VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
Алматы 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … 3
1 ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ
1.1. Түріктердің Ашина әулетінің жаулау жорықтары және Қазақстандағы
үстемдігі … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … …
1.2. Теле тайпалары Қазақстан жерінде
… … … … … … … … … … … … … .
1.3. Шығыс түркілердің жаулау жорықтарының Қазақстан аумағындағы этно-
саяси үдерістеріне
ықпалы … … … … … … … … … … … … … ..
2 ҚАЗАҚСТАНДЫ ТҮРІКТЕНДІРУ ҮРДІСТЕРІНЕ ШЫҒЫС ТҮРКІТЕРДІҢ ЫҚПАЛЫ
2.1. Қимақ, қыпшақ, оғыздар Қазақстан аумағында
… … … … … … … … .
2.2. Он оқ елінің этно-саяси
құрылымы … … … … … … … … … … … …
2.3. Түркеш, қарлық қағанаттарындағы, Қарахан хандығындағы
түркілер … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … … ..
3 ІХ-ХІІІ Ғ.Ғ. ТҮРКІ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНА КӨШІП-ҚОНУЛАРЫ
3.1. Моңғол үстіртіндегі тайпалардың Қазақстан аумағына ығысуы … .
3.2. Найман және Керей тайпаларының батысқа жылжуы … … … … …
3.3. Меркіт, Қоңырат, Жалайыр, Уақ тайпаларының орналасуы … … .
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … .
Пайдаланған деректер мен зертеулер
тізімі … … … … … … … . … … … .
Қосымша … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … …
КІРІСПЕ
Өзінің геополитикалық жағдайы жағынан Қазақстан Еуропа мен Азияның
ортасында славяндар мен түркі халықтардың, оған қоса оларды қытай әлемімен
қосып тұр. Еуразияның осынау кіндігінде ғұндардың, түркілердің, түркі-
моңғолдардың мемлекеттері өмір сүріп, қайталанбас дала өркениеті жасалынды.
Онда көшпелі және отырықшы халықтардың басы қосылды. Қазіргі қазақ халқы
осы өркениеттің тікелей мұрагері болып отыр.
Қазақстың қалыптасу тарихында түркі дәуірі маңызды орынға ие. Осы
кезең тарихын зерттей отырып, біршама кейінгі кезеңді талқылауға, әрі
оларға қатысты объективті тарихи көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік аламыз.
VI-XIII ғ.ғ. аралығында өмір сүрген түркі тайпалары (түркеш, оғыз, қимақ,
қарлұқ теле және т.б.) аутақтық орналасу тарихын зерттей отырып, біз сол
тайпалардың саяси, мәдени тарихын, олардың байланыстарының дамуына, сол
кездегі тарих үрдісінің қалай жүргеніне еркін көз сала аламыз. Біз көтеріп
отырған мәселе ұзаққа созылған соғыстар мен ішкі талас тартыстарға толы
тынышсыз дәуірдегі көші-қон мәселесі, тайпалардың өзара байланыстары,
олардың күшеюі және әлсіреуі сынды ауқымды мәселелерді қамтиды.
Тарихқа көз салатын болсақ, орта ғасырлардағы халықтар мен елдердің
даму деңгейі біркелкі болмағанын көреміз. Мәселен, бұл кезең Еуропа тарихы
үшін халықаралық байланыстардың үзілуімен, сауданың құлдырауымен, қоғамның
мәдени кеңістігінің тариылуымен ерекшеленеді [1]. Ал Отандық
тарихнамамызда бұл кезеңдегі даму басқаша сипат алады. Біртұтас түркі
қағанатының қол астына біріккен, ұлан-байтақ аумақты алып жатқан түркі
халықтары көрші мемлекеттермен тығыз саяси-экономикалық ғана емес, сонымен
қатар мәдени-этникалық дамудың да жаңа кезеңдері басталды. Ал ол өз
кезегінде халықтардың орналасуы, көшіп-қонуына әсерін тигізбей қойған жоқ.
Қоғамның дамуына соңғы жылдары орын алған өзгерістер нәтижесінде
тарихтың тек соғыстар мен әлеуметтік-экономикалық қатынастар мәселесін
зерттеу бағытына әділ сын айтыла басталды. Тәуелсіз Қазақстан
тарихнамасында Отандық тарихнамамыздың келелі мәселелерін зерттеу және
ортағасырлық тайпалардың орналасуы жөніндегі мәліметтер, карталар мен
сызбалар, деректі фильмдер, және т.б. кенже қалып отыр.
Осы орайда мәселеге тың зерттеулер жүргізіп, оның зерттелу
кезеңдерін, бағыттары мен қалыптасқан тұжырымдамалар мен көзқарастар
үдерісін көрсете отырып, бүгінде қазақтың құрамындағы түркі тайпалардың
байырғы қоныстарын зерттеп, күні бүгінге дейін жетіп отырған аумағын
анықтау арқылы келешек зерттеушілерге қандай мәселелерге назар аудару
керектігі жөнінде қорытындылар жасау өте өзекті мәселе болып табылады.
Жұмыстың зерттелу деңгейі.
Жалпы түркі дәуірінің зерттелу деңгейін бірнеше кезеңдерге бөліп
қарастыруға болады.
ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезіндегі жазылған шығармаларды жатқызуға
болады. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап орыстың әскери тарихшылары Шыңғыс хан
мен оның әскер басыларының жорықтарын зерттеп, жан-жақты талдай бастады.
М.И.Иванин, И.Бичурин, С.М.Соловьев, И.И.Карамзин сынды тарихшылар Шыңғыс
хан мен оның қолбасыларының жасаған жорықтарын әскери тұрғыдан талдап, өз
көзқарастарын білдірді. В.Вилямин-Зернов, В.В.Радлов, И.И.Крофин т.б.
тарихшылар да қалам тартты.
Кеңес үкіметі тұсындағы ғылыми зерттеулер жатады. Бұл кезде түркі
халықтары тарихына үлкен еңбек сіңірген көптеегн зерттеу кітаптарын
шығарған тарихшылар В.В.Бартольд, Л.Н.Гумилев т.б. көп болды. Түркі
тілдес халықтардың көне жєне ортағасырлық тарихын зерттеп зерделеуде де
шығыстанушы В.В. Бартольдтың алатын орны ерекше. Оның Түркістан монғол
шапқынышылығы дєуірінде атты бұл еңбегінде моңғол шапқыншылығы
қарсаңындағы Орталық Азиядағы түркі халықтарының саяси жағдайын баяндай
отырып, олардың этнологиясы туралы, єсіресе ислам дінінің жағдайы,
халықтардың тұрмыс-тіршілік ерекшеліктері туралы ортағасырлық дерек
мєліметтеріне сүйене отырып құнды мєліметтер береді.
Бартольд В.В., Владирмерцев Б.Я., Иванин М.И., Хара-Даван Э., Гумилев
Л.Н., т.б. авторлардың барлығы да түркі-монғол тарихына, халықтарына арнап
ірі-ірі зерттеу еңбектерін жазды. Сол еңбектерінде әрқайсысы өзінше
қорытынды шығарып отырды.
Диуани лұғат ат-түрікті зерттеген белгілі ғалым А.И. Кононов
мұндағы материалдарды бес салаға бөліп қарастырған. 1) белгілі бір тайпаға
тәндігі көрсетіуін сөздер қоры (лексикасы); 2) түркі тайпаларының орналасу
аймағы туралы; 3) түркі тілдерін топтастыру; 4) түркілік тарихи фонетика
мен грамматика туралы мәліметтер; 5) түркілердің тарихы, географиясы,
этнографиясы, поэзиясы, фольклоры туралы мәліметтер. Түрік жерінің аумағы,
онда мекендеген ұлт – ұлыстардың сипаты, тарихы соған қатысты тарихи
деректер мен аңыз әпсаналар, бірқатар тайпалардың түрік жеріне келуі мен
қоныстануы, олардың шежірелері көзі ашылмай келген тарихи көмбе. Кітаптағы
осыған қатысты деректердің құндылығында шек жоқ.
1990 жылдардан бергі кезеңді жатқызуға болады. Қазақстан
тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрынғы көзқарастарымыздың көпшілікке
ұлттық мүдде тұрғысынан қарауды тарихтың өзі алдымызға тартып отыр.
Сондықтан осы тақырып кеңінен қамтылған қазақ тарихшыларының еңбектеріне
тоқталып өтейік. Осындай еңбектердің қатарына Қытайдағы қазақ тарихшысы
Н.Мыңжанның “Қазақтың қысқаша тарихы” атты еңбегі мен қазақстандық
тарихшылар Қ.Аманжолов пен К.Рахметов “Түркі халықтарының тарихы” және
А.Тасболатов пен Х.Аманжолов жазған “Қазақстанның әскери тарихы” атты
зерттеу кітаптарын жатқызуға болады. Атап айтқанда Қазақстандағы тарихшы
ғалымдар М.Қозыбев, М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков, С.Жолдасбаев, Ұ.Жұмағұлов,
З.Қинаятұлы, Қ.Өскенбаев, С.Сыздықов, К.Хафизова, А.Дулатова, Б.Көмеков,
т.б. осы аталған кезеңдегі көшпенділердің саяси құрылымы, өркениеті,
мәдениеті, археологиялық және тарихи ескерткіштері жөнінде толып жатқан
ғылыми еңбектер жазды.
Түркілердің тарихын зерттеу орыс және Еуропа зерттеушілері тарапынан
жүргізілді. Олардың арасынан деректерді талдау арқылы өзінің еңбегін
жариялаған Т.В.Голубовский, Н.А.Аристов, А.Н.Харузин және т.б. авторлардың
еңбектері бар.
Кеңес тарихнамасында алғашқылардың бірі болып түркі дәуірін зерттеген
В.В.Бартольд болды. Ол көптеген шығыстық деректерге талдау жасай отырып
түркілердің этникалық құрамы туралы көзқарастарды талдады. Өкінішке орай
Кеңес дәуірінде тарих ғылымында 60-жылдарға дейін В.В.Бартольд еңбегінен
кейін түркі тарихына қатысты құнды еңбек болған жоқ. Кеңес
медиавистикасының алтын қорына кірген А.Ю Якубовский, В.Д. Греков,
В.Я.Владимирцев, В.А.Гордлевский, А.Н.Бернштам, С.П.Толстов, М.И.
Артомонов, А.Н.Кононов, Т.А.Жданко, Л.Н. Гумилев сынды жоғарғы буынды
зерттеушілері Еуразия даласындағы түркі халқының және Орта Азияның орта
ғаысрлық өркениетінің әр түрлі аспектісіне арналған зерттеулерінде түркілер
тарихының кейбір тұстарын ескерусіз қалдырмайды.
Б.И.Көмеков IX-XVI ғ.ғ. жататын орта ғаысрлық араб және парсы
шығармаларындағы тарихи-географиялық мәліметтерді түбегейлі зерттеудің
негізінде қимақ-қыпшақтардың тарихын қарастырды.
Соңғы кездері Қазақстандық түркітанушы ғалымдар бұл мәселе
төңірегінде зерттеулер жүргізуде. Қазақсты құрған түркі тайпаларына қатысты
ауқымды еңбек жазған Т.Омарбековтың, З.Қинаятұлының зерттеулері өте құнды.
Сонымен қатар Б.Б.Кәрібаев, Ә.Қайдар, М.Ақанов, М.С.Ноғайбаева,
С.Базарбаев, Ә.Қайдардың жекелеген түркі тайпаларына байланысты жүзгізген
зерттеулерінің орны ерекше. Сонымен бірге, А.Ш.Қадырбаев, А.Горковец,
З.С.Ілиясованың еңбектері осы мәселеге қатысты терең зерттеулер жүргізген.
Жұмыстың деректік негізі. Ортағасырлық түркі шығариалардың қатарына
Қарахандар мемлекеті дәуірінде Жетісуда жазылған екі түрлі жазбаны Жүсіп
Баласағұнның Құтты білігі мен Махмұт Қашқаридің Диуани лұғат ат — түрік
атты сөздігін жатқызуға болады. Мұның екеуі де Жетісу жерін мекендеген
түркі тайпаларының тілінде жазылған тұңғыш жазба әдебиет үлгілері. Х –ХІІІ
ғасырларда Орта Азия, Жетісі және Қашқария жерінде түркі тайпаларының
үстемдігі күшейе түскен еді.
Гардизидің (XI ғ.) «Зайн ал-акбар» еңбегіндегі түркілерге арналған
бөлімінде қарлық, яғма, тұғыл, шігіл, түргеш тайпалары туралы мәліметтер
сақталған.
Қазақстан тұрғандары туралы ең ертедегі мәліметтер арабтардың
классикалық тарихи шығармаларында кездеседі. Мәселен, әл-Балазур (IX ғ.)
мен ат-Табаридің (IX ғ.) туындыларында ҮІІ-ҮІІІ ғасырлардың орта шенінде
араб шапкыншылығына қарсы күресте Орта Азия халықтарына елеулі көмек
көрсеткен Жетісу мен Оңтүстік Қазакстанның түркі халықтары туралы маңызды
мәліметер бар. Оңтүстік Қазақстанның жекелеген аудандарына арабтардың
басқыншылық жорықтары туралы деректер келтірілген. Арабтың аса ірі
тарихшысы, парсы текті әл-Балазур Орталық Азия тарихы жөніндегі құнды
деректемелердің бірі Елдерді жаулап алу Кітабы (Китаб футух әл-бұлдан)
деген шығарманың авторы болып табылады, Пайғамбар мен патшалар тарихы
(Тарих әр-русул уә-л- мулук) деген елеулі еңбек жазған ат-Табари да
парсылық болатын. Ат-Табари халифаттың әр түрлі қалаларын аралап, көп
саяхат жасады, сонан соң Бағдатқа орын тепті де, өмірінің ақырына дейін
сонда тұрып, өз өмірін ғылымға арнады. Оның бізге қысқартылған
редакциясында жеткен еңбегінде арабтардың алдында болған халықтар туралы
мәліметтер келтіріліп, халифат тарихы жылнама ретінде баяндалады. Ат-
Табаридің замандасы, Бағдатта туған, энциклопедиялық білімі бар адам — әл-
Жахиз (IX ғ.) Түріктердің қасиеттері (Манакиб әл атрак) деген кітабында
Қазақстанның көшпелі түрік тайпаларын тұңғыш рет этнографиялық тұрғыдан
суреттеп берді. Әл-Жахиз Аббас халифтары ұланының түрік гулямдарымен жақын
таныс араб оқырмандарына оның әр түрлі себептермен ерекше қызықты болған
тақырыптарды іріктеп алған. Ол түріктердің әскери қасиеттерін, олардың
калада тұратын арабтың көзіне әдеттен тыс ерекшелігімен айрықша көрінген
немесе халифтардың саяси төңірегіндегілерге маңызды болған әдет-ғұрпын
суреттейді, өйткені Аббас халифатының уәзірлеріне түрік істерімен едәуір
жиі кездесуіне тура келетін еді.
Нақ сол IX ғасырда араб тілді географиялық шығармаларда да Қазақстан
аумағында мекендеген тайпалар туралы хабарлар пайда болады. Байланыс және
хабар беру қызметінің бастығы Ибн Хордарбектің Жолдар мен мемлекеттер
кітабы (Китаб әлмасалик уә-л- мамалик) деген әкімшілік-географиялық
анықтамалығы сақталып қалған шығармалардың ең ертедегісі болып табылады. Ол
сауда жолдарын сипаттап, әр түрлі елді мекендер арасындағы қашықтықты
көрсеткен, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Ұлы жол бойында
орналасқан калалар мен қоныстарды тізіп келтірген. Ибн Хордарбектің еңбегі
көп жағынан халифаттың байланыс, почта қызметінің архивтеріне негізделген.
Сірә, оның түріктер туралы айқын мәліметтерінің көбі, соның ішінде түрік
тайпаларының жиі-жиі дәйек сөз келтірілетін тізімі де (тоғыз-ғұздар,
оғыздар, қарлұқтар, кимектер, кыпшақтар, азкиштер, түргештер және
басқалары) VIII ғасырға жататын болса керек. Әл-Якуби (IX ғ.) мен Кудама
ибн Жафардың (X ғ.) шығармалары жанры жағынан Ибн Хордарбектің еңбегіне
жақын.
Тарихшы әрі географ Әл-Якубидің Елдер кітабы (Китаб әл-бұлдан)
деген географиялық шығармасында Қазақстан түріктері туралы ауқымды тарихи-
этнографиялық материал бар. Оның кең хабардарлығы мен хабарларының дәлдігі
біршама жоғары екенін атап өткен жөн. Әл-Якубидің оғыздар, қарлұқтар,
кимектер, тоғыз-ғұздар мемлекеттілігі туралы мәліметтері ерекше маңызды.
Араб географы және филологы Кұдама ибн Жафар Харадж және хатшы өнері
туралы кітап (Китаб әл-харадж уә санәат әл-китаба) деген географиялық-
әкімшілік шығарма жазған. Ол арамей болатын, Басрада тұрып, почта
бастығының жоғары қызметін атқарған. Ол өз шығармасын жазған кезде өзі
қолына түсіре алған ресми құжаттарды кеңінен пайдаланған. Онда халифаттың
әкімшілік бөлінісі, аса маңызды калалар, таулар, өзендер, жеті климат
(белдеу) туралы мәліметтер бар. Байланыс жолдарына және жерге орналасуы мен
алынатын салықтар туралы деректер келтіріледі, провинцияларды суреттеуге
едәуір көңіл бөлген. Онда мұсылман еддерімен көршілес жерлер туралы да
кұнды мәліметтер келтірілген; мәселен, түрік тайпалары: қарлұқтар,
кимектер, оғыздар, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу шегіндегі сауда жолдары
туралы, маршруттар, қалалар, қоныстар және олардың ара — қашықтығы туралы
нақтылы материал бар.
Қарастырылып отырған деректемелер кешені арасында араб географы Ибн
әл-Факихтің (IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басы) Елдер туралы әңгімелер
кітабын (Китаб ахбар әл-бұлдан) да атап өткен жөн. Ол өз кітабын көбінесе
өзінен бұрынғы авторлардың (әл-Жахиз, Ибн Хордадбех, әл-Жейхани)
шығармаларын непзге ала отырып, 903 жылдар шамасында құрастырған. Онда Азия
мен Шығыс Европаның көптеген елдері туралы тарихи-географиялык материалдар
жеткілікті. Түріктер туралы тарау ерекше назар аударарлық онда түрік
тайпалары (қарлұқтар, кимектер, қыпшактар, оғыздар, тоғыз-ғұздар және
басқалар) туралы, олардың елдері, калалары, сауда жолдары, орналасуы,
шаруашылық және мәдени қызметі туралы кұнды мәліметтер келтіріледі. Ибн
Русте көп томды энциклопедиялық шығарма-сын Ибн әл-Факихпен бір мезгілде
жазды деуге болады. Бұл еңбектен кли-мат тарихи-географиялық тұрғыдан
суреттелетін бір томы ғана сақгалған. Ибн Рустенің Қымбат тұратын алқа
туралы кітап (Китаб әл-алак ән-насифа) деген шығармасы түгелдей кітап
деректемелеріне негізделген. Автор түрлі саяхатшылар мен географтардың
туындыларынан құнды фактілерді ерінбей-жалыкпай көп жинаған. Оның түркі
тілдес тайпалар мен олар мекендеген жерлер туралы бөлімдерінің зор маңызы
бар.
Араб географиялық әдебиетінің ең гүлденген шағы — X ғасыр. Араб гео-
графы әрі саяхатшысы, Орталық Иранның тұрғыны әл-Истахри (X ғ.) – сол
дәуірдің танымал өкілі. Оның Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап деген
еңбегі әл-Балхидін неғұрлым ертедегі, бізге дейін жетпеген географиялық
еңбегінің өнделген және толықтырылған нұсқасы болып табылады. Кітапта
Аравия, Парсы теңізі, Мағриб, Мысыр, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, Үндістан,
Иран, Хазар теңізі, Армения, Азербайжан, Хорасан және Мауараннахр
суреттеледі. Әрбір ел жөнінде шекаралары, қалалары, қашықгығы, маршруттары
туралы мәліметтер, өнімдері, саудасы, қол өнері туралы жекелеген деректер
келтіріледі. Шығыс Европа туралы кызықты мәліметтер бар, хазарлар,
бұртастар, орыстар, бұлғарлар өмірі суреттеледі. Қазіргі Қазақстан
аумағында тұрған түрік тайпалары: оғыздар, кимектер, қарлұқтар туралы
маңызды да нақты материалдар кездеседі. Онда Дүние жүзінің картасы
келтіріліп, түрік тайпаларының шоғырланған жерлері көрсетілген. Әл-
Истахридің еңбегін өз кезегінде X ғасырдың аяғында Ибн Хаукал редакциялап,
толықтырды және оны Жолдар мен мемлекеттер кітабы (Китаб әл-масалик уә-л-
мамалик) деп атады.
Бағдатта туған араб тарихшысы әрі географ әл-Масудидің (X ғ.)
шығармалары бағалы тарихи деректеме болып табылады. Оның білімінің негізгі
көзі Үндістаннан Атлант мұхитына, Қызыл теңізден Каспий теңізіне дейінгі
барлық елдерді қамтыған саяхаттар мен халықтың мейлінше алуан түрлі
топтарының өкімдерімен нақгы қарым-қатынас жасау болды. Уақыт тарихы
(Ахбар әз-заман) деген 30 томдық тарихи-географиялық энциклопедиядан бізге
жеткені — Алтын жуғыштар мен асыл тастар кеніштері (Мурудж әз-захаб уә
мадин әл-джавахир, 943 ж.) мен Тәлімгерлік және қайта қарау кітабы (Китаб
ат-танбих уә-л-ишраф, 956 ж.). Әл-Масудидің еңбектерінде түрік тайпалары
(кимектер, огаздар, қарлұқтар, барысхандар, тоғыз-ғұздар, хазарлар) туралы
тарихи-географиялық мәліметтер мен алдыңғы ортағасырлық Қазақстанның тарихи
географиясы жөнінде деректер келтірілген. IX ғасырдың екінші жартысында
Батыс Қазақстанда болған тарихи оқиғалардың қысқаша баяндалуы елеулі ынта-
ықылас туғызады.
Әл-Макдисидің (X ғ.) шығармаларында өз көзімен көргендерге
негізделген тарихи-географиялық деректер бұдан да маңызды орын алады. Араб
географы әрі саяхатшы, Иерусалимде туған ол Шығыстың барлық мұсылман
елдерін аралап шықты деуге болады. Оның шамамен 985 жылы жазылған
Климаттарды тануға арналған ең жақсы бөлініс (Ахсан ат-такасим фи марифат
әл-акалим) деген шығармасында елдер мен аймақтардың араб әдебиетіндегі
толық және жүйелі суреттемесі беріледі, соның ішінде Орта Азия мен Оңтүстік
Қазақстан, халықтың тайпалық құрамы, қалалары мен қоныстары, сауда жолдары
мен сауда жасайтын заттары, шаруашылығы мен діни көзқарастары, тілі мен
ғұрыптары туралы маңызды мәліметтер бар.
Испан-араб географы Исхак ибн әл-Хусейннің (XI ғ.) Андалусияда
жазылған Кез келген жердегі атақты қалалар суреттелетін інжулер
үйінділері деген шығармасында Қазақстанның түркі тілдес тайпалары
суреттеледі. Оның түріктер туралы тарауда келтірілген мәліметтеріне
Гардизидің (XI ғ.), әл-Бирунидің (XI ғ.) және әл-Марвазидің (XII ғ.)
акпараттарында ұқсас сипаттар аңғарылады.
Бітіру жұмысының алға қойған мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың
негізгі мақсаты қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдерінің бірі
болып отырған орта ғасырлардағы түркі дәуірінде өмір сүрген тайпалардың
Қазақстан аумағына орналасуын анықтау. Тың зерттеулер жүргізіп, оның
зерттелу кезеңдерін, бағыттары мен қалыптасқан тұжырымдамалар мен
көзқарастар үдерісін көрсете отырып, бүгінде қазақтың құрамындағы түркі
тайпалардың байырғы қоныстарын зерттеп, күні бүгінге дейін жетіп отырған
аумағын анықтау арқылы келешек зерттеушілерге қандай мәселелерге назар
аудару керектігі жөнінде қорытындылар жасау болып табылады. Аталған
мақсатқа жету жету үшін төмендегідей міндеттерді алдыға қойдық:
VI-XIII ғасырлардағы түркі тайпаларын кезеңдерге бөле отырып тайпалардың
мәдени, саяси байланыстарына көңіл бөлу;
Түркі тайпаларын зерттеген зерттеушілердің біршама кең көлемі мен ғылыми
көзқарастардың сабақтастығын, бағытын анықтау;
Ортағасырлардағы қазақты құрған түркі тайпалардың Қазақстан аумағына ығысу
картасын салу арқылы, сол кездегі аумақтық орнласу деңгейінің дұрыстығына
көз жеткізу;
Түркі тайпаларының мәселелерін зерттеудегі тарихи және археологиялық
зерттеулерге шолу жасау арқылы оның ерекшеліктері мен кезеңдерені тоқталу;
Жалпы тақырыптың зерттелу жағдайы мен ғылыми зерттеулердің деңгейі, сондай-
ақ зерттелмеген тұстары туралы ой қорыту.
Зерттеудің методологиялық негізі қажетті деректерді табу немесе
оларға сипаттама берудегі тарихи таным, танымдағы жан-жақтылық, олардың бір-
бірімен ара қатынасын немесе байланыстары зерттеу еңбегінде анализ, синтез,
салыстыру жєне басқа да ємбебаптық зерттеу єдістері барынша пайдаланылды.
Сондай-ақ жаңа методологиялық өзгерістерді негізге ала отырып, жүйелілік,
обьективтілік, тарихи-салыстырмалылық сияқты ғылыми таным принңиптерін
негізге алдым.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш тараудан, әр тарау үш
бөлімнен және қорытынды бөлімінен кейін пайдаланған зерттеулер мен
әдебиеттер тізімі көрсетілген. Соңынан қосымша карталар мен суреттер
келтірілген.
1. ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ
1.1. Түріктердің Ашина әулетінің жаулау жорықтары және Қазақстандағы
үстемдігі
Қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан территориясындағы қола дәуірінен
бері үздіксіз болып жатқан этникалық процестердің нәтижиесі болып саналады.
Бұл этникалық процестердің бәрі қазақ халқының қалыптасуына әр түрлі
дәрежеде алғы шарт бола алады. ХІІІ-XV ғасырлар аралығындағы Қазақстан
аумағындағы этникалық процестердің дамуы Қазақ хандығының құрылу тарихында
және де қазақ халқының қалыптасуында салмағы басым, ерекше орын алады.
Махмұт Қашқаридың дөңгелек картасы әлемнің ең ежелгі түрік картасы
ретінде белгілі. Осы картада Барсған, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қаш
–қардан бастап түрік дүниесінің ежелгі шаһарлары, елді мекендері, жер
бедері түгелдей дерлік қағаз бетіне түскен. Әрі сол Х-ХІ ғасырлардағы
атауларымен жазылған. Махмұт Қашқари осы картаны назарға ұсынып,
сипаттаумен қатар Рим жерінен сонау ұлы мұхитқа дейінгі аралықтағы түрік
тайпаларының барлығына сипаттама беріп шығады. Әрі жер көлемін көрсетеді.
Қай жерден қай жерге дейін мекендейтінін айтады. Әрі әр тайпаның тілдік
ерекшеліктеріне тоқталады, тілді таза сақтаудың әлеуметтік, географиялық
алғышарттарын сөз етеді. Осынау ең көне дәуірдегі түріктің әлемдік картасы,
түрік дүниесі жөніндегі егжей – тегжейлі сипаттама, талдаулар ғалымның
өлмес мұрасының басты бір қасиеті 1, 122-123 бб..
Жетісу мен Тянь-Шань тайпалары ұзақ уақыттар бойынша көрші ретінде
әртүрлі мемлекеттік қүрылымдар аясында өмір сүрді. Мәселен Батыс Түрік,
Түргеш, Қарлұқ қағанаты. Бұл жағдайлардың барлығы б.з. бірінші мың
жылдығының алғашқы жартысында Тянь-Шань мен Жетісу тайпаларының
ассимиляцияға түсуінің айтылмас шарты болды. Сондықтан бұлар ортағасырлық
авторлар туыстас тайпаларды басқарған қарахандар билеушілерінің шығу тегіне
баса назар аудармаған [7, 19-20 бб.]. Зерттеуші ғалым қарахандар
мемлекетінің шығыс бөлігінде ІХ-Х ғасырларда өмір сүрген қарлұқ, яғма,
шігіл, түргеш, оғыз-түркмендер, қыпшақ, қаңлы, арғу, соғды, қырғыз
тайпалары туралы ортағасырлық авторлар мен зертеушілердің еңбектеріне
талдау жасай келе, қарахан мемлекетінің құрамында қарлұқ, яғма, шігіл,
түргештердің маңызды рөл атқарғанын, ал басқа аталған тайпалар екінші
дәрежелі болды деп қорытындылайды. Осы негізде автор қарахандар
билеушілерінің шығу тегі — шігілдер деген қорытынды ұсынады [7, 32 б.].
Яғма тайпасы қарлықтармен бұрыннан көршілес, ал кейін тіпті араласып
кеткені байқалады. Зерттеуші осы тайпа туралы: Нары өзенінің бас жағынан
оңтүстікке қарай Қашғар жерін алып жатқан яғмалықтардың бір шеті
кимектермен шектеседі. 840 жылы қарлықтар мен қырғыздардан жеңілген ұйғыр
қағанатының (немесе тоғыз-оғыздар) ішінен бөлініп қарлықтарға кеткен, сол
яғмалар болуы керек. Себебі 15 тайпаның Тарбағатайда орналасқаны, яғни
қарлықтармен кимектер арасына сәйкес келеді. Уақыт өткен сайын
яғмалықтардың бір бөлігі Іле өзені арқылы Ыстық көлге дейін барып,
қарлықтармен аралас отырды.
Екінші бір үлкен тайпа — шігілдер, ортағасырлық деректер бойынша Іле
мен Сырдарияның оңтүстігінде, Ыстық көлдің айналасы мен одан батыста, ал
кей ретте оңтүстік-шығысқа таман орналасқаны айтылады. Бұл жерлер сол
кездегі қарлықтардың да қоныс тепкен мекендері болып саналады. Жалпы
шігілдер мен қарлықтар бір-бірімен этникалық және саяси тұрғыдан тығыз
байланыста болғандығы мәлім.
Осы қарлық конфедерациясына кірген яғма, шігіл, тухси тайпаларының
орналасу аумағын талдай келе С.М.Сыздықов қарлық атауы этникалық емес,
қалыптасқан тайпалық одақтардың жалпы саяси атауына айналды деп есептейді.
Сондай-ақ зерттеуші қарахан мемлекетін қарлық мемлекеті дамуының жаңа бір
заңды жалғасы деп есептейді.
Мәселен қарлықтар өздерінің бастапқы Түркі қағанаты қүрамында жүрген
кезінен бастан, қарахандар әулеті басқарған мемлекетті қүрып, оның
күйреуіне дейінгі аралықта, яғни УІІ-ХІІ ғасырларда маңызды этникалық
процесстерді бастап кешірді дей келе, бұл үрдістің қарлықтар мемлекет
құрып, қарахандар әулеті келген кезеңде өте күрделі жағдайда өтті деп
жазады [25, 20 б.]. Оған сол кезде қалыптасқан Орта Азия мен Қазақстандағы
саяси жағдайлар мен миграция әлеуметтік — экономикалық процестер мен діни
факторлар ықпал етті.
VIII ғасырдың ортасында қарлықтардың Алтай, Тарбағатай және қазіргі
Шығыс Қазақстан өңірімен Жетісуға келуімен олар да алғашқы этникалық
өзгерістерге ұшырады. Бұл Жетісу мен Орта Азиядағы жергілікті түркі немесе
тегі басқа тайпалармен араласуынан көрінеді. Қарлықтар келер алдында бұл
жерлерде Он оқ елі, түргеш, оғыз тайпалары және соғдылар болған еді.
Сөйтіп, қарлық елі қүрамында жаңа этникалық қүрылымдар пайда болды.
В.В. Бартольд аталған еңбегінде ортағасырдағы түрік тайпалары Орталық
азияның батыс, оңтүстік аймақтарының жергілікті (автохтондық) халқы болмай,
Алтай жақтан келіп, бұрынғы аталып жүрген Орта Азия мен Қара теңізге
дейінгі халықтардың территориясын жаулап алғаны айтылады. Бірақ,
түріктердің бағындырған тайпаларынан тек Жетісудағы үйсін тайпалары
айтылады. Бірақ түріктердің бағындырған тайпаларынан тек Жетісу аймағындағы
үйсіндер аталып өтіледі. Орта Азияны, Еділдің төменгі ағысы, Солтүстік
Кавказдан Қара теңізге дейінгі тайпалар ішінде үйсіндер ежелден өздері
түрік тілдес халық болған. Олар (түріктер) алдымен Алтай жєне Жетісудың ьір
бөлігін мекендеді.
Бесінші ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп
топтары Солтүстік Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірде
қоныстанды, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Амударияның жоғарғы
ағысына дейін жетті. Түріктер этносының өз қағанаттарын құрар алдындағы
кезеңінде Ганьсу, Шығыс Түркістан жєне Алтай аудандарында үшінші ғасыр мен
төртінші ғасырға дейінгі кезең-кезеңмен қалыптасты.
VІ ғасырдың екінші жартысынан бастап жазба деректер бұған дейін
эфталиттердің қол астында болған соғдылардың Жетісу түркілеріне
бағынғандығы туралы мєліметтер береді. Түркілер Соғды халқының едєуір
бөлігін құраса, соғдылықтар бұл кезеңде Жетісуға ішкерілей енген еді.
Христиан-сириялықтардың бұл кездегі рөлі Византия мєдениеті үлгілері мен
христиан дінінің таралуымен сипатталды. Көптеген зерттеушілер түркілердің
бұл мєдени үлгілерді “жабайы” көшіру жолымен қабылдағандары туралы тезисті
қалыптастырды.
В.В. Бартольд соғдылықтардың қоныс аударуының негізгі себебі сауда
деп санады. Алайда, соғдылықтардың қоныс аударуының басты себебі, сірє,
кеңірек болуы керек. Оны VI-VIII ғасырларда Соғдыда жєне Орта Азияның басқа
да егіншілік аймақтарында болған єлеуметтік-экономикалық өзгерістерден
іздеу қажет. Бұл бір көрінісі ретінде Нершахидің Бұхарадағы Абруй басқарып
тұрған кездегі шиеленіскен күрес туралы хабары болып табылады. Абруйдың
қысымына төзбеген соғды диқандары мен көпестері Түркістанға кетуге мєжбүр
болады, мұнда олар салып, оны Хамукет деп атады [39, 25 б.].
Соғдылықтардың VI-VIII ғасырларда Жетісуға қоныс аударуы Орта
Азиядағы араб жаулап алушылықтарымен де байланысты. Тоныкөк жазбасының
хабарларын араб деректемелерімен салыстырып қарау арабқа қарсы Шығыс Түрік
қағанаты мен Ферғана-Шаш-Соғды одағының маңызын анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл одақ шығыста араб экспанциясын тежеуде жетекші рөл атқарды. Жетісу
арабтарға бағынғысы келмеген соғдылықтардың оларға қарсы күрестегі
түріктердің одақтастары көшіп келген ең жақын ауданы болды. Соғдылықтардың
көшіп келуі Жетісудың егіншілік жєне қала мєдениеті тарихында елеулі із
қалдырды. Алайда оның єлеуметтік- экономикалық жєне саяси тарихының басты-
басты факторлары Жетісудың жергілікті отырықшы жєне көшпелі халқының
өндіргіш күштерінің дамуы болды.
Дегенмен соғдылықтардың шығысқа қарай ілгерілей енуі бір жақты болған
жоқ. Орта Азияның түріктерге бағынуымен қатар, түріктер Орта Азия
шонжарлары қатарына, халықтарының құрамына енді. Соғдының өзінде де
түріктер аз рөл атқарған жоқ. Түрік жєне соғды халықтарының арасындағы
өзара ықпал осылай жүріп отырды, мұның өзі олардың этникалық-саяси
тарихында, материалдық жєне рухани мєдениетінде көрніс тапты.
Көріп отырғанымыздай түркілер мен соғдылардың өзара қарым-қатынастары
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағында өзара тығыз араласу нєтижесінде
жүзеге асқан. Мєселенің тарихнамасын қарастыру барысында негізгі назардың
да осы аталған аймақтағы қалалық мєдениеттің қалыптасуы мен дамуындағы
соғдылық рөлге баса аударылғанынан көреміз. Осы мєселеге тоқталған
авторлардың еңбектерінде ұстанған бағыттарына сєйкес үш топқа бөліп
қарастыруға болады. Түркі дєуіріндегі Жетісудың қалалық мєдениетін жазба
ескерткіштердің мєліметтеріне сүйене отырып, соғдылықтардың тікелей
єсерімен қалыптасты деп санайтын авторлар тобы еңбектерінің алғашқысын
ғылыми негіздеген В.В. Бартольд болды. В.В. Бартольд өзінің құлауы
қарсаңында мєдени гүлденуінің шыңына жеткен Сасанидтік Иран өз көршілеріне
қарудың көмегінсіз-ақ єсер еткенін атап өтіп, бұл мєдени жетістіктерді
түркілер соғдылар арқылы қабылдады деп санайды. Соғдылардың Жетісуды
отарлауының мєселелерін 1927 жылы бірінші болып көтерген В.В. Бартольд бұл
мєселе бойынша археологиялық мєліметтердің жеткіліксіздігінен мєселені тек
жазба деректер негізінде қарастырған. Зерттеуші аталған мєселені М. Қашқари
мен авторы белгісіз “Худуд ал Алам” (“Єлем шекаралары”) шығармасының
мєліметтері негізінде қарастырған. Ал бұл жазба деректер VІІ ғасырдан
кейінгі кезеңдер туралы мєліметтерді сақтамаған. Сондықтан түркі-соғды
проблемасы, єсіресе мєселенің мєдени аспектілері кейінгі зерттеушілердің
үлкен ықыласын аударды.
Махмұд Қашқаридың Жетісу жеріндегі соғдылар туралы мєліметін зертеуші
“аймақтың “ұлттық” құрамы туралы мєліметтер, єсіресе Талас аймағындағы
көшпелілердің жергілікті мєдениеттен ерекшеленіп тұрған мєдени үлгілердің
шығу тегі туралы мєселені түсіндіруге көмектеседі”, — деп өз концепциясын
жазба деректердің “мєліметтерімен” бекіте түседі 63. Зерттеуші мұндағы
аймақтың “ұлттық” құрамы туралы мєліметті М.
Қашқаридің Жетісу соғдылары туралы хабарламасынан алып отыр. Аталған ғалым
соғды отарлауының екінші кезеңінде Соғдиана мен Жетісудың мєдени
байланыстарының сипаты мен көлемі үлкен өзгерістерге ұшырады дей келе,
Жетісуда осы кезден бастап соғдылықтар сєулет өнерінде грек-бактрия
мєдениетімен байланысты элементтермен қатар сасанидтік мотивтерді кеңінен
таратты деп атап өтеді 64. 198 б. Осылайша Соғды мєдениетінің өзі ІX
ғасырдан бастап тек отарларында ғана емес метраполияда да соңғы күндерін
бастан кешіп, Жетісудағы соғды отарлауы жергілікті мєдениет пен соғды
мєдениетінің органикалық бірлікке айналып кетуімен аяқталды деп қорытады
[64].
1.2. Теле тайпалары Қазақстан жерінде
Көне Түркілер өз жазбаларында Оғыздарды (токуз-окуз) әрқашан өз
халқымның бірі деп санаған. Олардың «тоғыз тайпалы Окуздар» деп отырғаны —
негізінен сол кездегі, 4-6 ғасырлардағы Теле тайпалары. Теле тайпалары —
қазіргі көшпенді Түркі халықтарының бәрінің генетикалық арғы атасы. Жалпы
шетелдік зерттеушілер көне заман оқиғаларын баяндағанда, Қаңлыларды және
Теле тайпаларын — әрқашан да Қазақ халқының арғы тегі деп түсіндіреді.
Мысалы, былай жазады «Қаңлылар (ертедегі Қазақтар) б.з.б. 2 ғасырда
Бетпақдала мен Сарыарқа өңірін мекен етті».
Батыс Түрік қағанатының қол астына қараған теле тайпалары қарсылық
көрсетіп, бөлініп кеткен кезде, бұл мәселені шешу үшін, Батыс Түрік
қағанатының билеушілері Суй патшалығымен одақтасып, теле тайпаларын
өздеріне бағындырады.
Мәселен, төлеңгіттер мен телеуіттер өздерін ежелден теле жұртының
жарықшағы санайды. Расында туыстас бұл екі тайпаның сой-тегі кезінде Түрік
қағанатының (VІ-VІІІ ғғ.) құрамында болған теле тайпасымен тығыз
байланысты. Кейінгі атауларының өзі сол этнонимнен шыққан. Түркілер
тарихының білгірі Л.Гумилев төлеңгіттердің асулары қиын, биік жоталарға
қоныстануы олардың алтайдың басқа тайпаларынан өзіндік ерекшеліктерінің
кейбір түрлерін сақтап қалуларына ықпал еткенін айта келіп, солтүстік
төлеңгіттердің өздерін телелер дейтінін, оңтүстіктегілердің Чуя (Шуй)
өзеннің бойын жайлағандықтан, шуй-кижи (шуй кісісі) деп атайтынын жазады.
Міне, осы жәйттердің өзі алтайлардың тарихи-этнографиялық құрамында
кереғарлықтардың көп екендігін байқатады.
Алтайға қоныс аударған моңғол және түрік тектес элементтердің
осындағы байырғы түрік этникалық топтарымен мидай араласулары арқылы
қалыптасқан күрделі тайпалық конгломерат болып есептеледі. Оның діңін VІ-
VІІІ ғғ. Түрік һәм Ұйғыр қағанаттарының тұрақты тұрғындары — теле және
түркіт бірлестігінде болған көшпелі түрік тайпалары құрайды. Бұл ойымыз
ғалым Л.П.Потаповтың: В этническом составе алтайцев — нынешних хакасов (в
том числе кызыльцев), тувинцев и других — ясно прослеживается этнические
элементы VІ-VІІІ веков, восходящие либо непосредственно к тюркам, либо к
племени теле, возглавлявшимся уйгурами. Не подлежить сомнению, что какая-то
часть далеких предков этих народов была связана этногенетическими узами с
древними тюрками и племенами теле, жила с ними общей исторической жизнью в
составе тюркских каганатов, союза племени теле и уйгурского каганата, —
деген құнды пікірімен астасады (Советская тюркология, 1979, N6, стр.77).
Алтайлардың қауымдасу, бірігу, жаңа элементтерді тарту үдерісі моңғолдардың
бұл аймаққа екі дүркін (XІІІ және XV-XVІІІ ғғ.) жөңкіліп келуі негізінде
одан әрі жалғаса түсті.
1.3. Шығыс түркілердің жаулау жорықтарының Қазақстан аумағындағы этно-
саяси үдерістеріне ықпалы
Осыдан 60 жыл бұрын француз тарихшысы Рене Груссе: Қытайша
деректерге негізделгенде түріктер бөріні төтем тұтады. Олар-ғұндардың
ұрпақтары, Пеллиоттың пікірінше, ғұндардың бойында түріктерге тән кейбір
ерекшеліктер бар дейді (1,81). Бүгінде түріктердің ғұндардың ұрпағы екені
ғылымда бұлжымас ақиқатқа айналды. Түрік қағанаты алғаш құрылған кезде (552
ж.) Таң патшалығы әлі өмірге келмеген. Бұл кезде Түрік қағанатының
оңтүстігінде Қытайдың Солтүстік Ци (550-577) және Батыс Вэй (535-557)
патшалықтары қатар өмір сүріп тұрған.
Түріктер жұржан ақсүйектерінің қолынан өз тәуелсіздігін алу үшін ұзақ
уақыт күресті. Ең алғаш 487 жылы қаңлылардың жұржандарға қарсы күресіне
қатысты. Кейін VI ғасырдың орта шенінде түріктер әр жылы өзен суы қатқан
кезде Батыс Вэй хандығының солтүстік шекарасына басып кіріп, олардың мал-
мүлкін барымталап алып отырды (2, 19). Бұл кезде түріктер Идікұт
патшаларына өз қыздарын беріп, олармен жақсы қарым-қатынаста болған. Себебі
Идіқұт патшасы олардың қыс кезінде Боғда тауының күнгейіне келіп, мал-
жандарын өсіріп, қыстап шығуына жағдай туғызатын. 545 жылы Батыс Взй
патшасы Ю.Вэнтай Цзючуанда тұратын ғулардың өкілі Ано-Пантоны елшілікке
жіберіп, бір-бірімен өзара көмекте болып, тату-тәтті өтуді өтінді. Өйткені
оларға көршілері Шығыс Вэйге қарсы күресте түріктердің көмегі керек еді.
Түріктер де олардың тілегін жерде қалдырмай, жауласқан екі мемлекеттің
тіресуі кезінде өзінің әскери қуатын арттырумен болды.
Қытай деректері түріктердің алғашқы көсемдерінен Апаңбо, Еженшидо,
Нар Тілек шад, Ежен шад, Ұлы Ябғұларды атайды. Бірақ бұлар жайлы егжей-
тегжейлі деректер жоқтың қасы. Дей тұрғанмен Күлтегін, Білге қаған
ескерткіштеріндегі түрікше мәтіндерде Түмен (мәтінде Бумын каған делінеді)
қаған мен Істеми қағандарды түріктердің ержүрек ата-бабалары ретінде
суреттейді. Қытай деректері бұл екеуі ағайынды, Ұлы Ябғұның ұлдары дейді.
Дерекке сәйкес, түріктер ұлы Ябғұның заманына келгенде көбейіп, күшейе
түскен (3.49). Күлтегін ескерткішінде ол екеуі туралы; Үстіде Көк тәңірі,
астыда қара Жер жаралганда, екеуінің арасында адам баласы жаралган, Адам
баласы үстінде ата-бабам Бумын каған, Істеми қаған тақта отырды, Таққа
отырып түрік халқын, елін, төрін (үкіметін) тұтты, қалыптастырды,-дейді.
Шынында да 546 жылы Ашына Түмен (Бумын) түрік тайпаларына басшылық етіп,
алдымен телелерді бағындырып, олардан 50 мың адамды өзіне қосып алды, одан
соң Алтай тауындағы Жужан (жұржан) ханы Анағайға кісі салып, қызын сұрады.
Бұдан сәл ертерек түріктер осы жужандардың қол астындагы темір ерітетін күл
еді. Түменнің сәлемін естіген Анағай сен менің темір ерітетін құлым бола
тұра бұл сөзді айтуға қайтіп дәтің барды деп оған елші жіберіп, құқай
көрсетеді. Түменнің де тілегені осы еді. Дереу келген елшіні ұстап алып,
өлтіріп. Анағаймен ат кекілін кесіседі. Бірақ Батыс вэй хандығымен бейбіт
қатынасты әлі де сақтап, 551 жылы олардан Чанлэ мәликені әйелдікке алады.
Келесі 552 жылы қаңтар айында Түмен зор қосынмен жұржандарға жорық
жасап, олардың ордасын ойрандап, әскерін ойсырата жеңеді. Жұржан хаңы
Анағай қүсадан өзін-өзі өлтіреді. Әдетте тарихи кітаптарда дәл осы жыл
Түрік кағанатының кұрылған жылы болып табылады. Түріктер күшейген соң
өздерінің бұрынғы ата-бабалары ғұндар секілді, батыс пен шығысты
тұтастыратын керуен жолын уысына алып, ортадан пайда табуды көздеді. Бұл
кезде Орта Азияның сауда күре тамырын иелеп келген эфталиттер ендігәрі
парсы мемлекеті үшін кауіпті күш болудан қалған еді. Керісінше, олар
парсылармен болған соғыста үнемі жеңіліс тауып отырды. Парсылар мен арадағы
бұл күш жаңадан бас көтерген түріктер үшін қауіпті болып көрінді. Сондықтан
олар парсылармен одақтүзіп, эфталиттерді жоюды ойлады.
554 жылы Түмен қағанның ұлы Мұқан қаған парсы патшасы Хұсрау ІІ-мен
(Наушарбан 531 -579) байланыс орнатты. Келісім бойынша тараптар 554-558
жылдары екі тараптан эфталиттерге қарсы ірі жорық жасады. Нәтижесінде
эфталиттер жеңіліп, патшасы өзін-өзі өлтірді. Түріктер мен парсылар екі
жақтан келіп, олардың жерін бөлісіп алды. Парсылар мен Түрік қағанатының
шекарасы Темір қапық болып белгіленді. Мұқан қаған мұнымен қоймай, шығыста
қытандар мен татабыларға соққы беріп, солтүстікте қырғыздарды бойсындырып,
Қытай қамалының сыртындағы қүдіретті елге айналды. Бұл кезде Түрік
қағанатының территориясы, қытай дерегі бойынша, шығыста Ляохайдан (қазіргі
Ляохай өзенінің жоғарғы сағасындағы Пиньхай маңы) батыста Батыс теңізге
(қазіргі Каспий теңізі) дейін болған 10 мың шақырым, оңтүстікте Құмдықтың
солтүстігінен солтүстікте Байқал көліне дейін болған 5 мың шақырым аумақты
өз ішіне алатын (4,1536). Бұл туралы Күлтегін, Білге қаған
ескерткіштерінде: төрт бұрыштағылар қарсы тұрып жау болды. Қол аттандырып,
төрт тараптағы халықты бағындырып иеленді. Багындырып бейбіт қылды. Бастыны
жүгіндіріп, тізеліні бүктірді. Ілгері Қыдырхан жынысына дейін, кері Темір
қапыққа дейін (халқын, елін) қоныстандырды. Осы екі аралықта көк
түріктердің елі иесі иеліксіз өмір сүрген екен. Білікті қағандар болған
екен. Алып қағандар болған екен. Бұйрықтары да білікті болған екен. Алып
болған екен. Бектері де, халқы да адал болған екен. Сол үіиін елдік құрып
тұтынған екең. Елдік құрып төрін (Үкіметін) орнатқан екен,-делінеді.
Осындағы Темір қапық сөзі Тоныкөк ескерткішінде де кездеседі. Ол-жоғарыда
баяндалған Парсы мен Түрік қағанатының шекарасындағы жер аты. Дәлірек
айтқанда Әмударияның солтүстігіндегі бір таудың аты. Ал Қыдырхан тауы-
Қытайдың солтүстік шығысындағы Хиньган тауы. Демек, түрік халқы ертеде,
дәлірек айтқанда, VI ғасырдың екінші жартысында Қытай мен Парсы
мемлекетінің арасындағы осынау ұлан байтақ жерді өз қарамағына алған күшті
бір мемлекетке айналды. Қол астына алған иеліктерінің осыншама кеңдігіне
қарап, бұл мемлекетті империя деуге де болатын еді. Бұл кезде олар ордасын
Алтай тауынан Ханғай тауының солтүстігіндегі Өтікен қойнауына көшірді.
2 ҚАЗАҚСТАНДЫ ТҮРІКТЕНДІРУ ҮРДІСТЕРІНЕ ШЫҒЫС ТҮРКІТЕРДІҢ ЫҚПАЛЫ
2.1. Қимақ, қыпшақ, оғыздар Қазақстан аумағында
қимақ тайпалары туралы автор: Қимақтар тек бір қала болды.
Қыпшақтардың батысындағы бұтақтары деп те айтуға болдады. Ал қыпшақ
тайпалары өзінің тағылығымен, жабайылығымен басқа халықтардан асып түсті.
Қырғыздар мен оның тармақтарының қалаллық қоынстары мен ауылдары болмады.
Қимақтар Сауранмен көршілес Сырдарияның маңында қоныстанып тұрды.
Қырғыздар қалаға билік етті. Жауапты Уч-Туфран Түркістанда, Қашқарияда яғма
тайпасымен көршілес болды. Оғыздар ислам дінін қабылдамады., саманидтті
басқарушылардың қол астында болып, Сырдария бойынан жерлер алды. Олардың
негзгі қоныс тепкен жері Сюдкент қаласы болды.деп жазды.
В.В. Бартольд Европа мен Ресейде шығатын зерттелу тарихы деп
аталатын еңбегінде XYІ ғасырбың бас кезінде-ақ өзбек қазақттарының өз
хандары бар, күшті халық болған деп атап өтеді. Ол сондай-ақ қазақ
халқының үш жүзге (ордаға) бөлінуін олардың көшіп-қонып жүретін
аймақтарына, жерлеріне рулардың үлкендігіне қарай шығыстан батысқа қарай
көшу тәртібімен орналасқан деп атап өтіп, бұл процесті географиялық
процеспен байланыстырған.
В.В. Бартольд авторы белгісіз географиялық шығарма Худуд әл-аламды
ғылыми айналымға енгізді. Мұнда қимақ, қыпшақ, оғыз, шігіл, тухси, қарлық
сынды тайпалардың алып жатқан территориялары мен, орналасу аймақтары туралы
мәлімет береді 11. Сол сияқты В.В. Бартольтің 1898 жылы басылып шыққан
Жетісу тарихының очеркі, осы жылы жарық көрген Түркістан монғолдар
шапқыншылығы дәуірінде атты жинағы, сондай-ақ Түркістан тарихы (1920),
Түрік-монғол халықтарының тарихы (1927 ж), Орта Азияның түрік
халықтарының тарихы жөніндегі он екі дәріс (1926 ж) атты еңбектеріндегі
жалпы Орта Азия жөніндегі, оның ішінде түрік-монғол тарихына қатысты
шығыстанулық деректер тобы қазақтар мен Қазақстан тарихының проблемаларына
қатысты мәселелердің мәнін ашуда негізгі деректік материалдар тобын береді.
Атап айтар болсақ, Ортағасырлық Қазақстан тарихына қатысты жазған 1898 жылы
Верный (Алматы) қаласында басылып шыққан Жетісу тарихы очеркінде хун,
үйсін дәуірінен қалмақ хандығы күйрегенге дейінгі Жетісу туралы саяси тарих
ортағасырлық деректерді қатыстыра отырып жазады. Аталған зерттеу
жұмыстарында Орта Азия тарихы, оның ішінде Қазақстан тарихы мен
этнографиясына қатысты мол ортағасырлық деректер қоры пайдаланылған. Бұл
еңбекте негізгі тарихнамалық дерек көзі ретінде В.В. Бартольдтың 9 томдық
толық шығырмалар жинағы пайдаланылды 12.
ХІ ғасырдың соңғы ширегінің ағында Маңғыстауда және Каспий теңізінің
шығыс жағалауында бұрынғысынша қыпшақтар билік жүргізіп, оғыз және түркімен
тайпаларының жекелеген топтары оларға саяси тәуелді болды. 1096 жылы
құдіретті хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге жорық
жасады. Бірақ, Хорезм шахтарының қорғаушысы селжүктер оларды Маңғыстауға
қайта оралуға мәжбүр етті, — деген ірі қыпшақтанушы ғалым Б.Е.Көмековтың
деректі мәліметін басшылыққа алсақ, оғыз селжүктеріне қыпшақтар өз билігін
орнатуға ат салысқан. Бұл әрекеттің аяғы ХІ ғасырдың басынан бастап
қыпшақтардың саяси билікке қол жеткізуіне алып келді: Он бірінші ғасырдың
басында Сырдарияның төменгі ағысында Жент, Жаңакент және тағы басқа қалалар
қыпшақ көсемдерінің иелігінде болды.
Осы жерде оғыздар мен қыпшақтар арасындағы қарым-қатынасты білдіретін
Рашид ад-Диннің еңбегінен алынған мына дерекке көңіл бөле кетейік. Оғыз ит-
барак тайпасынан жеңіліп, екі өзеннің ағысынан пайда болған аралда қалып,
сонда орнықты. Осы кезде күйеуі соғыста өлген бір екі қабат әйел үлкен
ағаштың қуысына шығып бала туады. Бұл оқиғаны көргендер Оғыз ханға айтады.
Оның жаны ашып: Әйелдің күйеуі жоқ, сондықтан бұл нәресте, менің балам
болады деген шешім қабылдайды. Шынында да ол Оғыздың баласы болып
есептелді: оның атын Қыпшақ қойды. Қыпшақ қабық деген сөзден шыққан,
түрікше – ортасы шіріген ағаш деген мағынаны білдіреді. Барлық қыпшақтар
осы баладан тарайды деп Қыпшақ атауының шығуы туралы аңызды беріп отыр.
Аңыз оғыздар мен қыпшақтардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болғанын да
дәлелдейді. Қыпшақтардың Жетіру тарихында маңызы зор себебі, олар да баста
Саян-Алтай өңірлерін мекендеген. Ол туралы тарихшы Нығмет Мыңжан: Қыпшақтар
VII ғасырда Ертіс өзенінің орта ағысына дейін орнығып, Алтай тауларын
мекендеп, түрік қағанатының құрамына қосылды. Түрік қағандығының әлсіреуі
байқалған кезде тарих сахнасына шығуға талпына бастады. Селенгі өзені
бойында орхон жазуымен жазылған Мойыншар құлпытасындағы: Түрік қыпшақтар
елу жыл үстемдік етті деген сөз осы жағдайды әйгілейді.
Әл-Омари, Ибн-Халдун және Ибн Арабшах тәрізді араб авторлары
қыпшақтар жайлаған территорияның жалпы көлемін көрсетіп, оған қазіргі
Қазақстан мен Шығыс Европа жерлерін Дешті Қыпшақ (қыпшақтар елі) деген
атаумен енгізген.
Қыпшақтардың мемлекеттік бірлестіктері осы далада бұрыннан өмір
сүрген этносаяси бірлестіктердің заңды жалғасы болып табылады. Қыпшақтар
құрамына Ертістен қазіргі Батыс Қазақстан жеріне ХІІ ғасырда қоныс аударған
иемектер (кимектер, қимақтар) енді. Орал бойына және іргелес далаларда
қыпшақтар мен иемектердің болғанын шығыс деректері, орыс жылнамалары,
сондай-ақ антропология мен топонимика мәліметтері дәлелдейді.
ХІ ғасырдан былай қарай Евразия материгін алып жатқан түркі тайпалар
қыпшақ елі аталды. Осы ғасырдың ортасынан бастап қазіргі қазақ еліндегі
тайпалар қыпшақтар атала бастады. Бұл жиынтық атауды тарихшылар екі
мағынада – кең және тар мағынада қолданылуы дейді. қыпшақ тайпасының өз
атауы, яғни қыпшақтар мағынасы, ал Жетісудан бөтен аймақтағы тайпалардың
атауларының кіруі кең мағынасы болып табылады.
2.2. Он оқ елінің этно-саяси құрылымы
Қытай деректерінде Ышбара қаған Ашна Қара деп те аталады. Оның
батысқа қоныс аударарынан бұрын Батыс Түрік қағаны ағасы Түрік (Дулу)
қайтыс болған соң 4 жылдан соң 638 жылы ол билейтін Батыс Түрік өлкесі Он
оқ Түрік, Нүшбе ұлыстарына бөлінді.
Қытай деректерінде бұл мәселе былай жазылған. 638 жылы: Әуелде Батыс
Түріктің Теліш қағаны мемлекетін он ұлысқа бөліп, әр ұлысқа бірден ағаман
тағайындап, оларға бірден оқ берді де, мұны Он оқ деп атады. Одан соң сол –
оң қанаттарға бөлді. Сол қанатты Бес түрік деп атап, оларға бес тай чор
қойып, Суябтың шығысына ірге тептірді. Оң қанатты Бес нүшбе деп атап,
оларға бес тай іркін тағайындады да, Суябтың батыс жағына орналастырды.
Олар жалпылай Он оқ деп аталды.
Бұл … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz