Валюталық қатынастар және валюталық жүйе — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Халықаралық валюталық қатынастар — әлемдік экономиканың қажетті элементі, қоғамдық қатынастардың бүтін жиынтығы, олар арқылы әр түрлі елдер арасында барлық есеп айырысу, кредиттік, ақшалай келісімдер жасалады.

Тауар өнімі, халықаралық сауда, капиталдардың қозғалысы мен қызмет ету барысы олардың шынтуайтты негізі болып табылады. Халықаралық валюталық қатынастар ұлттық шаруашылықтардың жұмысының нәтижелері бойынша өзара алыс-берістер жасауды қамтамасыз етеді.

Бұл іспеттес қатынастар, негізінен, валютаның әлемдік шаруашылықта өз ролін атқарғанда қалыптасады. Және де әрбір мемлекетте заңды өтеу құралы болып, оның ұлттық валютасы саналады. Алайда, әлемдік шаруашылықта әдетте конвертирленген шетел валюталары пайдаланылады. Мұның өзі осы әлемдік шаруашылықта барлық елдер үшін жалпы мойындалған валютаның жоқтығымен түсіндіріледі. Яғни, халықаралық қатынастарға кызмет ететін ақшаларды валюта деп атайды.

Валюталық қатынастардың қалпына ең бірінші ұлттық және әлемдік экономиканың дамуының дәрежесі әсер етеді. Сыртқы экономикалық әрекеттерді жүзеге асырушы мемлекеттердің үкіметтері, трансұлттық корпорациялар, жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдар валюталық қатынастардың субъектілері бола алады. Валюталық қатынастарды арнайы халықаралық органдар жасап келісіледі, егжей-тегжейлі дайындалады да, сыртқы экономикалық қызметпен айналысушы елдер үшін міндетті саналатын сипатқа ие болады.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың даму барысы валюталық жүйені қалыптастырады. Валюталық жүйе дегеніміз — ұлттық заңдылықтармен, немесе мемлекетаралық келісімдермен бекітілген валюталық қатынастар ұйымның түрі.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу