Ұстаздармен сырласу

0



Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: 3 сынып

Тақырыбы. Ұстаздармен сырласу

Барысы:
Жайна білім ордасы бақ талабым,
Өзің үшін талай сыр ақтарамын.
Сен бергенсің білімнің кәусар нәрін,
Сен айырттың арасын ақ- қараның.
Сен аянбай ерледің ақ таң үшін,
Бізге арналды сан жылғы ақтарысың.
Сенсің Ордам білімнің шат бесігі,
Сенсің менің мектебім мақтанышым.

Бүгін мектебімізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, ұстазсыз білімнің, тәрбиенің де іске аспайтыны белгілі.
Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін ұғым болса, ол- ұстаз.

Алтын уақытын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім- тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт- бағдар беруде аяулы ұстаздарымыздың еңбегі ерен.

Ұстаз деген кім?

ақылшы дос жанашыр

адал
қайырымды

үлгілі
мейірімді
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы.

Ұстаздарға қандай құрмет көрсетуіміз керек?

сыйлаймыз құрметтейміз ардақтаймыз дауыс көтермейміз

қарсы сөйлемейміз тыңдаймыз
айтқанын орындаймыз
жоғары бағалаймыз

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген- ұлылардың ұлысы,
Қасиетіңе бас иейік мәңгілік

Ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып көрейік
ұстаз болу- өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау
ұстазға қарап шәкірт өседі
аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр
ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла
ұстазы жақсының- ұстамы жақсы

Олай болса, біздің ұстаздарымыз: (7 оқушы шығады, шарлармен әріптер жазылған)
М-мейірімді
Ұ-лағатты
Ғ-ғазиз
А-ақылды
Л-Лайықьы
І-іскер
М-маман

Ашық болсын нұрға толы көгіміз,
Аман болсын еліміз бен жеріміз.
Аманаттап тапсырамыз тағдырды,
Анамыз деп қабылдадық сені біз.

Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:
ҰСТАЗДАРМЕН СЫРЛАСУ

Сынып жетекшісі:
Калиева Луна Борамбаевна

3 сынып

2018-2019 оқу жылы


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.