VIII А топша элементтері
Тақырып: VIII А топша элементтері
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі
Неон (лат. Neonum), Ne – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы химиялық элемент, ат. н. 10, ат. м. 20,179; инертті газдарға жатады. Жерде негізінен атмосфераның құрамында кездеседі, 1 м3 ауада 16 см3 Н. болады. Атмосф. Неон тұрақты үш изотоптан: 20Ne (90, 92%), 21Ne (0,257%), 22Ne (8,82%) тұрады. Неон қалыпты жағдайда түссіз, иіссіз газ. 0 С-та тығызд. 0,900 г/л, балқу t –248,6 С, қайнау t –245,9 С. Суда ерігіштігі 10,4 мл/л. Қатты Неонның кристалдық торы кубты. Неонның молекуласы бір атомды; атомының сыртқы электрон қабатында 8 электроны бар және олар өте тұрақты. Неонның химиялық қосылыстары синтезделінбеген. Ауаны ыдырату кезінде алынады. Неон негізінен электртех. өнеркәсіпте қолданылады. Неонмен толтырылған қызыл түс беретін шамдар порттарда, әуежайларда, т.б. пайдаланылады. Сұйық Неон төмен темп-ра алу үшін қолданылады.
Атауы, номері Неон / Neon (Ne), 10 Топ типі Инертті газдар Атомдық масса
(молярлық масса) 20,1797(6) м.а.б. (г/моль) Электрондық конфигурация [He] 2s2 2p6 Қабықшалар бойынша электрондар
2 Атом радиусы (38)[2] пм
Криптон(Krypton), Kr – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент; инертті газ, ат. н. 36, ат. м. 83,3. Тұрақты 6 изотопы (78 – 86), жасанды жолмен алынған 18 радиоактивті изотопы бар.
Криптонды 1898 ж. ағылш. химиктері У.Рамзай мен М.Траверс сұйық ауаны буландырғаннан қалған бөлігінен тапқан. Криптон түссіз, иіссіз газ, балқу t –157,1 C, қайнау t –153,2 C. Молекуласы бір атомнан тұрады. Криптон табиғатта атмосферада (салмақ бойынша 0,0003%) кездеседі. Сыртқы электрондық қабатының 8 электроны тұрақты болғандықтан химмиялық реакцияға өте баяу түседі. Молекулааралық күштер әсерінен қосылыстар түзеді. Криптон газ ажыратқыш түтіктерде, лазерлерде, криптонды шамдарда, т.б. қолданылады.
Радон (Radonum), Rn — элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы радиоактивті химиялық элемент, ат. н. 86, ат. м. 222,01; инертті газдар тобына жатады. Ең тұрақты изотопы 222Rn (Т1/2= 3,823 тәулік). Радон табиғатта сирек кездеседі. Қалыпты жағдайда түссіз, иіссіз, дәмсіз газ; тығыздығы 9,9 г/л (0С-та), балқу t –71С, қайнау t –61,8C; фтормен әрекеттесіп, фторид (RnF2) түзеді. 500С-та Радонды сутекпен тотықсыздандырады. Толуолда, фенолда, суда ерігенде, клатраттар түзеді. Радон радий тұздарынан алынады. Ол өте улы, ыдырау кезінде организмнен қиын шығарылатын, ұшпайтын радиоактивті өнімдер (Po, Bі, Pb изотоптары) түзеді. Медицинада (радонды ванна, т.б.), техникада, биологияда, табиғатта радиоактивті элементтерді анықтауда қолданылады.
Назарларыңызға рахмет