерттеу кезінде ашқан (1898).

7 бет

Атауы, номері Неон / Neon (Ne), 10 Топ типі Инертті газдар Атомдық масса
(молярлық масса) 20,1797(6) м.а.б. (г/моль) Электрондық конфигурация [He] 2s2 2p6 Қабықшалар бойынша электрондар
2 Атом радиусы (38)[2] пм

8 бет

Аргон (латынша Argon), Ar — Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 3-ші периодының VІІІ тобына жататын элемент, реттік саны 18, атомдық массасы 39,948. Инертті газдарға жатады. Аргонның Жер атмосферасындағы үлесі 0,93%-ды құрайды. Оны 1894 жылы Дэвид Рэлей және Уильям Рамзай ашқан.Аргон — түссіз және иіссіз бір атомды, химиялық жағынан инертті газ. Аргон басқа атомдармен химиялық емес, ван-дер-ваальс күштері арқылы байланысқан бірнеше қосынды алынған.Аргон инертті ортаны қажет ететін металлургиялық және химиялық процестерде, жарық техникасында (флуоресцентті лампыларда, қызу лампыларында, разряд түтікшелерінде, аргонды түтікшелер көкшіл түске боялады), электроникада, ядролық техникада (ионизациялық санағыштар, камералар) қолданылады.

9 бет

Криптон(Krypton), Kr – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент; инертті газ, ат. н. 36, ат. м. 83,3. Тұрақты 6 изотопы (78 – 86), жасанды жолмен алынған 18 радиоактивті изотопы бар.
Криптонды 1898 ж. ағылш. химиктері У.Рамзай мен М.Траверс сұйық ауаны буландырғаннан қалған бөлігінен тапқан. Криптон түссіз, иіссіз газ, балқу t –157,1 C, қайнау t –153,2 C. Молекуласы бір атомнан тұрады. Криптон табиғатта атмосферада (салмақ бойынша 0,0003%) кездеседі. Сыртқы электрондық қабатының 8 электроны тұрақты болғандықтан химмиялық реакцияға өте баяу түседі. Молекулааралық күштер әсерінен қосылыстар түзеді. Криптон газ ажыратқыш түтіктерде, лазерлерде, криптонды шамдарда, т.б. қолданылады.

10 бет

Ксенон (Xenonum), Xe – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, инертті газ. Ксенонді 1898 ж. ағылшын химиктері У.Рамзай мен М.Траверс алғаш рет криптонды зерттеу кезінде ашқан, сондықтан оны Ксенон (грек. xenos – бөтен) деп атаған. Тұрақты 9 изотопы бар, радиоактивті изотоптары жасанды жолмен алынған. Сыртқы 8 электрондық қабаты тұрақты болғандықтан реакцияға тек ерекше жағдайларда түседі. Молекулааралық күштер әсерінен ғана қосылыстар түзеді. Көп зерттелгені – фторлы қосылыстары: XeF2, XeF4 сұйық ауаны ректификациялау арқылы алынады. Техникада электр вакуумдарда және медицинада әр түрлі зерттеу жұмыстарында қолданылады. Ксенонның фторидын әр түрлі процестер мен аппараттарда, ракеталық техникада тотықтырғыш ретінде, ал оксидтерін қопарғыш зат ретінде пайдаланады.

11 бет

Радон (Radonum), Rn — элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы радиоактивті химиялық элемент, ат. н. 86, ат. м. 222,01; инертті газдар тобына жатады. Ең тұрақты изотопы 222Rn (Т1/2= 3,823 тәулік). Радон табиғатта сирек кездеседі. Қалыпты жағдайда түссіз, иіссіз, дәмсіз газ; тығыздығы 9,9 г/л (0С-та), балқу t –71С, қайнау t –61,8C; фтормен әрекеттесіп, фторид (RnF2) түзеді. 500С-та Радонды сутекпен тотықсыздандырады. Толуолда, фенолда, суда ерігенде, клатраттар түзеді. Радон радий тұздарынан алынады. Ол өте улы, ыдырау кезінде организмнен қиын шығарылатын, ұшпайтын радиоактивті өнімдер (Po, Bі, Pb изотоптары) түзеді. Медицинада (радонды ванна, т.б.), техникада, биологияда, табиғатта радиоактивті элементтерді анықтауда қолданылады.

12 бет

Радонды алғаш американдық физик Р.Оуэнс торийдің ыдырауы кезінде байқаған (1899).

Атауы, номері Радо́н / Radon (Rn), 86 Топ типі Инертті газдар Атомдық масса
(молярлық масса) 222,0176 м. а. б. (г/моль) Электрондық конфигурация [Xe] 4f14 5d10 6s2 6p6 Атом радиусы 214 пм

13 бет

Назарларыңызға рахмет

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз