Үш бәйтерек слайд,презентация — Әдебиет
Үш бәйтерек слайд,презентация
Оны философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік-ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т.б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан.
Ол әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы – «Оян, қазақ!» деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орынборда «Азамат», ал 1915 жылы «Терме» атты өлеңдер кітаптары басылып шығады.
1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.
Оның ішінде көптеген өлеңдер, «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» хикаяты мен «Әнші» секілді бірқатар көркем әңгімелері, «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Ел қорғаны», «Шернияз» пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар.
Ол – лирикалық өлеңдермен қатар бірнеше көркем поэмалар жазған ақын. Атап айтқанда, «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян», «Қорқыт», т.б. поэмалары ақын талантының ерекше қырын танытады.
Қалың қара қазаққа
Үш бәйтерек атандың.
Жаның малынып азапқа
Ұрпақ үшін сөз алдың.
Кейде күйіп, кейде мұң
Көңілге жақты қараны.
Артта мына ұрпақтың
Болдың міне ұраны.
Ақылменен терең ой
Тіпті жанға сыймаған.
Ілияс, Бейімбет, Сәкен ғой
Еліме бақыт сыйлаған.
Бізге мұра, сіздің еңбегіңіз
Бізге аңыз, сіздің көргеніңіз.
Халық жауы атанып кетсеңізде
Сақтаймыз сізді мәңгі есімізде.