«Ұстаз — мәңгілік нұрдың қызметшісі»

0









«Ұстаз — мәңгілік нұрдың қызметшісі»

Автор: Чуйтанова Рахила Ерсолтановна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-28


Материал туралы қысқаша түсінік

«Ұстаз — мәңгілік нұрдың қызметшісі»




Мақсаты: Балаларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін бағалай ілуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Ұлылықтың ұйтқысынан жаралған,Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,Өздеріңнен бастау алар бар арман.Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,Қолыңда шәкіртіңнің бала шағыӨмірді алға қарай өрлететінСендерде Ұлы Отанның болашағы —Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесі. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі — Ұстаз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз — мәңгілік нұрдың қызметшісі» атты мерекелік жиынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.Мерекелік жиынды ашу үшін бүгінгі біздің бүлдіршіндеріміздің әніне беремін.Ән: «Ұстазым менің»Орындайтын: Қамбар Мухсару, Ұланқадр Мадина, Халел Медина, Түркменбайұлы ӘлиханЖүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып, Ұстаз деген — ұлылардың ұлысы, Құрметіне бас иейік мәңгілік! — деп келесі кезекті бүлдіршіндердің тақпақтарына берейік.1 балаҰстаз бізді білім беріп өсіргенҚатемізді әрқашанда кешірген.«Өмір жолы — қиын жол» деп әрдайымТәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.2 балаЖақсылықтан үйреніпБоламыз біз жақсы адамЖамандықтан жиреніпҮлгі аламыз жақсыдан3 балаҰстаздарым биік тұлға байсалды,Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.Қуанышты жарқын тілек білдіріп,Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.4 балаҰлы өмірге жетелеп, ашқан білім есігінҚұрметтейік мәпелеп, ұстаздардың есімін.Жүргізуші: Бірге өсіп, ен жайлаған ұл мен қыз,Асыға сәлем жолдап жүректен бізТәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.Би: «Қара жорға»Жүргізуші: Ендігі кезекті тақпақтарға береміз. 5 балаАнамыздай менің асыл ұстазым,Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың.Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,Болашаққа бір жол нұсқадың.6 балаМұғалім ғазиз мұғалім,Сарқылмас мәңгі бұлағымҰланың бүгін тойыңда ,Арнайды саған бұл әнін.7 балаКелешекке алтын бақ,Қосар таудай үлесің.Жасай берсін жарқылдап,Ұстаз атты ұлы есім.8 балаНұрын төккен көк аспан күмбезіненКүлімдеуің ұқсайды күн көзінеӨолда болса ұстаздарға сыйлар ем,Бар байлығын әлемнің біз сіздерге.Жүргіуші: Білімнің кәусар бұлағын,Жүресің құйып санамаБіз үшін сенсің мұғалімҰстаз да, ғалым да, дана даХор: » Жас дәуірдің түлегіміз»Жүргізуші: Ұстаз болған баршағаАрдақты жандар қаншамаШәкіртің күнде қуансынШаршама ұстаз, шаршама — ұстаздарға арнаған бүлдіршіндердің тақпақтарына беремін.9 балаЕң аяулы есім ғой «Ұстаз« деген,Бар тіршілік бақытты ұстазбененҰстазды жеткізгенше мұратына Білім іздеп лапылдап жана берем10 балаАқырын жүріп, анық бас,Еңбегің кетпес далағаҰстаздық қылған жалықпасҮйретуден балаға.11 балаСағыныш сазы толқытқан,Арнамақ сөздің мәйегінШәкірттерің оқытқан,Келіп тұр жолдап сәлемін.12 балаҚанатым талмайдыҚиялым самғайдыАқын да, ғалым даҰстазсыз болмайдыМереке күніңменҚұттықтап бүгін менОйыма ой қосамСен берген біліммен.Жүргізші: Суретші болсақ, ең әсем бейнені ұстаздарға арнаймыз, Сәулетші болсақ, ең көрікті ғимаратты ұстаздарға саламыз, Жүрек күйін тербетер сазгер болсақ, асыл әнді ұстаздарға шырқаймыз Сезімді бойлайтын ақын болсақ, нұрлы жырлардың әр тармағын аяулы ұстаздарға арнаймыз.Би: «Көбелектер»Жүргіуші: Бүгінгі күн құшақтарын гүлге толсын,Дендеріңнің саулығы мықты болсын.Білімімен суарған шәкірттерін,Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!Құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз — мәңгілік нұрдың қызметшісі» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймын.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп — көп рахмет. Бүгінгі біздің балабақшамыздың қонақтары, бүгінгі мерекенің қонақтары __________________, қалалық білім бөлімінен келген тәлімгер, ұстаз Чуйшбаева Сәуле апайға береміз.

№ 22 «Ақбұлақ» балабақшасы МКҚК

«Ұстаз — мәңгілік нұрдың қызметшісі»







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.