Үшбұрыштың биіктігі
Үшбұрыштың бір төбесінен, қарсы жатқан қабырғаны қамтитын түзуге түсірілген перпендикуляр, осы төбеден түсірілген үшбұрыштың биіктігі деп аталады.
Мына суретте B төбесінен түсірілген BD биіктігі көрсетілген:
Суреттегі үшінші үшбұрышта биіктік қабырға боп тұр. Себебі B төбесіне қарсы жатқан бұрыш тік бұрыш (900).
Үшбұрыштың үш төбесі бар, бұл төбелерден үшбұрыштың үш биіктігін жүргізе аламыз. Яғни үшбұрыштың үш биіктігі бар болады.
Пән: Геометрия