Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту

0
Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту Оқу мақсаттары 3.1.2.5.Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау. 3.5.2.4. Қосу және азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану. Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындайды. Бірқатар оқушылар: үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындауын түсіндіреді. Кейбір оқушылар: қосу және азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектердің атауларын қолдануды білді. Тілдік мақсаттар Оқушылар: 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен оқи алады. Пәндік лексика және терминология: Үш таңбалы сандардың ондық құрамы. Үш таңбалы сандарды қосу және азайту тәсілдері. Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау: Разряд бойынша қосу (азайту) дегеніміз не? Үш таңбалы сандарды қалай қосуға болады? Жазылым: Үш таңбалы сандарды қосу және азайтуға өрнектер жазу. Тірек білім, білік, дағдылар Сандардың разрядтық құрамы. Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар 0-3 Ынталандыру. Алдыңғы сабақтарда үш таңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын орындауды үйрендіңіздер. Ары қарай жылжу үшін біз өткен сабақтардың жақсы қабылданғанын білуіміз керек. Білімді өзектендіру. Үлестірмелі қима қағаздардағы тапсырмаларды орындау (немесе тақтадағы). Ауызша есептеу. Не өзгереді, не өзгермейді? Шешім шығарыңыз. Қосу кезінде бірліктерді бірліктермен, ондықтарды ондықтармен, жүздіктерді жүздіктермен қосады. Азайту кезінде бірліктен бірлікті, ондықтан ондықты, жүздіктен жүздікті азайтады.Мақсат қою (мәселелі жағдаят).

  • Бүгінгі сабақтың мақсаты?
  • Қосу амалдары бойынша алған білімдерін бекіту.
  • 12-29 Өзіндік жұмыс. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындауды ұсынады. Есептеу тәсілін түсіндіреді. Қатемен жұмыс. Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.

  • Кімде қиындық туындады?
  • Қай жерде қателестіңіз?
  • Қателесуіңіздің себебі неде?
  • Өзіндік жұмыс кезінде қиындық болмаған балалар өз іс-әрекеттеріңіздің мақсатын құрастырыңыз.
  • (Қосымша тапсырманы орындау).

  • Қиындық туындаған балалардың алға қойған мақсаты қандай?
  • (Қатені түзету).

  • Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.
  • Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.
  • Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Балаларға 5-тапсырманы қарап шығып, оқу ұсыну. Әріпті өрнектің мәнін қалай табу керек? Бұл өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады? (Бір әріпті, екі әріпті). Үлгі бойынша өрнектің мәнін тап. Үлгі: (a + 8) + b а= 9 b= 100 (9 + 8) +100 = 117 Оқулық, дәптер. 30-36 Алғашқы бекіту үшін 6, 7-тапсырмалар орындалады. Қалған тапсырмаларды мұғалім саралап ұсынады. Оқулықтағы 11-тапсырма – зерттеушілік сипаттағы тапсырма. Өрнектерді сандарды және оның нәтижесін салыстыруға аударады. Оның өсуіне немесе кемуіне байланысты таңбаларды таңдау қажет. 270 -30 -70 = 170 270 + 30 — 70 = 230 270 + 30 + 70 = 370 270 — 30 + 70 = 310 37-40 Рефлексия. Сөйлемді аяқтаңыз: Бүгін мен… білдім. Мағанқызық болды. Мағанқиынға соқты. Мен… тапсырмаларды орындадым. Үй тапсырмасын балалардың жеке қиындықтарын ескеріп анықтайды.