Ұстазым менің, ұстазым балабақшадағы ашық сабақтар

0

 

Ұстазым менің, ұстазым

Ашық тәрбие сағаты
Пәні: Ән — саз
Ақжігіт балабақшасы МКҚК
Пән мұғалімі: Ерболатова Сәуле
Ересектер тобы.
Сабақтың тақырыбы: «Ұстазым менің, ұстазым!»
Жүргізуші: Құлдыраған құлын бөбек
Шар болаттай шындалсын
Балалары білімді боп
Өскеніне кім артық – деп топ балаларын ортаға шақырамыз.
—    Құрметті ата – аналар, ұстаздар, балалар! Бүгін бізде салтанатты мереке ұстаздар меркесі. Барлығымызды осы меркемен шын жүректен құттықтаймын. Мереке құтты болсын. Олай болса мерекелік концертімізді бастаймыз. Сөз кезегі Мария апайға береміз.
Жүргізуші: Санама нұр құйған
Ұстазым данышпан
Ол берген біліммен
Талаймен жарысқам
Қарты да жасы да
Кемеңгер данасы
Қарыздар ұстазға
Адамзат баласы
Хор: «Біз өмірдің күніміз»
Жүргізуші: ұшырдың талай – талай түлектерді
Толтырдың қуанышқа жүректерді
Бүгінгі мерекеңіз құтты болсын
Қабыл ал біздің ақ тілектерді.
Өлең шумақтар: Жанат, Ерболат, Айзере
Рақымжан: «Ұстаздың айтқанын ұғамын,
Білімді боп шығамын»
Ақжол: Биіктерден көрінсем
Сенің арқаң мұғалім
Жансая: Тәрбиеші апайды
Тыңдаймыз жақсы көреміз.
Жанат: талайды бұл күнді көптен
Біздің байтақ бақытты ел,
Ұстаздарын шын жүректен
Құттықтайды шәкірттері
Бейбарыс: Арналады ұстаздарға
Құрметтеген төр деген
Біздің елде адам бар ма?
Ұстаз алдын қөрмеген.
Мектеп вальсі биі: үлкен, кіші топтар
Жүргізуші: асқақтаған ән дайын
Күмбірлеген күй дайын
Ал қанекей қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар- ортаға үлкен топты шақырамыз.
Ән: «Топ – топ балақан»
Қарыздар ұстазға
Адамзат баласы
Жансая: Жаққан білім шырағын
Таққан ғылым тұмарын
Ол кім десең – мұғалім
Жақсылыққа үйреткен
Ол кім десең – мұғалім
Айназ: Алғыс сізге алғашқы ұстаз
Бізге үйреткен Әліппе
Алдыңызға бас иеміз
Атыңызды дәріптеп
Біржан: Өсірген ой білімді
Сүйем туған тілімді
Айзере: Сипадымда басымнан
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім
Ән: «Қошақан» кіші топ балалары Досжан, Ерболат, Айназ
Өзбек биі: орындайтын Жанат
Ойын: Мақалды жалғастыру
1.    Ұстазынан шәкірті озар
2.    Ұстазы жақсының
Ұстамы жақсы
3.    Оқу инемен құдық қазғандай
4.     Өнер ағып жатқан бұлақ,
Білім жанып тұрған шырақ.
5.    Әке – тірегің, ана – жүрегің.
6.    Жақсының қасиеті – жарыстыру,
Жаманның қасиеті – таластыру.
Ән: «Бала тілегі» орындайтын: үлкен топ. Қыздар: «Ертегілер» әні
Жүргізуші: ал қанеки тұрмайық
Қызық ойын ойнайық. (үлкен топ)
Үлкендерге сіз
Кішіге де сіз
Баршамызды құрметтеп
Бас иеміз біз
Сау болыңыздар аайлар!
Сөз (қорытынды)
1.    Әдіскер апай
2.    Тәрбиеші
Біз – өнерге
Ұлы өмірге, гүл өмірге иеміз
Көгімізді, көлімізді
Елімізді сүйеміз.
Ата – анаға сөз беру. Ақжолдың анасына 

Ақжігіт балабақшасы МКҚК

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: 

 «Ұстазым, менің ұстазым!»

Дайындаған:
Ән –саз пәнінің мұғалімі:  Ерболатова С

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!