ҰРЛЫҚ, ҰЯТ, ЫНСАП, ПЕЙІЛ ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР
ҰРЛЫҚ ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР, ҰЯТ ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР, ЫНСАП ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР, ПЕЙІЛ ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР
Ұрлық, ұрлықтың түбі қорлық.
***
Атақты ұры аштан өледі.
***
Ұры түн асқанша,
Қасқыр дөң асқанша.
***
Ұры — қарының серігі.
***
Ұрыға мал құтаймас.
***
Бұзауды ұрлаған, өгізді де ұрлайды.
***
Сезікті секіреді.
***
Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаласың.
***
Жортуылшының басы жолда қалады.
***
Елін сатып асаған,
Екі күн ғана жасаған.
***
Ұры өле өлгенше ақпын дейді.
***
Ұрысы күшті болса, иесі өлер.
***
Қолағашы күшті болса,
Киіз қазық жерге кірер.
***
Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.
***
Әркім сүйгеніне сәлем береді.
***
Інгенімді қараймын деп,
Мінгенімнен айырылдым.
***
Бір аяқ қымыздың, екі аяқ желі
болды.
Ұялған сыбағасынан құр қалар.
Мысқыл, мысқылдың түбі мүшкіл.
***
Жаманға жалынғанша,
Жат та жаныңды қарман.
***
Ашыққаннан, құныққан жаман.
***
Жуастан жуан шығады.
***
Тышқан ініне ене алмай жүріп,
Құйрығына қалжуыр байлайды.
***
Дәніккен қарсақ құлағымен ін
қазар.
***
Мешкейдің өзі тойса да, көзі тоймайды.
***
Жарамсақтанған ит жатқанша таяқ жейді.
***
Жуас түйе жүндеуге жақсы.
***
Біреудің атанына дегені,
Өзінің ботасына көрінер.
***
Сенің атың тұра тұрсын,
Менің атым жүре тұрсын.
***
Ақкөңілді адамға, біреудің
сырқаты да батады.
***
Жорғалымен жолдас болма, жолда қаларсың.
***
Пайдасы жоқ бардан без,
Панасы жоқ сайдан без.
***
Басым бар деп топтанба,
Малым бар деп мақтанба.
***
Өзі тоймағаннан сарқыт дәметпе.
***
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.
***
Жүре берсең, көре бересің,
Көре берсең, көне бересің.
***
Көрпеңе қарап көсіл.
***
Аттан айырылсаң да,
Ер тоқымнан айырылма.
***
Алтын ерің атқа батса,
Алтынын алда отқа жақ.
***
Бар болсаң аспа, жоқ болсаң
саспа.
***
Үйіңе келгенге, үйдей өкпенді
айтпа.
***
Қарақұрт жеп қой семіреді,
Қансоқта жеп ит семіреді,
Пара жеп би семіреді.
***
Жарлылық ұят емес, байлық мұрат емес.
***
Жарлылығын жасырған байымас.
***
Жоққа жүйрік жетпес.
***
Жалғыз тары ботқа болмас,
Ботқа болса, жұртқа болмас.
***
Қысқа жіп күрмеуге келмейді.
***
Жарлының жалғыз қозысын қасқыр жейді.
***
Жоққа тұз да қат.
***
Жарлының аузы аққа тисе,
Мұрны қанайды.
***
Байды өркөкіректік өлтірер.
***
Жарлы кісі жаманар,
Жаманар да, қуанар.
***
Ұры байымас,
Сұқ семірмес.
***
Сорлыға сорпа да жетпейді.
***
Жарлы атқа мінсе, «Қайдан алды»
дер,
Бай атқа мінсе, «Құтты болсын»
дер.
***
Құлан құдыққа құласа,
Құлағына құрбақа ойнайды.
***
Не жоқ болса, сол қат.
***
Қазаншының еркі бар,
Қайдан құлақ шығарса.
***
Жеген аз, жегізген көп.
***
Күштіге тәңір жоқ.
***
Екі ұштыны бір күшті қосады.
***
Кеме келгенде,
Қайық судан шығады.
***
Көргенді көптеген жеңеді.
***
Асың барда ел таны,
Атың барда жер таны.
***
Етігі жаман төрге шыға алмас,
Жеңі жаман ас іше алмас.
***
Аллаңнан ойбайым тыныш.
***
Байдан пайда құтылмас.
***
Өзі тойса да, көзі тоймайды.
***
Әулие қасындағысын қолтықтайды.
***
Мың күн жұмақтан, бір күн тірлік артық.
***
Алыстағы әулиеден,
Жақындағы машайық артық.
***
Сен құдайға жеткенше,
Мен үйге жетем.
***
Қарғыстан кісі өлмейді.
***
Құр алғыс азық болмайды.
***
Алла бермегенді, молда бермейді.
***
Қарғанған құр қалар.
***
Жын соқаннан, мың соққан жаман.
***
Байдың мыңын көрмей,
Жалғыздың жалғызын көреді.
***
Хан еріксе, қара халық ханның ойыншығы
болады.
***
Әр ханның тұсында,
Бір сұрқылтай.
***
Хан сыртынан жұдырық.
***
Кілемге бергісіз алаша бер,
Ханға бергісіз қараша бер.
***
Ханнан қазық, биден тоқпақ.
***
Ханның басын хан алар,
Қардың басын қар алар.
***
Қара қайсы, хан қайсы,
Елді ойлаған жан қайсы.
***
Екі молда бір кісі,
Бір молда жарты кісі.
***
Өлеңді жерде өгіз семіреді,
Өлімді жерде молда семіреді.
***
Шала молда дін бұзар.
***
Аңқау елге арамза молда.
***
Ораза, намаз — тоқтықта.
***
Шала молда шарық айтар.
***
Тентек молда телмірген өгіз.
***
Қар жауды деп қуанба,
Артынан аязы болар.
Қожа келді деп қуанба,
Артынан ниязы болар.
***
Жарлының еңбегі — байдың ермегі.
***
Қайырсыз байдан қайнатқан су артық.
***
Жаңа байығаннан қарыз алма.
***
Байдың күні пәрменмен,
Жарлының күні арманмен.
***
Байға құл болғанша,
Байғұсқа ұл бол.
***
Ескі бай аяншақ келер,
Жаңа бай мақтаншақ келер.
***
Бай союға қозы таппай,
Жарлының жалғыз қозысын сұрайды.
***
Бай қасына барып бақыр болмасаң,
маған кел,
Хан қасына барып басыңды алмаса, маған
кел.
***
Бай бауырын танымас.
***
Сауда досқа қарамас.
***
Бай кісі жарлы болса,
Бетін қоюға жер таба алмас.
***
Бай бастас, кедей мұңдас.
***
Бай балпаң,
Жарлы қалтаң.
***
Бай тоқтығынан кекіреді,
Кедей аштығынан секіреді.
***
Байды құдай ұрайын десе,
Жортуыл бастайды.
***
Төреге ерген ер-тоқымын арқалар.
***
Қойды құртаң бүлдіреді,
Елді сұлтан бүлдіреді.
***
Торе аяғы маймақ,
Төбе басы тайғақ.
***
Қас екеніңді қабағыңнан танимын,
Сараң екенінді табағыңнан
танимын.
***
Төре тайғақ болса,
Бітіп болмас.
Төбе тайғақ болса,
Шығып болмас.
***
Жаман төре жан алар.
***
Бай байға құяды, сай сайға құяды.