ұлыстың ұлы күні, 22 наурыз, көктем мезгілі

0

Тақырыбы: Наурыз

Мақсаты: Халқымыздың салт — дәстүрін, әдет — ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Көрнекіліктер: Бейнетаспадан «Наурыз» мерекесін көрсету. Тақтадағы суреттер.

Шаттық шеңбері.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Көктем.
— Көктем мезгілінің қай айы?
— Наурыз.
— Дұрыс айтасыңдар балалар, қазір көктем мезгілінің наурыз айы. Көктем мезгілі үш айдан тұрады. Олар: Наурыз, Сәуір, Мамыр. (Ай аттарын бірге қайталайды).
Балалар бүгін үлкен мереке – Наурыз тойы. Ұлыс күні. Наурыз мерекесін біз жыл сайын айрықша өткізіп келеміз. Наурыздың 22 — ші жұлдызында күн мен түн теңеледі. Қыс өтіп, көктем келіп, мал төлдейді. Бар тіршілік жанданып, айнала құлпыра түседі. Сондықтан да Наурыз — жыл басы болып саналады. Ата — бабаларымыздың салтында ұлттық мерекені той — думан мен ойын — күлкі, ән — жыр мен атап өткен.
(Наурыз мейрамы туралы слайд).
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп — кішкентай ағаштар
Біп — биік боп өседі.
(Мазмұнына қарай қимыл — қозғалыс жасайды).
— Балалар, біздің ұлттық дәстүрлерімізді атап өтейікші
— Тұсау кесу, бесікке салу, сырға салу және т. б.
Қазақтың салт — дәстүрі: «Бесікке салу».
Балаларды шеңберге отырғызып, бесікке қуыршақты бөлейміз. «Әлди — әлди» жырын шырқаймыз.
— Ұлттық ойындарды атап өтейін: Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, арқан тартыс және т. б.
Ұлттық ойын: «Арқан тартыс».
Балалар екі топқа бөлініп, арқанды тартады. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады.

№11 «Арай» балабақшасы
№3 «Алтын сақа» ПДК ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Кекенова Айгерим Жангельдиновна

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!