Ұлыбритания мен Қазақстанның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Ұлыбритания мен Қазақстанның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау
Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
0.1 Ұлыбританияның білім беру жүйесі
0.2 Қазақстанның білім беру жүйесі
1.2 Екі ел арасындағы салыстырмалы талдау
1.3Ұлыбритания мен Қазақстанның TIMSS, PIRLS, PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижесі.
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе бөлім
Зерттеу жұмысының мақсаты. Дамыған алып 7 елдердің бірі, тарихы бай парламентарлы монархия елі Британия корольдігі мен дамыған 30 елдің қатарына кіруді өзіне мақсат еткен Қазақстанның білім беру жүйелерін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын белгілей отырып, отандық білім беру реформамыздың бағытын бағалау.
Зерттеу жұмысының міндеті.Ұлыбритания мен Қазақстанның Халықаралық стандартқа сай білім беру сапасын көрсету. Екі елдің қазіргі таңғы білім беру жүйесі мен тәрбиесін анықтап, әр деңгей бойынша өзіндік талдау жасау.
Зерттеу нысаны.Ұлыбритания мен Қазақстандағы білім беру жүйесі. Зерттеудің мазмұны. Менің алып отырған жұмысымды тарихы мол алып, әлі де өз статусын жоғалтпаған, Тұманды Альбионда орналасқан кәрі құрлық өкілі Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен аз да болса, көптеген жемісті нәтижелерге қол жеткізген дамушы Қазақстанның білім беру деңгейін салыстыруға арнадым. Әрине, егемендігін алғанына енді ғана 24 жыл болған Қазақстанның білім беру жүйесін тәжірибесі мол Ұлыбританияның білім беру жүйесімен салыстыру жас бала мен сақалды атамен салыстырғандай көрінеті белгілі. Дегенменде, менің пікірімше, жас дамушы ел болғандықтан, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін басқа елмен салыстыра отырып,өзіміздің реформамызды жаңартып, жаңғыртқанның еш зияны жоқ. «Үйрен де, жирен» демекші өзімізге, экономикамыз бен әлеуметімізге, қоғамызға сай бірнеше пайдалы жақтарын қарастырсақ артық болмас.
Білім беру деңгейі дегеніміз не? Білім беру деңгейі — экономикалық және ғылыми — техникалық прогрестің бастау көзі, мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім беру саласында кенжелеп қалу елдің қабілеттілігіне, ұлт болашағына және мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Олай болса, білім мемлекеттің даму жолының көрсеткіші, себебі білім мемлекеттің ұстанған даму жолына не шек қояды, не жаңа бағытын анықтайды.
Сондықтан да, менің алып отқан жұмысым тек білім беру жүйесін ғана зерделеп қана қоймай, 21 ғасыр идеялар мен инновациялық технологиялардың бәсекелестігіне айналған ғасырда Қазақстан мен Ұлыбританияның алып отырған орнын анықтау.
Әйтсе де екі мемлекеттің білім беру деңгейлерінің ара салмағы жермен көктей.Ұлыбритания ғылым және білім беру саласында әлемнің жетекші елдерінің бірі болып саналады.2013 жылғы Times Higher Education рейтингі бойынша ең жоғары дәрежелі 100 университеттерінің ішінде Ұлыбританияның тоғыз өкілі кірді,бұл университеттер саны бойынша көрсеткіш Ұлыбританияны АҚШ-тан кейінгі екінші орынға жеткізді .Міне осындай тәжірбиесі мол елмен еліміздің білім беру жүйесін салыстыра отырып,еліміздің Білім беру заңына толықтырулар мен жаңа реформалар енгізу артық етпес.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетінін ескертіп, еліміздің білім жүйесін дамытуға бағытталған іс-шараларды белгіледі. Еліміздің білім жүйесінің даму үрдісін дүние жүзінің өркениетті елдерінің білім жүйелерімен салыстыра қарасақ, оны Елбасы жүктеген міндеттер биігіне жеткізу үшін қыруар шаруа атқару керектегі айқындала түседі.
Яғни Қазақстан мен Ұлыбританияның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау арқылы дамыған елдегі білім беру жүйелеріндегі үздік жетістіктерін зерттеп, зерделеумен оңды жақтарын өз қызметімізде пайдалану. Мұндай тәсілді қолдану еліміздегі педагогикалық жұмысты жетілдіру жолдарын іздестірудің маңызды және өнімді бағыттарының қызметін атқарады.
Зерттеудің деректері. Салыстырмалы педагогика бойынша маман ғалымдардың еңбектері, мақалалар жинағы.Оқу әдістемелік және бағдарламалық құжаттар.
Негізгі бөлім
Ұлыбританиядағы мектепке дейінгі білім беру
Үкімет актісіне сәйкес,Ұлыбританияда 1944 жылдан бастап мектепке дейінгі тәрбие жүйесіне мемлекеттік (тегін) және жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер кіреді.Қазіргі уақытта Ұлыбританиядағы мектепке дейінгі тәрбие жүйесі мектепке дейінгі мекемелердің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.Елде муниципиальдық (мемлекеттік) және жекеменшік күндізгі яслилер, мемлекеттік және жекеменшік яслилік мектептер, мемлекеттік яслилік сыныптар,3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды күтіп, тәрбиелейтін ойын топтары жұмыс істейді.
Англия- мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеп,оқытуда өте тәжірбиелі ел.Бұл елде мектепке дейінгі білім беру 3-5 жасқа дейінгі балаларға тегін түрде жүргізіледі және жеке меншік Nursery School мекемелерде жұмыс істейді. Қазіргі таңда Англияда 3-5 жас аралығындағы балалардың бәрі дерлік тегін мектепке дейінгі білім алуда.Ол мемлекеттің 1992 жылы қабылдаған арнайы бағдарламасының нәтижесі.Ол бағдарламаларға сай әрбір 3 жастағы бүлдіршін аптасына 12,5 сағат ,жылына 38 апта тегін білім алуына құқығы бар.Тағы да айта кетерлігі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларды нөлдік сыныптарға және мектепке дайындайды
Англияның мектепке дейінгі білім беру мекемелері негізінен 70-80 балаға арналған және 1 тәрбиелеушіге 13 баладан тиеді.
Олар балаларды 2 айдан бастап қабылдайды және 2 жастан бастап та қабылдайды, 2 айлық баланың ай сайынғы төлемі өте жоғары болады.
5 жасқа дейінгі балаларға білім берудің сапасы мекеме үлгісіне сәйкес болады. Балалар бақшалары мен мектепке дейінгі сыныптарда тәрбиеленетін балалар мектептердің бастауыш сыныптарындағы балалардан гөрі неғұрлым жан-жақты дамиды.
Бұл балалар қызметін жақсы жоспарлап және ұйымдастыруға (мақсатты бағытталған ойын, зерттеушілік қызмет және т.б), сондай-ақ жас жағынан ала-құлалықтың жоқтығына, балалар мен ересектер санының үздік арақатынасына, балалардың жас ерекшеліктеріне сай келетн материалдық жағынан жақсы қамтамасыз етілеуге, 3-5 жасар балалармен табысты жұмыс істейтін тәжірибелі педагогтардың болуына байланысты.
Мектепке дейінгі барлық мекемелер денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігіне, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігіне қарайды. Олар бір-бірінен тәрбиелік жұмыстың мазмұнымен, формалары және әдістерімен, күн режимімен, материалдық базасымен, персонал саны мен біліктілігіне қойылатын талаптарымен ерекшеленеді.
Муниципалдық күндізгі яслилерді жергілікті өкімет орындары (муниципалитет немесе графтық кеңес) ашады және бірнеше ай мен 4-5 жасқа дейінгі балаларды күтіп-бағуға арналады. Олардың саны аз болуына байланысты күндізгі яслилерге бірінші кезекте материалдық жағдайларының қиындығына байланысты баланы үйде тәрбиелеуге лайықты жағдайлары жоқ ата-аналардың балалары қабылданады.Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілерін дайындау оқу мерзімі 3-4 жыл болатын педагогикалық колледждерде жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі ерекшелігі: әр бала жеке индивид,өз пікірі мен өз ойын анық айта алады.Бала міндеті жақсы қорғалады.
Ата — ана баланың жағдайына тікелей назарда болады.Өтілетін пәндердің барлығы логикалық дамытуға бағытталады.
+ Ағылшын тілі
+ Швед тілі
+ Музыка
+ Оқу
+ Жазу
Мектептегі 10 жыл бағдарламасы
Балабақшадан соң мектепке дейінгі міндетті емес білім алуға қызығушылық артуда. Мұнда күзгі оқу кезеңінде 6 жасқа толған балалар мектепке дейінгі кіріспе білім ала алады,мақсаты әр баланың дамуы мен білім алуын ынталандыру.
Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі әртүрлі типті, түрлі және деңгейлі білім беру ұйымдарынан тұрады:
мектепке дейінгі ұйымдар;
жалпы білім беру мектептеріндегі мектеп алды сыныптары;
жоғары оқу орындары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі білім беру факультеттері және бөлімдері.
Негізгі түрі 9-10 сағаттан жұмыс істейтін және жастық топтары бар ясли-бақша болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің сапасын жақсарту үшін бірқатар республикалық жалпы білім беру бағдарламалары құрылған: Балбөбек, Қарлыгаш, Қайнар және басқалар. 5-7 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындық сапасын қамтамасыз ету мақсатында министрлікпен екі оқу бағдарламасы жасалған: Мектеп жағдайында 5-6 жастағы балаларға мектепке дейінгі дайындыққа арналған жалпы білім беру бағдарламасы, Балабақшада 5-7 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындық бағдарламасы.
Осы бағдарламаларға 19 оқу-әдістемелік кешендер әзірленген, оған 82 оқу басылымдары кіреді. Сонымен қатар, баланың қолын жазуға үйрету дайындығы бойынша мұғалімдерге арналған, кәдімгі математикалық білімдерді ұластыру, балаларды қоршаған ортамен таныстыру бойынша әдістемелік кеңестер, балалар көркем әдебиеті бойынша хрестоматия, сондай-ақ балаларға арналған әліппе-дәптерлер және т.б бар.
2012 жылы республикада 668 бала-бақша жұмыс атқарды. Қазақ тіліндегі бала-бақшалар саны -291. Қалада-49,3 %. Ауылда-50,7% орналасқан.
2012жылғы статистикаға сүйенсек 1-6жас аралығындағы мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар саны -1 926 333 құрады.
Мектепке дейінгі білім беру аясындағы бағдарламалар:
№
Аты
Уақыты
мақсаты
міндеті
1
Алғашқы қадам (1-3 жас)
ҚР БҒ Министрінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 628 бұйрығымен бекітілген.
Балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау
Әр баланың құзыреттілігін дамыту; жетекші біліктерін қалыптастыру.
2
Балбөбек
2012 жыл
Мектепке көшірілу кезіндегі өңірлік ерекшелігін ескере отырып, тең межелік бастау мүмкіндіктерін қалыптастыру.
Этнопедагогика идеялары іске асырылып, материалды құрудың тақырыптық қағидаты сақталынған жоспарды интеграциялау.
3
Қайнар
2012 жыл
Балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамытуды тұлғаға бағдарлау.
Арнайы әзірленген оқу-әдістемелік кешенмен сүйемелденіп,бағдарламаға арналған қосымша материалды бір жүйеге келтіру.
4
Қарлығаш
2012 жыл
Ата-аналарға арналған консультатциялық пунктерде және толық емес,яғни күні бойы болмайтын шағын орталықтардың оқу-әдістемелік үрдісінде қолдану.
Әр білім беру саласы меңгерудің нақты индикатоларымен сүйемелденген және толық бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету.
2012 жыл 1-6 жас аралығында мектепке дейінгі ұйымдарға барғандар саны -1926333 бала
2012жыл 1-6 жас аралығында мектепке дейінгі білім беру және оқытумен қамтамасыз ету 47,2%.
Тұрақты және маусымдық түрде қызмт ететін балабақшалар контингентігі —
450766 Қалада — 313834 бала
Ауылда — 136932 бала
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін кеңейту арқылы балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқуға құқығы қамтамасыз етіледі. Мемлекет мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру және оның қолжетімдігін қамтамасыз етуі арқылы еліміздің адами және кадрлық әлеуетін дамытудың негізі ретінде қарайды.
2012 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған Балапан бағдарламасын іске асыру шеңберінде мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өсуі 801 бірлікті құрады. (1 сурет).
1 сурет. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесінің желісі, бірлік
8392
7591 5422
2970 5000
2591
Мектепке дейінгі ұйымдар Балабақшалар Шағын орталықтар
2011 2012
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдар санының көбеюі шағын орталықтардың көптеп ашылуымен байланыстырылады. 2012 жылға республикада мұндай білім орталықтарының саны 422-ге артты. Толық бір күндік бағдарламаға толы орталықтар 2197 болды, ол жалпы көрсеткіштің 40,5% құрады.
Шағын орталықтар жүйесінің белсенді дамуы Оңтүстік Қазақстан облысында байқалады, 2011 жылмен салыстырғанда олардың саны 322 ұйымға көбейді және 563 бірлікті құрайды.Өңірлік бөліністе мұндай шағын орталықтар Шығыс Қазақстан облысында (1160), Солтүстік Қазақстанда (505), Қостанай (488) және Алматы облысында (428) байқалады.
Шағын орталықтар жүйесі, бірлік
Өңір
2011
2012
Ақмола облысы
305
333
Ақтөбе облысы
273
275
Алматы облысы
434
428
Атырау облысы
324
292
Шығыс Қазақстан облысы
1102
1160
Жамбыл облысы
175
181
Батыс Қазақстан облысы
283
289
Қарағанды облысы
312
313
Қостанай облысы
499
488
Қызылорда облысы
222
228
Маңғыстау облысы
43
54
Павлодар облысы
257
272
Солтүстік Қазақстан облысы
491
505
Оңтүстік Қазақстан облысы
241
563
Алматы қаласы
20
21
Астана қаласы
19
20
ҚР
5000
5422
2012 жылы тұрақты және маусымдық жұмыс істейтін балабақшалар саны жалпы республика бойынша мектепке дейінгі білім беру жүйесінде алатын үлестің 35,4% құрады. Оның 49,3% қалада болса, 50,7% -ауылдық өңірлерде орналасқан. Осылайша, мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігі мен желілердің бөлінуі бойынша теңдей үдеріс сақталуында.
Ең көп балабақшалар Оңтүстік Қазақстан облысында (476 бірлік), Ақтөбе облысында (234 бірлік) және Алматы қаласында (244 бірлік) орналасқан.
Тұрақты және маусымдық балабақшалар жүйесі, бірлік
Өңір
2011
2012
Ақмола облысы
132
147
Ақтөбе облысы
230
234
Алматы облысы
164
204
Атырау облысы
116
125
Шығыс Қазақстан облысы
143
178
Жамбыл облысы
163
172
Батыс Қазақстан облысы
178
182
Қарағанды облысы
186
199
Қостанай облысы
128
144
Қызылорда облысы
199
221
Маңғыстау облысы
106
118
Павлодар облысы
131
143
Солтүстік Қазақстан облысы
64
71
Оңтүстік Қазақстан облысы
324
476
Алматы қаласы
220
244
Астана қаласы
107
122
ҚР
2591
2970
Жеке балабақшалар жүйесі, бірлік 189
81 89
76 52
26 13 27 47 17
11 7 0 20 2 11
Жеке балабақшалар санының ең көп шоғырланған жері Оңтүстік Қазақстан (189 бірлік), Қызылорда (81 бірлік) облыстары мен Алматы қаласында (89 бірлік) байқалды.
Балабақшалардың мемлекеттік тілде жұмыс жасау үрдістері мектепке дейінгі білім беру саласында кең етек жаюы басым бағыттырдың бірі болып отыр. Қазақ тілінде тәрбиелейтін балабақшалар саны 291 бірлікке артты.
Мемлекеттік тілде оқытатын балабақшалар желісі, бірлік
2970
2591
1416 1416 1709
2011 2012
ББ оның ішінде мемлекеттік білім беретін
Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің сапасын жақсарту үшін бірқатар республикалық жалпы білім беру бағдарламалары құрылған. Олар: Балбөбек, Қарлығаш, Қайнар, және тағыда басқалар. 5-7 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындық сапасын қамтамасыз ету мақсатында министрлікпен екі оқу бағдарламасы жасалған: Мектеп жағдайында 5-6 жастағы балаларға мектепке дейінгі дайындыққа арналған жалпы білім беру бағдарламасы, Балабақшада 5-7 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындық бағдарламасы. Осы бағдарламаларға 19 оқу-әдістемелік кешендер әзірленген, оған 82 оқу басылымдары кіреді. Сонымен қатар, баланың қолын жазуға үйрету дайындығы бойынша мұғалімдерге арналған кәдімгі математикалық білімдерді ұластыру, балаларды қоршаған ортамен таныстыру бойынша әдістемелік кеңестер, балалар көркем әдебиеті бойынша хрестоматия, сондай-ақ балаларға арналған әліппе дәптерлер және т.б. бар.
Қазақстанда балабақшалардың негізгі түрі 9 — 10 сағаттан жұмыс істейтін және жастық топтары бар ясли — бақша болып табылады. Балаларды жастық деңгейіне қарай бөлетін топтар:
* ерте жастағы балалар тобы — 1 жастан 2 жасқа дейін;
* бірінші кішкентайлар тобы — 2 жастан 3 жасқа дейінгі;
* екінші кішкентайлар тобы — 3 жастан 4 жасқа дейін;
* орта — 4-тен 5 жасқа дейін;
* балаларға арналған мектепке дейінгі топ — 5-тен 6-ға дейін;
Осылайша, мектепке дейінгі білім беру сапасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың көптеп ашылуы арқылы әлде қайда жақсарды. Алайда, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрғандар мұндай ұйымдар санын көбейтуді ұсынады.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 2012 жылы 1 жастан 6 жасқа дейін мектепке дейінгі ұйымдарға барған балалар саны 1 926 333 құрады, бұл дегеніміз жергілікті халық санының өсу көрсеткіштерін болжай отырып, өңірдің ерекшеліктері мен демографиялық көрсеткіштеріне сүйене отырып мекемелер құрылысын салуды жүргізу.
Ұлыбританияның орта білім беру жүйесі
Ұлыбританияда білім алу 5 жастан 16 жасқа дейін міндетті және ол мемлекеттік- state schools (ақысыз) және жеке — independent немесе private schools (ақылы оқу орындарында) деп аталатын мектептерде жүзеге асырылады. Жеке мектептер арасында мектеп — пансиондар (Boarding School) кең таралған, мұнда оқушылар оқу жылының барлық кезеңдерінде соның ішінде тұрады.Бұл мектептер Ұлыбританияда дербес білім алудың оңтайлы мүмкіндігі болып табылады.
Ұлыбританияның әкімшілік бөлінуіне байланысты дәстүрлі қалыптасқан үш білім беру жүйесі бар: Англия және Уэльс; Солтүстік Ирландия; Шотландия.
Англия және Уэльс пен Солтүстік Ирландия оқыту үлгісі бойынша ұқсас, ал Шотландия өзіндік дәстүрлі ерекшеліктерге ие.
Білім беру құрылымы:
бастауыш (Elementary School) — 5-11 жас;
орта (Secondary School) — 11-16 жас;
мектептен кейінгі (Further Education) — 16-18 жас;
жоғары (Higher Education) — 18 жастан кейін.
Білім беру 13 жылды қамтиды: 5 жастан 18 жасқа дейін созылады.
Ұлыбританияда алуан түрлі мектептерді кездестіруге болады. Арнайы ер балаларға арналған және қыз балаларға арналған мектептер, аралас мектептер т.б. жұмыс істейді.
Британдық мектептердің мынадай түрлері бар:
— Толық циклды мектеп (All-through schools): 2 жастан 18 жасқа дейінгі жастағылар білім алады.
— Кіші жастағы оқушылар мектебі (Junior schools): 7 жастан 13 жасқа дейінгілерге арналған. Мұнда оқушылар жалпы бастауыш цикліндегі әртүрлі пәндер бойынша оқытылады. Курс емтихан тапсырумен аяқталады (Common entrance examination). Нәтижелі емтихан қорытындысы — келесі сатыға көшу кепілі болып табылады.
— Ересек оқушыларға арналған мектеп (Senior schools): 13 және 18 жасағы жасөспірімдер білім алады. Мұнда GCSE емтиханын тапсыруға арналған екі жылдық дайындықтан өтеді, одан кейін тағы да екі жылдық A-level немесе International Baccalaureate бағдарламалары бойынша білім алады.
— Қыздарға арналған мектеп — арнайы қыз балаларға арналып құрылған және мынадай мәселе ескерілеген: қыз балалар ұлдарға қарағанда дене және сезімдік тұрғыдан тез жетіледі, сондықтан өзінен қалыс қалушыларға сәйкес бейімделмейді; қыздар тәртіпті және ұйымшыл, оқуға да ынталы болады; түрлі жұмыстарды атқаруға бейімделіп, дербестігі қалыптасады; қыздар жарыса оқу ортасын қажетсінбейді, тіпті олардан бойын аулақ ұстайды; олар командалық жұмыстарды және қолдауды ұнатады.
— Ұлдар мектебі — аталуына сәйкес, ұлдарға арналады және мынадай мәселе ескеріледі: ұл бала қозғалғыш, оның қалыпты дамуы үшін қозғалу мүмкіндігі, спорт жағдайлары қарастырылады; белсенді дамуы үшін және өзін өзі жүзеге асыруда жарысу ортасы қажет; ерте жастан алуан түрлі жұмыстарды атқарып, дербестікке үйренеді.
— Аралас мектептер — ұлдар мен қыздар бірге оқиды және аргумент ретінде мынаны алға тартады: оқушылар ерте жастан өзге жынысты тұлғалармен қарым-қатынаста болып, жарыса оқиды және өзін өзі дамыту мотивациясы күшейеді.
— Университетке дайындауға аралған мектептер (Sixth form): 16-18 жастағылар білім алады.Оқушылардың 25% ғана жоғары білім алады. Ең таңдаулы университеттері — Оксфорд және Кембридж (Whitebrick universities).
Ұлыбританияда балалар бастауыш мектепте -6 жыл, орта мектепте-5 жыл, жоғары мектепте- 2 жыл оқиды.Балалар 16 жасқа дейін 11 сынып көлемінде оқуға міндетті.
Ағылшын,уэльс, шотланд және солтүстік-ирландиялық білім беру жүйелерінде өз ерекшеліктері болса да, жалпы алғанда Ұлыбританияда орта мектептің 4 түрі: кешендік, гуманитарлық,жалпы білім беру мектептері мен қалалық технологиялық колледждер жұмыс істейді.Ерекше дарынды балалар технологиялық колледждерде оқиды.Кәсіптік бейімділіктері бар балалар арнаулы жалпы білім беру мектептерінде оқиды.
Жоғары орта мектепте( 12-13 сыныптар) бейінді оқыту жүзеге асады.Міндетті пәндердің саны 4-6-ға дейін азайтылған, барлық күш-жігер осы пәндерді меңгеруге бағытталады.13-сыныптардың барлық оқушылары болашақта оқуларын жалғастырғысы келетін университеттермен тығыз қарым-қатынас орнатады. Олар әрбір 12 ай сайын тесттер алып, оларға жауап береді, таңдап алған бағыттардағы білімдерін тереңдетеді.
Балалар бастауыш білімді бүлдіршіндерге арналған(5-7 жасқа дейін)мектепте және 4 жылдық төменгі мектепте (7-11 жасқа дейін) алады.Кейбір жергілікті органдар бүлдіршіндерді біріктірген бастауыш мектептер(оқушылардың жасы 5-11 дейін)ашады.Бастауыш мектепте оқу уақытының 40%-ы ағылшын тілін зерделеуге арналады.15%-вн дене шынықтыру 12%-ын қол еңбегі мен өнер алады. Қалған сағаттар арифметика, тарих,геограия, табиғат тану жіне дінге бөлінген.
Балалар жоғары сыныптарда топтарға бөлінеді.Барлық пәндерді бір мұғалім жүргізеді. Сабақ 15-45 мин дейін созылады.Оқуды бітіргеннен кеін балалар емтихандар тапсырады және оқу орнын бітіргені туралы куәлік алмайды.
Біріккен мектептердің мынадай үлгілері неғұрлым кең тараған: өтпелік -11-18 жасар оқушылар үшін, төменгі орта мектептен 11-14 жас және жоғары мектептен 14-18 жасқа дейін тұратын 2 қабатты мектептер және дербес оқу орны түрінде жұмыс істейтін 6-сынып колледжі Біріккен мектептер үлгісіне аралық сатыдағы мектеп те қосылады.5-тен 8-9 жасқа дейінгі балалар бірінші мектеп деп аталатын мектепке,8-9 — дан 12-13жасқа дейінгілер-аралық мектептің өзіне, 12-13 — тен 18 жасқа немесе 16-ға дейінгілер — жоғары мектепке барады.
Қазақстанның орта білім беру жүйесі
Қоғамның әлеуметтік бағдарлы дамуы үшін білім берудің қолжетімділігі айрықша орын алады. Мемлекетте жалпы орта білімді тегін алу құқығы білім беру жүйесінде тармақталған ұйымдар желісімен қамтамасыз етіледі, лицей, гимназия, мектеп — интернаттар, дарынды балаларға арналған кәсіби мектептер, даму мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған ұйымдар.
2012 жылы мемлекетте 7698 жалпы білім беру мектептері болса, оның 7598-мемлекеттік, 109- мемлекеттік емес ұйымдар болып табылады.
Шағын жинақы мектептер аймақтық шалғайлығына қарамастан білімнің қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.Шағын жинақы мектептер әлемнің көптеген жерлерінде таралған, ол еліміздің ауылдық жерлердегі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.Мысалға, Францияда тек бір ғана сыныбы бар ауыл мектептері бар.
2012 жылы республикада 4145 шағын жинақы мектептер тіркелді, ол жалпы орта білім беретін мекемелер санының 56,1 % құрайды. Тек ауылдық жерлерде 4008 мектеп бар. Оның 854 бірлігі бастауыш мектептер, 832 ауылдық жерлерде, негізгі мектептер — 938 бірлік, 2353 орта мектептер бар.
Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикада шағын жинақты мектептер мәселесі шешілуде. 2012 жылы олардың саны 33 бірлікке артты.
Дарынды балаларға арналған білім беру мамандандырылған білім беру ұйымдары желісімен қамтамасыз етіледі. 2012 жылы олардың саны 115 болса, оның 54 бірлігі-математика, 10- жалпы-гуманитарлық, 34-көпбейінді, 10-музыкалық, 7-әскери-спорттық бағытта болды. 2012 жылы мүмкіндігі шектеулі балалар мен дамулары тежелген балаларға арналған 388 жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар тіркелді.
Арнайы білім беру ұйымдарының желісі республикада әртүрлі.Олар әлсіз еститіндерге, естімейтіндерге, көздері көрмейтіндерге, нашар көретіндерге, қозғалғыш мүшелерінде ақауы барларға, сөйлеу,ойлау қызметтері тежелген және психикалық дамуы тежелгендерге арналады. Арнайы жалпы білім беретін мектептер саны 106 бірлікті құрады.Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға педагогикалық түзету көмектерін көрсететін мекеменің басым бөлігі Қостанай облысында орын алды, ал азы — Маңғыстау облысында болды.
Орта білім беру елдің тұтас үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны ретінде жұмыс істейді. Балалардың орта білім алуға деген құқығы жалпы білім беретін мектептердің желісімен қамтамасыз етіледі. Оқытудың ерекше жағдайлары бойынша мектептер мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектептер, даму және оқу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептер және т.с.с. болып бөлінеді.
І саты — бастауыш білім беру, 1-4-сыныптар. Оқудың ұзақтығы — 4 жыл. Оқу 6 жастан басталады.
Бастауыш білім мазмұнын алты білім саласы құрайды:
1. Тіл және әдебиет;
2. Математика және информатика;
3. Жаратылыстану;
4. Адам және қоғам;
5. Өнер;
6. Дене шынықтыру.
ІІ саты — негізгі білім беру, 5-10-сыныптар.
Негізгі орта білім беру мазмұнын жеті білім саласы құрайды:
1. Тіл және әдебиет;
2. Математика және информатика;
3. Жаратылыстану;
4. Адам және қоғам;
5. Өнер;
6. Технология;
7. Дене шынықтыру.
ІІІ саты — орта білім беру. Бейіндік оқыту, 11-12-сыныптар. Оқудың ұзақтығы — 2 жыл.
Жалпы орта білім беретін мектептер саны
Жалпы орта білім Жалпы білім беретін мектеп: 7698
Қалалық Ауылдық Мемлекеттік Мемлекеттік емес
Қызметкерлер: 1626; 5776; … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz