Ұлы Отан соғысы слайд,презентация — Тарих

0

Ұлы Отан соғысы слайд,презентация

 

 

Білімділік: Оқушылардың Екінші дүниежүзілік соғыстың алғы шарты,Ұлы отан  
                      соғысы,және ондағы басты шайқастар,соғыста екінші майданның ашылуы  
                      және соғыстың қорытындысы туралы білімдері   бекіту,тиянақтау,қорытындылау.
Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттық сезімге, саяси және құқықтық   
                      тәрбиеге,ұлтжандылыққа,қайсарлыққа баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың жалпы қабілеттілігін,қызығушылығын,белсенділігін,
                                жаңашылдықты пайдалана білу қабілетін дамыту ,болған тарихи 
                                оқиғаларды саралай білуге үйрету 
Сабақ түрі: практикалық (семинарлық)
Сабақ типі: білімді бекіту
Өткізу әдісі: ой шақыру топтық әдіс,ізденіс жұмыстары,сайыс әдіс,сұрақ-жауап әдіс,ой      
                        қозғау,ойын т.б
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар,қосымша әдебиеттер,буклеттер,Қ.Р саяси  
                       картасы,кітап көрмесі,бейне таспалар т.б
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,Саясаттану 
 Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
А)  Оқушылармен сәлемдесу
Ә)  аудиторияның дайындығы
Жоспары: 1.Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
                  2. Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы түбірлі    
                      бетбұрыс
                  2,1.Ұлы Отан соғысы  
                  3. Екінші майданның ашылуы және соғыстың  
                      қорытындысы.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
Соғыстың басталуы. Екінші дүниежүзілік соғыс 1939ж. 1 қыркүйекте германияның Польшаға Шабуылынан
 басталды.Польшаның Франциямен және Англиямен өзара көмектесу туралы келісім жасағанын білетін
 Германия Польшаны жылдам талқандауға тырысты. «Қауырт соғыс» жүргізу мақсатында ол Польшаға
қарсы барлдық әскерінің үштен екі бөлігін топтастырды.  1939ж. 3 қыркүйекте Англия мен Франция    Польшаменодақтастық міндеттерін орындау мақсатында Герменияға соғыс жариялады. 1939ж. 19 қыркүйекте
 Скандинавия елдері басталған соғыста саясат ұстайтындарын мәлімдеді. Польшаға қарсы «қауырт соғыс жоспарын» іске асыру үшін неміс әскерлерінің барлық түрлері бір мезгілде екпінді шабуылға шықты.
Сонымен қатар неміс ұшақтары поляк қалаларын үздіксіз бомбалаумен болды.Немістер алғашқы күндерде-ақ
поляк әскерлерінің қорғаныс шебін бұзып, Варшаваға бағыт алды. 16 қыркүйекте олар Варшаваны қоршап алды. 
Ал 17 қыркүйекте шығыстан Польша жеріне Кеңес Одағының әскерлері енгізілді.Қоршаудағы Варшава 28 қыркүйекке дейін шайқасты, алайда күш тең емес еді. 1939ж. 28 қыркүйекте «Достық және шекаралар» 

туралы кеңес-герман келісіміне қол қойылды. Бұл келісім екі мемлекеттің Польшаны ықпал аймағына бөлісуін бекітті және 
КСРО мен Германияның арасындағы жаңа шекараны белгіледі. 2 қазанда қорғаныс шайқастарын жүргізіп
 жатқан соңғы поляк бөлімдері берілді.Осылайша Польша мемлекеті төртінші рет бөлініске түсті.
      Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс. 1939жылғы 23 тамыздағы кеңес-герман келісімі 
бойынша, Финляндия және Прибалтика Кеңес Одағының ықпал аймағы болуға тиісті еді. 1939ж. Қазанда 
КСРО Финляндия Фин шығанағындағы бірнеше аралды, Карел мойнағының және 
Рыбачий түбегінің бір бөлігін Шығыс Карелиядағы кеңес жерінің бір бөлігіне 
ауыстыру туралы және Ханко аралын жалға беру туралы талап қойды. Ханко аралында кеңес әскери-теңіз базасын салу жоспарланды.
 Финляндия негізгі  талаптарға келісті, бірақ  Ханко аралын беруден бас тартты,
Бұл Финляндияның қауіпсіздігіне нұқсан келтірген еді.Қараша айында Финляндиямен шекараға кеңес 
әскерлері топтастырыла бастады. 1939ж. 26 қарашада Кеңес укіметі Финляндияға әскерлерін
 шекарадан 25 шақырым алысқа алып кету туралы талап қойды. Фин үкіметі тура осындай қашықтыққа
 кеңес әскерлері шекарадан шегінсе, бұл талапты орындаймыз деді. 
Алайда кеңес Одағын бұл жауап қанағаттандырмады. 1939ж. 30 қарашада Кеңес Одағы ресми
 түрде соғыс жарияламай-ақ, Финляндияға шабуыл жасады.Бұл 1920ж.
Кеңес-фин бейбіт келісімшартын, 1932ж. Бір-біріне шабуыл жасамау туралы кеңес-фин
 келісім шартын және Гаага конвенциясын бұзу еді. Сонымен қатар бұл 1939ж. Жарияланған
 Финляндиягың бейтараптылығын бұзу еді. Сондықтан бұл соғысты ірі 
мемлекеттің ұқсам мемлекетке күш көрсетуі деп есептеп, Ұлттар Лигасы Кеңес 

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!