Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан — Тарих

0

Ауезова Күлаш Алдашқызы

Шымкент қаласы №50 А.Байтұрсынов

атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының 

тарих пәнінің мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қиын қыстау кезеңіндегі іс-қызметіне тоқтала отырып, соғыс жылдарындағы Кеңес Одағының халықтары сияқты, Қазақстан еңбекшілерінің де жоқшылық пен ауыртпалықтарға қарамастан, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қарақшы жау — фашизмнен ерлікпен қорғағанын және тылда болашақ үшін тамаша еңбек еткені жайлы толық түсінік беру.

Тәрбиелілігі: Отанға деген шексіз махаббатқа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, достық, бірлік, татулық, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату.

Дамытушылығы: Оқушылардың Ұлы Отан соғысы жайлы түсініктерін кең-ейте отырып, жеңістің оңайлықпен келмегеніне көздерін жеткізу және шығар-машылық жұмыспен шұғылдануына бағыт беру.

Көрнекілігі: Карта «Ұлы Отан соғысы» 1941-1945 ж.ж., «Кеңес Одағының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы» фильмнің 1-2 бөлімдері. Кадаскоп, тірек-схемалары.

Жоспар:

1.     Соғыс қарсаңындағы ССРО, Қазақстан

2.     Ұлы Отан соғысының басталу барысы

3.     Соғыс зардаптары

4.     Қорытынды: «Жеңіс – оңайлықпен келген жоқ»

Сталиннің жеке басына табынудың күшеюі, ел дамуының қиыншылықтарын «халық жаулары» әрекетінің нәтижесі деп жариялау партия мен Кеңес өкіметіне қарсы тұра алатын ықпалды көшбасшылардың түгелдей жойылуына әкеледі. Сталиннің «социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген теориясы жазалау органдары қызметінің кеңейіп, мемлекеттік билік органы ретіндегі Кеңестер қызметінің шектелуіне әкеліп соқтырды. Балама пікір қабылданбады. Жеке адам құқығы барған сайын тарыла берді. Одақтың ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын (жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, жер аудару) қолданатын ерекше кеңес құрылды. 

Жазалау толқыны Қазастанды да жайпап өтті. Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ә.Бөкейханов және «Алаш» партиясының т.б. қайраткерлері жазаға ұшырады. Қазақстан картасында ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері (Карлаг) пайда болды. 101 мың қазақстандықтар «Гулаг» (лагерлер Бас Басқармасы) азабынан өтті, 27 мыңнан астамы атылды. Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологиясы елді осындай қасіретке ұшыратты.

2. Бірінен соң бірі Европа елдерін бағындыра отырып, Германия 1941 жылы өзінің басты қарсыласы деп есептеген КСРО-ға аяқ тіреді. Біздің әдебиетімізде бұл Ұлы Отан соғысы деген атпен белгілі.

1941 жылы 22 қыркүйекте таңғы сағат 4 шамасында Герман әскері КСРО-ға, соның ішінде батыс шекараларына ене бастады. Ең алдымен, жаудың шабуылына ұшырағандар батыс шекарашылар болды. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды, ол жоспар бойынша КСРО-ны 3-4 айда жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам ресурсына айналдырмақшы болды.

Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен Кеңес Одағы, оның ішінде қазақ халқы бір адамдай Отан қорғауға аттанып, соғысты жеңіспен аяқтау үшін барлық күш-жігерін жұмсады. 1-ші дүниежүзілік соғысқа – 1 млд. астам халқы бар 36 мемлекет қатынасса, 1939-1945 жылы соғысқа 1 млд. 700 млн. халқы бар 61 мемлекет қатысты. 40 мемлекет территориясы – ұрыс шайқасына айналды.

3. Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар. 1710 қала типтес мекен, 70 мыңдай ауыл-селолар қирады.

Соғысқа 500 мың қазақ аттанған. Оның 70% қайтыс болған. Фашистердің жан түршігерлік әрекеттері «Ост» («Шығыс») жоспарына негізделді. Бұл жоспардың мақсаты «Оқтың күшімен, найзаның ұшымен бас идіру болды.

Қорытынды: «Жеңіс – оңайлықпен келген жоқ» 

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар үшін басына түскен сын кезең болды. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдында беделі асқақтап, биік шыңдардан көріне білді.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!