Урбандалу деген не? Урбандалу деңгейі
Урбандалу деген не? Урбандалу дегеніміз мемлекеттегі қала халқы үлесінің артуы, өсуі. Урбандалу 19-20 ғасырларда қалалардағы ірі өнеркәсіп орындарының шапшаң дамуы нәтижесінде пайда болды.
1800 жылы қала халқының үлесі бар жоғы 3% тең еді, 1860 жылы 6,4%-ке ал 1950 жылы 30%-ға дейін өсті.
Урбандалу процесінің негізгі себептері
1) Қалада көп компаниялар орналасқандықтан, қаладағы жалақының орташа мөлшері ауылдықтан артық болуында.
2) Қаладағы сан түрлі мүмкіндіктердің бар болуында.
Мысалы, бір ауылда бір мектеп қана бар болса. Ірі қалаларда түрлі бағыттағы (физикалық, лингвистикалық, спорттық, ақпараттық…) ондаған, жүздеген тіпті мындаған мектептер бар болады. Жоғары оқу орындары да негізінен ірі қалаларда орын тепкен.
3) Қала маңындағы ауылдардың, қаламен қосылуында (агломерация).
Урбандалу деңгейі
Мемлекеттегі қала халқының үлесі урбандалу деңгейі деп аталады. Мысалы қала халқының үлесі 60% болса, урбандалу деңгейі 60% тең деп аталады.
Дамыған елдерде урбандалу деңгейі жоғары болады, ал дамымаған елдерде бұл көрсеткіш төмен болады.
Қазақстандағы урбандалу
Қазақстандағы урбандалу деңгейі 60%-ке жуық. Қалаға ауылдағы жұрт 1990-2000 жылдары көп көшті. Себебі Кеңес Одағы 1991 жылы ыдырағаннан кейін ауылдағы зауыттар мен фабрикалардың көбі жабылды да, ауылдағы қазақтар қалаға жұмыс іздеп көше бастады.
Урбандалудың салдарынан Алматы сияқты ірі қалалардың халқының саны күрт артты, мысалы 1989 жылы 1,071 миллион болса, 2016 жылы 1,713 миллионға жетті.
Пән: География