Ұшқыш болам балабақшадағы ашық сабақтар
Күні: Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы:Ұшқыш болам.Тұңғыш қазақ ғарышкері
Мақсаты: 1.Балаларға ғарыш туралы түсініктеме беріп,қазақ елінің тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаевтар жайлы балалардың өздеріне әңгімелету.
2.Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін дамыту.
3. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу
Көрнекілігі: Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаевтың суреттері
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар мынау ненің суреті?
-Зымыран,ғарыш туралы түсінік беріп «Ұшқыш болам»-деген тақырыпты өтетінімізді айту.
Мен ақылдымын,
Қиындықтан қорықпаймын
Мен жаспын қандай әдемімін,
Мен ұзақ өмір сүремін.
Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді.
Мен халқыма қызмет етемін
Айға ұшамын,жерге түсемін,
Халқыма тыныштық тілеймін.
V Жаңа сабақ
Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаевтың өмірбаянын әңгімелеу.
«Ұшқыш болам» Т.Молдағалиев.-өлеңін оқып беру.
Оқып берген өлеңді сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.
«Тұңғыш қазақ ғарышкері» С.Қалиев
Сергіту сәті:Арман қуып жасынан
Көктен көзін алмаған.
Ұшқыш болды жас ұлан.
Аспанда еркін самғаған
VI Бекіту
Дидактикалық ойын: «Ғарышкер»
Шарты:Аспан әлемінің өзгешелігін айтып беру.Ай,күн,жұлдыз т.б.
VII Қорыту
-Балалар қандай тақырып өттік?
-Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.
-Ғарыш әлеміне нелер жатады?
-Кім ғарышкер болғысы келеді?
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!