Ұстазыма не сыйлаймын?

0

Ұстазыма не сыйлаймын?

Оқу жылы күні кеше ғана басталған секілді еді, міне, мұғалімдер күні есіктен сығалап үлгерді. Бұл күн – біреулер үшін қарапайым күндердің бірі болғанымен, кейбір оқушылар мен студенттерге, ата-аналарға ерекше орны бар мереке. Мереке ұстаздың қадіріне жеткен, ұстазын сыйлайтын адамдарды бейжай қалдырады деп ойламаймыз.

Сіздің мұғаліміңізге арналған көңілді жібітер ыстық тілектеріңіз бен жағымды сыйлықтарыңыз дайын ба? Қалай? Әлі ойланбадыңыз ба? Ендеше, біздің кеңестерімізді оқыңыз да, дүкенге қарай асығыңыз.
Мектеп оқушысы болсаңыз, ұстазыңызға қолдан әдемі ашық хаттар мен жылтыр қағаздардан сүйкімді естелік заттар жасауыңызға болады. Шын жүректен шыққан сыйлықтың орны қашанда бағалы болмақ. Алайда, көпшілігіміздің қолымыздан ондай заттар жасау келмейді немесе мүмкіндік пен уақыт жоқ. Мұндайда, дүкеннен аса қымбат емес, бірақ, ұстазыңызды қуанта алатын сыйлық таңдап көрейік.
Ең қарапайым нұсқа – тәтті шоколадтар мен кәмпиттерді және бір шоқ гүлді ала салу. Келісіңізші, бұл жаттанды әрі іш пыстырарлық сыйлық емес пе? Ол гүлдер бірнеше сағаттардан соң солып қалады, ал кәмпиттеріңіз… Айтпаса да түсінікті. Сондықтан басқа жолын қарастырған жөн.
Ең ұтымды нұсқа – мұғалімнің өз кәсібінде пайдаланатын, саласына аса қажетті бұйымды алу. Мерекенің өзі соны айтып тұр, 8 наурызбен не жаңа жылмен салыстырып жүрмеңіз. Бұл – ұстаздар мерекесі.
Мұғалімге сыныптың атынан немесе жеке өзіңіздің атыңыздан сыйлық жасауды жоспарласаңыз, төмендегі тізімнен керегіңізді таңдаңыз:
Тіл мұғаліміне – сөздіктер (өзі беретін сабаққа байланысты: ағылшын, орыс тілі, француз тілі т.б), қазақ тіліндегі синонимдер, фразеологизмдер т.б. сөздігі;
Математика мұғаліміне – мынадай ерекше сағаттар немесе сапалы калькулятор, формулалар жинағы;

ТОЛЫҒЫРАҚ…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!