Үш бәйтерек

0
1 бет

Қазақтың “Үш бәйтерегі”

2 бет

Сәкен Сейфуллин (1894-1938)
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы) туған.  Қазақтың көрнекті жазушысы,қазақ әдебиетін қалып- тастырушылардың бірі,қоғам қайраткері.

3 бет

Білім алуы1905 жылдан бастап 1908 жылға дейін Спасск мыс балқыту жанындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған, содан кейін Ақмола Ақмола үшсыныптық қалалық училищеде оқыды. Сонымен қатар, 1912 жылы Сәкен медресеоқушыларын орыс тіліне дайындайды. 21 тамыз 1913 жылы Сейфуллин Омбы педагогикалық семинариясына келді, онда ол Мағжан Жұмабаевпен оқыған.Қыркүйек айынан бастап Сейфуллин Ақмоладағы жаңа орыс-қазақ мектебінде үш айлық мұғалімдерді оқыту курстарын жүргізеді.

4 бет

Қазақстан пошта маркалары, 2006 жыл: Уәлиханов, Сейфуллин, Төреқұлов,Сәтпаев

5 бет

Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық-саяси ұстанымен бедерлі айғақтайтын туындылары — «Кел, жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», «Жолдастар» сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос», «Социалистан», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» повестері мен «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық роман жазған. «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары — өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар. 
Шығармалары

6 бет

Сәкен — қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына айрықша еңбек сіңірді. Бұл жолда Сәкен социалистік жүйені оның идеялық дем берушісі, коммунистік партияны халықтарға бақыт пен бостандық әкелуші деп сенді. Тіпті, сенбеген күнде, сөз жүзінде мейлінше тартымды коммунистік партияның саяси платформасын ұлттың көгеріп-көктеуіне пайдаланбақшы болып, жан-тәнімен қимылдады. 

7 бет

Қарағандыдағы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры

8 бет

9 бет

10 бет

11 бет

Ілияс Жансүгіров— ақын ,қоғам қайраткері. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан.«Ілияс Жансүгіров — қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп күні бүгінге дейін үлгі шашып дәстүр жасаған қайраткер» Тұрсынбек Кәкішов
Ілияс Жансүгіров (1894-1938жж.)  

12 бет

Қысқаша өмірбаяныҚарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді.1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.1922 жылыВерныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады.1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп;1933–1936 жылдары Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды.1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып;1938 жылы ату жазасына кесілген.1958 жылы ақталды.

13 бет

Шығармалары:Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін, 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. Жансүгіровтың баспа бетін көрген алғашқы туындылары – «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Бұлар 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа»газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. «Күй», «Күйші», «Құлагер» сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға — қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.

14 бет

15 бет

16 бет

17 бет

18 бет

Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» — сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құралын шығарды.
Бейімбет Майлин

19 бет

Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады.Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан.1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.

20 бет

Шығармалары:Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады. Бейімбет Майлиннің шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.

21 бет

22 бет

23 бет

25 бет

26 бет