Ұрпақ тәрбиесі-ел болашағы балабақшадағы семинарлар

0

Ұрпақ тәрбиесі-ел болашағы
                                                                                     Г.Н. Қуантаева.
                                                                          №10 Балабақша әдіскері.
                                                                           Алдашбай ахун ауылы,
                                                                           Қармақшы ауданы.
      Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі. Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Сондықтан жас ұрпаққа білім беруді үздіксіз жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.
    Жас жеткіншектердің тәрбиелі де білімді болып, еліміздің мақтанышына айналуына 2006 жылдың желтоқсан айында өз жұмысын бастаған біздің Алдашбай ахун ауылындағы №10 балабақшасының ұжымы да өзіндік үлесін қосуда.
     Балабақша меңгерушісі Зоя Мәлікқызы Абауова мекеменің алғаш ашылған күнінен бастап тәрбиешілердің  ізденіспен жалықпай шығармашылық бағытта жұмыс жасауына мүмкіндік тудырып қана қоймай, оларға жан-жақты талап қоя білетін іскер басшы. Зоя Мәлікқызы өзінің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының бірнеше рет «Алғыс хаты» мен «Мақтау қағазын» алса, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сондай-ақ, 2010 жылы «Жылдың үздік білім қызметкері» атағына ие болды.
    Осындай іскер басшының іс-тәжірибесінен тәлім алған тәрбиешілер Қалпиева Шаттық пен Ертілеуова Әсел бала жанының бағбаны бола білуде. Балабақшамызда «Балалардың шығармашылық  қабілетін дамытудың жаңаша шарттары мен педагогикалық іс-әрекет бағыттары» тақырыбында аудандық мектепке дейінгі мекемелердің әдіскерлеріне арналған семинар өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімінің бас маманы Мария Төрешова мен аудандағы барлық балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Семи нарда тәрбиешілер Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ережелерінің жаңа стандартының бес білім беру салаларының талаптарына сай жұмыстар көрсетті. Атап айтсақ, кіші топқа Әсел Ертілеуова «Балалардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, уақытты бағдарлай білуін үйрету мақсатында математикадан оқу іс-әрекетін көрсетсе, ересектер тобына Қалпиева Шаттық «Балалардың білім деңгейін анықтай отырып, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында «Топжарған» білім сайысын өткізді. Балабақшаның әдіскері осы семинарда жыл бойы жүргізілген жұмыстар, олардың жүргізілу тәртібін көрсетті. Семинарда көрсетілген барлық жұмыстар жоғары бағаланды.
    Семинарды қорытындылай келе, сөз соңында, «Бала- біздің болашағымыз, олай болса болашағымыз жарқын, егемен елдің ертеңі жас ұрпақтың тәрбиелі, оқу білімімен өлшенеді. Ол үшін жан-жақты ізденіс, шығармашылықпен жұмыс істеу заман талабы. Алар асуымыз, шығар шыңымыз көп болсын!»-дейді, балабақша меңгерушісі Зоя Мәлікқызы.
    Біздің де болашақтан сеніміміз мол!  

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!