Үйшік орыс халық ертегісі балабақшадағы ертеңгіліктер
«Үйшік» орыс халық ертегісі .
Мақсаты: Балаларды «Үйшік» ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез- құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үйшік үйі, аңдар.
Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай ескі үйшік тұрған.
Бірде оны қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:
Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Жүргізуші: — деп сұрайды. Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
Бақа: — Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: — Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа: — Мен бақылдауық бақамын.
-Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші: — Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып , бірге тұрады. Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.
Қоян: — Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Жүргізуші: -деп сұрайды.
Тышқан: — Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: — Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
Қоян: — Мен қорқақ қоянмын!
Екеуі: — Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші: — Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп , терезені қағады.
Түлкі: — Сүп-сүйкімді , кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар ?
Жүргізуші: — деп сұрайды.
Тышқан: — Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: — Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: — Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
Түлкі: — Мен қу түлкімін.
Үшеуі: — Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші: — Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі салақтап , айналасына алақ- жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып , қырылдаған даусымен:
Бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: — Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: — Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: — Мен қу тү лкімін!Ал сен кімсің?
Қасқыр: -Мен сұр қасқырмын!
Бәрі: — Кел , бірге тұрайық.
Жүргізуші: -Қасқыр қысыла- қымтырыла ішке кіреді. Әйтседе кіп – кішкентай үйшікке бесеуіде сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату –тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп , бар даусымен:
Сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?!
Жүргізуші: — деп ақырады.
Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа : — Мен бақылдауық бақамын!
Қоян : — Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі : — Мен қу түлкімін!
Қасқыр : — Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?
Аю: — Мен қорбаңбай аюмын!
Бәрі: — Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші: — Аю ары- бер тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
-Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.
Жүргізуші: — дейді.
Бәрі: — Жоқ қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой.
Жүргізуші: — деп шырылдайды іштегілер.
Аю: — Қорықпаңдар түкте болмайды.
Жүргізуші: — деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман – есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді тасып , тақтайларды сүргілеп , жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша , достар өздеріне әп – әдемі , жаңа үйшік тұрғызып алады.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!