Үштілділік-адамның өмірдегі жетістік қағидасы

0









Үштілділік-адамның өмірдегі жетістік қағидасы

Автор: Дусупова Сания Бурамбаевна

Бағыты: Басқа Бөлімі: Басқа Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-02-01


Материал туралы қысқаша түсінік

Үштілділік -заман талабы




Үштілділік – адамның өміріндегі жетістік қағидасыЕлбасының үш тұғырлы тіл саясаты бүгінгі жас ұрпақ үшін маңызды. Еліміздің әр азаматы әлемнің кез келген мемлекетінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу керек. Білім беру реформасының басты нәтижесі осы болуы тиіс. Сапалы білім беру қызметіне қол жеткізе отырып, болашақ іргесін мықты ете аламыз. Әрине, ол үш тілді игеру арқылы жүзеге асады.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев-тың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған үш тұғырлы тіл саясатына баса назар аударуды қазіргі мұғалімдерге міндет. Жаңа заманда жаңаша оқыту, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беру – ұстаздардың борышы.Сонымен бірге, үш тілді білу, оны нәтижелі үйрету үшін оның тіл мағынасын түсіну – бүгінгі күннің кезек күттірмей-тін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек-талабы үш тілді білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында:  «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»-деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті.  Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.     «Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат. Осы жобаны түсіндіруде және іске асыруда түрлі жансақтықтарға жол беріп алып жатамыз. «Үш тұғырлы тіл» — қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес. Керісінше, бұл әр тілді өзіне лайықты орнымен қажетіне қарай лайықты пайдалану деген сөз. Мұнда мемлекеттік тілдің орны тіпті бөлек. Оған ешкімнің таласы жоқ. Үш тұғырлы тілді желеу етіп, мемлекеттік тілді ығыстыру мүлде дұрыс емес» — дейді. Үш тілдің бірлігі” мәдени жобасы – үш тілді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, бұның түпкі негізі, көздеген мақсаты – мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу.Қандай мемлекет болмасын оның, ең әуелі мән беріп, ұлықтайтын тілі, әрине, мемлекеттік тілі. Өйткені, мемлекеттік тіл әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің сипатты белгілерінің бірі, ұлттық саясатының көрсеткіші. Міне, осы бағытта еліміз, ең әуелі, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруға күш салып отыр. Бұл мәселе тек қана қазақ халқының ғана емес, елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің де алдында тұрған міндет.Еліміздегі ең жоғарғы лауазым – Президенттікке үміткер тұлғаға қойылатын талаптың бірі – мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін тексеретін сынақтан өту. Осындай қатаң талап неге мемлекеттік құрылымның басқа да лауазымды тұлғаларының алдына қойылмайды?! Мемлекеттік тілге деген шынайы құрмет жоғарыдан бастау алып, қарапайым халыққа үлгі болса, қазақ тілінің тұғыры беки түсер еді. Үш тілде білім беру жобасы ШҚО-да алғашқылардың бірі болып қолға алынған еді.  Ағылшын тілін оқыту Кембридж әдістемесі бойынша, ал қазақ және орыс тілдерін оқыту бағдарламада түзілген бағыт бойынша жүргізіледі. Бұл ретте арнайы диагностикалық тестен өткен үш мыңға жуық мұғалім қайта даярлықтан өтеді. Облыста 2016-2019 оқу жылдарына арналған үштілділікті дамытудың кешенді бағдарламасы бекітілді. «Шығыс Қазақстан облысындағы барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінің  2015 — 2019 жылдарға арналған жол картасы» түзіліп, ҚР Білім және ғылым министрлігімен келісілген.— Үштілділікті дамытудың кешенді бағдарламасын жүзеге асыруда мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 509 млн. 648 мың теңгеге  1 — 11 сыныптарға арналған 341535 дана оқу — әдістемелік құралдар мен оқулықтар сатылып алындыАймақ басшысы Даниал Ахметов үштілділікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін негізгі тіл мамандары – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мұғалімдері — дайын болу керектігін және де олардың білімдері білім сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазіргі заманғықазақстандық үшін үш тілді білу — әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты.Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20пайызды құрауы тиіс» екендігін баса айтып өткен болса, шетел тілін оқып үйренемін деушілердің саны да күннен күнге көбеюде. Сонымен қатар шетел тілінің еліміздің оқу жүйесінде айырықша мәртебеге ие болғандығын айқындайды.Шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғарғы оқу орындарында оқыту жаңа әдістемелердің қажеттілігін тудырады. Көптілді меңгеру –мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаралық және мәдени қарым- қатынастардың аса маңызды құралы. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның тәжірибелік және зияткерлік іс-әрекетінде көптілдік сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым- қатынасы артып отырған шақта көптілді еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым- қатынас жағдайында пайдаланаалатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің міндетіміз.Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі көптілді жетік меңгеруді талап етеді. Осыған орай, білім беру жүйесінде мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым- қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Бұл шетел тілі пән мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.Қазіргі заман талабына сай мұғалім үлкен дайындықпен, жаңаша әдіс- тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен ізденіс үстінде сабақты түрлендіріп отыруы қажет. Болашақ ұрпақтың дамуы ұстаздардың белсенділігіне, білім деңгейіне, шығармашылық іс-әрекетіне байланысты болмақ.  Пән мұғалімі ретінде менің алдыма қойған мақсатым– халықаралық қатынастар мен бизнес, әлемдік экономика мен саясат, мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыстағы маңызды орынды иеленіптұрған ағылшын тілінің қажеттілігін оқушыларға жан- жақты түсіндіріп, ауызыекітілде еркін сөйлеуге үйрету. Осы мақсатқа жету үшін талмай іздемпаздықпен еңбек ету ұстаз қауымының негізгі міндеті мен мақсат мүддесі болмақ.Тілді оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалану арқылы оқушылардың білім алуға ынта-ықыласын оятып, жауапкершілігін күшейту көзделеді.Сондықтан әр оқушының бойына жаңа, тың серпеліс туғызатындай әдістерін тауып, әрқилы әрекеттер арқылы олардың ақыл-ойын ұштау, жетілдіру көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін дамыту жолдарын іздестіру-әр оқытушының міндеті.           Шетел тілін оқушыларға үйретудегі негізгі қағидалар: олардың сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау дағдыларын дамыту, қалыптастыру, оқушылардың белгілі бір дәрежеде шетел тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін ағылшын тілі сабағында жаңа технологиялардың тиімді тәсілдерін, солардың бірі ақпараттық –коммуникациялық технологиясын, сын тұрғысынан ойлау  стратегияларын және т.б. технологияларды, өз сабақтарымда жиі пайдаланып жүрмін. Оқушылар топтық немесе жұптық жұмыстар арқылы екі елдің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру арқылы айқындай. Сабақтарымда өтілген әр түрлі тақырыптарды меңгеру, пысықтау, саралауға бағытында жұмыстар өз тәжірибемде міндетті әдіске айналған.Жұмыстың мұндай түрлері оқушылардың білімдерін бекітуде өте пайдалы әрі қызықты  Қай кезеңде де көп тіл білетін азаматтар мемлекеттің төл мәдениетімен қатар, әлем Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Білім саласында қызмет еткеннің бәрі Қазақстанның келешегіне қызмет етеді» деген сөзінде үлкен мән жатыр. Бұл ұлағатты сөз ең алдымен мұғалім қауымына ерекше жүк артып отыр.2015-2019 жылдары толығымен жүзеге асыру көзделіп отырған жоспар негізінен үш кезеңде орындалмақ. Яғни, бірінші кезең – 2015-2016, екінші кезең 2016-2017, ал соңғы, үшінші кезең 2018-2019 оқу жылдарында іске асатын болады. Аталған шаруалардың жүйелі орындалуы үшін тілдерді оқыту сағаттарын көбейту, бірыңғай оқулықтар сатып алу, пән мұғалімдерін қайта даярлау курстарынан өткізу, аталған пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешенін жасау, заманауи сандық білім ресурстарымен қамтылуы үшін мектептерді интернет жүйесіне қосу және пәндік салада (физика, химия, информатика, биология, тарих және қазақ әдебиеті) үштілділікті оқытуға көшу бойынша кадрлық және әдістемелік жағдай жасау басқа да көптеген жұмыстар қолға алынып отыр.Атқарылған іс нақты нәтиже-қорытынды арқылы көрінетіні белгілі. Республика бойынша үштұғырлы тілді меңгеру жөнінен қанатқақты облыс ретінде алынып отырған өңіріміздегі бұл кешенді жоспардан да үлкен нәтиже күтілуде. Сонымен, 2019 жылы облысымызда білім беру саласындағы тілдік пәндер мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі өседі, қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша бірыңғай оқу-әдістемелік кешені енгізіледі және оқушылардың бірнеше тілде сөйлеуі бойынша тілдік білімділігі қалыптасады деген үміт мол.Енді осы бағдарлама бойынша мектептегі ағылшын тілі пәні мұғалімдері біршама жұмыс атқарудамыз.Бағдарлама бойынша 1 жетілік және 2 жетілік курстардан өтіп,білімімізді толықтырдық.Халықаралық ТКТ емтиханын тапсырдық.Оқушылар Cambridge University Press баспасы шығарған оқулықтармен қамтамасыз етілді.Ағылшын тілінен 10-11 сыныптарда қосымша 3 сағат беріліп, сағат саны көбейді.Дегенмен біраз қиыншылықтар орын алды.Қазақстандық оқулықтан кейін бірден жаңа оқулыққа көшу біраз қиыншылықтар тигізді.Лексикалық қорлары мен грамматикалық тапсырмалары күрделі.Мысалы 11 сынып оқушылары 10 сыныптың оқулығын оқымағандықтан қиналып қалады.Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулар мен 9 сыныпқа арналған СД дискісі комплектімен келген жоқ.Біраз материалдарды интернеттен алып отырмыз.Бір step 4 сағатқа арналған,күрделі біз оны 2 сағатқа үлгермей қаламыз,сондықтан қосымша сабақтарда оқуға тура келеді.Және оқулықпен жұмыс істеу туралы нұсқаулық жоқ болғандықтан қиындықтар туындайды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ« ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚМАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ- ИНТЕРНАТЫ» КММ

Педагогикалық кеңес

Тақырыбы: Үштілділік – адамның өміріндегі жетістік қағидасы Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Турсынбаева Т.А

2017-2018 ж







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.