Ұсақ тастардан мозайка құрастыру

0

Сабақтың тақырыбы: Ұсақ тастардан мозайка құрастыру
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еңбек сабағында ұсақ тастардан түрлі жұмыстың жасалу жолын үйрету.
Дамытушылығы: Оқушыларды еңбек сабағына деген логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Жасалатын жұмысты жылдам жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұсақтастар. Әйнектер
Жаңа технология: Оза оқыту технологиясы

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Сабаннан құрамақ жасау мен жіптен құрамақ жасаудың өзгешелігі неде?
2. Сабаннан тағы не жасауға болады?
3. Мысықтың жейтін азығы қандай?
4. Шеберлер деп кимді айтамыз?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тастан құралған мозайкалар үй құрлысында және жолдарда безендіруге пайдаланады. Мозайка дегеніміз әр түрлі ұсақ тастардан, мата, қағаз қиықтарынан шыны сынықтарынан құралатын өрнек немесе сурет.
Ұсақ тастарды өзен, бұлақ және теңіз жағасынан қала сыртынан теріп және дүкеннен сатып алуға болады.
Мозайка құрастыру реті
1. Бейненің сұлбасын белгілеу
2. Негізін дайындау қатырма қағазға бір қабат ермексаз төсеу.
3. Негізгі сызықтарын ерекшелеп көрсету
4. Балықтың бүкіл сыртқы көрнісін өрнектеу.

ІV. Қауіпсіздік ережесін сақтау
1. Қайшыны жолдасыңа сап жағымен ұсынамыз.
2. Инені киімге қадауға болмайды
3. Қайшыны ашық тастама.
4. Желімді ауызға салма.
V. Өз беттерінше жұмыс
Балықты мүсіндеу.
VІ. Топтастыру әдісі
Ұсақ тастардан мозайка құрастыру. жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!