Үш тұғырлы тіл слайд,презентация

0

Үш тұғырлы тіл слайд,презентация

 

 

«Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Қазақстан бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт — аралық қарым — қатынас тілі, Ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіргізу тілі. Қазақстан – дүниежүзі халықтарына есігін айқара ашқан, әлемдегі елу озық елдің қатарына енуді мақсат еткен, стратегиясы айқын, зайырлы мемлекет болғандықтан, ондағы тіл саясатына айрықша мән беріліп отыр. Әсіресе, көп ұлтты, көп конфессиялы мемлекеттің бүкіл халқының басын біріктіру, олардың тілдік мүддесін бір арнаға тоғыстыру міндетінің жүктелуі – уақыт талабы. Себебі, жүз отыздан астам ұлт өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі ұлтаралық келісімнің берік орнығуы, түптеп келгенде, елішілік тұрақтылықтың кепілі болу рөлін мемлекеттік тіл ғана өз деңгейінде атқармақ. Сондықтан мемлекеттің негізін құраушы аса маңызды үш фактордың бірі – тіл қолданысын кеңейтіп, позициясын нығайтуға үлес қосу – әрбір азаматтың борышы.

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!