Ұннан жасалатын тағамдар балабақшадағы ертеңгіліктер
Ұннан жасалатын тағамдар
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекет: Мүсіндеу.
Тақырыбы: Ұннан жасалатын тағамдар.
Мақсаты.
Білімділік: Балаларға ұннан жасалатын тағамдар жайында қарапайым түсініктер беру, нанның қайдан шығатыны жайындағы ұғымдарын тиянақтау.
Дамытушылық: Ұннан жасалған тағамдарды мүсіндеу, іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Асты қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұннан жасалатын тағамдардың суреттері.( Муляждар) үлгі. Отбасы мазмұнды суреті.Мүсіндеуге қажетті құралдар.
Әдіс-тәсілдер: сурет бойынша әңгіме құрау,көрнекілік ,түсіндіру, жасалу жолдарын көрсету,есу,жалпақтау, домалақтау т.б.
Сөздік жұмыс: Ұлттық тағамдар атаулары және көркем шығармалар мазмұнында кездесетін кейбір сөздер.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: сурет көрсетіп әңгімелеу.Көркем шығарма оқу.
Сабақтың барысы: Тәрбиеші сабақты «Отбасы» суретін әңгімелеуден бастап, дастархандағы тағамдармен байланыстырып,- «Нан қайдан шығады?» ертегісін еске түсіріп қайталайды (қанша кейіпкер,тек аттарын атап өту) . Наның көп еңбекпен келетін түсінген боларсыңдар. Біз де бүгін еңбектеніп, ұннан жасалатын тағамдарды мүсіндеп үйренейік. Ол үшін, маған ұннан қандай тағамдар жасалатынын алдымен айтып беріңдерші .Балалар : нан, бауырсақ, шелпек,таба нан,жайма нан деп атап береді. Олардың пішіндер қандай болады? Дөңгелек,сопақша,тік төртбұрышты (кірпіш тәрізді ) . Нанды жерге тастауға болмайды! Нан салатын ыдысты жасау, әдіс-тәсілдерді еске түсіру. Кім қандай нан жасағасы келеді? ( әр бала ойланады, бірнеше баладан сұрайды) . Таба нанды қалай жасауға болады?
-ермексаздан кесек бір бөлікті алып алақан арасына салып домалақтап, оны басып, жаншу арқылы жалпақтау, ортасына бас бармақпен айналдыра басып ішіне қарай батыру, таяқшамен шұқып бедер түсіру;
-бауырсақты домалақтап және жалпақтап алып кесіп, қиықша бауырсақ жасау;
-шелпекті-домалақтап алып бастыру, жалпақтау;
-балаларға әдіс-тәсілдерді еске түсірген соң өздері қалауы бойынша тағамдарды жасауға кірсіуге нұсқау беріледі;
-жұмыс барысында бақылау жасалып, жеке нұсқау беріліп, кейбір балаларға көмектесуге болады.
-еңбек нәтижесіне талдау жасалады.
Дайын болған жұмыстар «нан дүкеніне» қойылып сюжетті ролдік ойынға ұласады. Ә.Табылдиевтің «дақылдар жыры» өлеңі оқып беріледі.
Бидай: Нан анасы-бидаймын
Нанды елге -сыйлаймын
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!