Валюталық реттеу және валюта бағытын анықтаудың әдістері — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Валюта бағытын нарықтық тұрғыдан және мемлекеттік тұрғыдан реттеу бар. Сұраныстар мен ұсыныстарға, сондай-ақ бәсекелестікке негізделген нарықтық тұрғыдан реттеу стихиялық тұрғыдан жүзеге асырылады. Мемлекеттік тұрғыдан реттеу валюталық қарым-қатынастарды нарықтық тұрғыдан реттеудің көлеңкелі тұстарын түзетуге, экономикалық тұрақты өнімге қол жеткізіп отыруға, төлем балансының тепе-теңдігіне, елдегі инфляцияны азайтуға бағытталады. Ол елдің күнделікті және стратегиялық мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылатын халықаралық валюта қарым-қатынастары саласындағы іс-әрекеттер комплексі деп аталатын валюта саясатының көмегімен атқарылады. Қазақстанның валюталық саясаты ҚР-ның «Валюталық реттеу туралы» Заңында көрсетілген.

Валюта бағытының маңызды экономикалық мән-мағынасы оны мемлекеттік тұрғыдан реттеп отыруды алдын-ала анықтайды. Валюта бағытын реттеудің негізгі әдістері төмендейді:

  • валюта интервенциясы (шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алу — сату);
  • дисконттық немесе есеп саясаты;
  • протекционистік әдістер немесе валюталық шектеулер.

Валюталық интервенция — ресми алтын — валюталық қорлар мен қысқа мерзімді қарыз алушылықта пайдалана отырып, орталық банктер жүргізеді. Ұлттық валютаның бағытын көтеру үшін Орталық банк шетел валютасын сатады (негізінен АҚШ доллары), өзінікін сатып алып, және керісінше. Жалпы айтқанда бұл әдіс аз уақытқа валюта бағытына айтарлықтай тиімді әсер етуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген мұнай өндіруші елдер, соның ішінде, әсіресе, Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан валюта бағытын реттеудің осы әдісін қолдана отырып экспортшыларды ынталандыру үшін ұлттық валюталардың өз бағытын едәуір төмен деңгейде ұстап келеді.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу