Вертикаль бұрыштар деген не?

0
409

Вертикаль бұрыштар деген не? Бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының толықтаушы сәулелері болса, бұндай бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады:


Вертикаль бұрыштар


Осы суреттегі ∠ APD және ∠ CPB бұрыштары вертикаль бұрыштар болады, себебі бұлар бір-біріне қарама-қарсы орналасқан.


∠ DPB және ∠ APC бұрыштар вертикаль бұрыштарға жата ма? Жауабын түсіндіріп беріңдер.


Вертикаль бұрыштар теоремасы


Вертикаль бұрыштар тең болады.


Жоғарыдағы суреттегі ∠ APC бұрышы 1200 градуске тең болса, қалған бұрыштар неге тең?

Пән: Геометрия