Ұстазым менің ұстазым, ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі, ұстаз туралы тақпақтар

0

Ұстазым менің ұстазым!
Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында өтетін мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің бала көңілдеріңіз әр тәрбиеленушілердің жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде деңдеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.
Бүгін кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін балабақшамыздың меңгерушісі Тажиданова А. А. сөз береміз.

1 — жүргізушісі:
Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің – мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.

Шағала тобы: «Бұлқынды жүрек» әні.

2 — жүргізуші:
Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін.
Барометрі сенсің адамның.

1 — жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі.

Тақпақтар: Әділхан, Алина, Сабина, Ақмарал.

2 — жүргізуші: Құрметті ұстаздар, сөздеріңізді ықыласпен тыңдап, жан-жақты білім бергендеріңіз үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.

1 — жүргізуші:
Оқыттыңдар ұл — қызым, деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы,
Тағзым ете, ұстаздар.

Нұршуақ тобы: «Кішкентай жұлдыздар» биімен

1 — жүргізуші:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы.
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!

Тақпақтар: Кәусар, Жасмин, Мади.

1 — жүргізуші:
Мұғалім ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі ұланын,
Ұланың бүгін тойында,
Арнайды сізге бұл биін

Достық тобы: «Тамшылар» биін билейді.
2 — жүргізуші:

Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың балабақшам
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Алғыстарым көп менің

Нұршуақ тобы: «Томпаңбай» әні

1 — жүргізуші:

Асыға сәлем жолдап жүректен біз,
Бірге өсіп ен жайлаған ұл мен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз, — дей келе алдарыңызда балабақшамыздың мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.

«Грузин» биі орындайтын «Нұршуақ» тобы.

2 — жүргізуші:
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың балабақшам
Сенде өсіп көктедім
Сенсің өмір көктемім.
Алғыстарым көп менің

«Нұршуақ» тобы «Қарлығаш» биімен.
Шағала тобы: «Ұстазым» әні.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр — сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Мерекелеріңізбен құтты болсын! Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!
Ұстазым менің ұстазым! жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!