Ұлттық ойын: Жануарлар қалай үндейді » ZHARAR
Марат:— Шиық-шиық…
Бірінші бала:— Шібилер қайтеді?
Марат:— Қыт-қыт…
Бірінші бала:— Жарайды, жігіт екенсің. Ал енді иттің қалай үретінін айтып көрші.
Марат:— Үреді, ырылдайды, арсылдайды.
Бірінші бала:—Солай ма екен, сен сиыр мен қойдың қалай дыбыстайтынын айтшы?
Марат:— Сиыр — шиық-шиың…, қой — шиық-шиық етеді.
Бірінші бала:— Олай болса, сен білмейді екенсің. Жануарлардың бәрі бірдей шиқылдай бере ме екен?
Марат:— Ендеше, мына балалардан сұрайық. Жануарлардың дыбысын кім жақсы біліп, дұрыс айтатын болса, соны мал дәрігері қояйық.
Осы арада ойынға қатынасушылар өздері білгенінше жануарлардың дыбыстарын айтады. Кім көп білсе, сол «дәрігер» болып саналады да қалғандарына ем айтады. Ем дегеніміз ұпайдың түрлері. Мысалы, Ермек — өлең, Боқан — жаңылтпаш, Сәрсен — көбейту кестесін айтып берсін. Таубай жұмбақ шешсін, тағы-тағылар.
Жануарлардың дыбысталу жайын ең көп білетін және дұрыс атай білетін бала, мысалы, былай деп түсіндіреді:
Жылқы — кісінейді, шұрқырайды, оқыранады, арқырайды.
Сиыр — мөңірейді, өкіреді, азынайды.
Қой-ешкі — маңырайды, мекіренеді.
Түйе — боздайды.
Шошқа — шыңғырады, қорсылдайды.
Ит — үреді, ырылдайды, арсылдайды, уілдейді, қыңсылайды.
Мысық — бырылдайды, мияулайды.
Тышқан — шиқылдайды.
Қаз — қаңқылдайды, шаңқылдайды.
Үйрек — барқылдайды, қыңқылдайды.
Мекиен — қыт-қыттайды.
Әтеш — шақырады.
Бүркіт — саңқылдайды, бістәктайды.
Торғай — шырылдайды.
Бұлбұл — сайрайды.
Қарға — қарқылдайды.
Безгелдек — безектейді.
Сауысқан — шықылықтайды.
Бөдене — бытпылдайды.
Шыбын — ызыңдайды.
Бөгелек — ызылдайды.
Бәкішек (шегіртке)— тызылдайды.
Жылан — ысылдайды, суылдайды.
Бақа — бақылдайды.
Аю — ақырады, өкіреді.
Қасқыр — ұлиды, ырылдайды.
Түлкі — ырсылдайды, шәңкілдейді.
Күзен — шақылдайды.
Суыр — шулайды.
Борсық — пырсылдайды.
Құндыз — сыңсиды.
Арыстан — гүрілдейді, ақырады.
Жолбарыс — күркілдейді, бұрқанады, т. т.
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com