Үлкенге құрмет балабақшадағы ашық сабақтар

0

Үлкенге құрмет
Сыйлап  үлкен кішіні,
Аялағын кішіні.
Мақсаты:  «Сыйластық», « құрмет»   ұғымдарының  мәнін  ашу.
Міндеттері: 
— құрмет, ізет ұғымдарының мағынасына түсінік беру.
— әдептілік дағдыларын қалыптастыру;
— сыйластыққа, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, сюжетті суреттер.
Шаттық шеңбері 
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Сәлеметсіз бе, ағай – деп,
Сәлеметсіз бе, апай – деп,
Есенсіз бе, апай – деп,
Амансыз ба, атай – деп
Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Әңгімелесу
Балалар,құрмет деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Үлкен кісіге орын беріп,төрге шығару
Жасы үлкен кісілерге көмектесу.
Бөлмеде,қоғамдық көлікте үлкендер мен қыздарға орын беру.
Қарсы келіп қалған үлкен кісіге,қыз балаға жол беру.
Әңгімелеу
Автобуста

Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік.Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды. Екі есігі бірден ашылды. Адам көп. Бірі мінсе,бірі түсіп жатты.Алдыңғы есіктен мамам екеуіміз кірдік
—    Мұнда отырыңыз,-деп менен гөрі үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.
      Рақмет, балалар! – деді анам отырып жатып.
      Мама,рақметті не үшін айттыңыз?
      Құрметті мен кішіпейілдігі үшін.Сен де Солардай бол! Үлкендерді құрметте.Сонда үлкендер саған да рақмет айтатын болады.

Анасы балаларға не үшін рақмет айтты?
Өздерің үлкендерге қалай құрмет көрсетесіңдер?

Дәйексөз
Сыйлап үлкен кісіні,
Аялағын кішіні.

Ойын: «Қандай мамандық?»

Сергіту сәті
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Әрі-бері ырғалған.

Дәптермен жұмыс

Суретке қарап әңгіме құрастыру. Суретті бояту.

Ғажайып сөздер
Инабаттылық- әдепті,ізетті болу.
Үлкенді құрметте.
Қорытындылау
Бүгінгі сабағымызда үлкендерге көмектесуді,құрметтеуді үйрендік. Үлкендерге құрметімізді жақсы қылықтарымыз,инабаттылығымызбен көрсетеді екенбіз.

Жүректен-жүрекке

Балалар шеңберге жиналып өздерінің үлкендерге қалай құрмет көрсететіндерін айтады.
Мен үлкендерге орын беремін.
Мен үлкендермен үнемі сәлемдесемін.
Мен үлкендерге жол беремін.
—    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!