Ұйқысыздық | Скачать Материал
Адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алды.Олардың
ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып,қайталанып отырады.
Мұндай ұйқы біркезді деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен
сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді ұйқы
дейді. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұнда кейбір жануарлар
организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға
көшеді.
Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын
өзгертеді. Мәселен, тынысалу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы
төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда,
ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді,гипоталамус пен ми
бағанында қанайналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы
көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі
күшейеді.Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін
гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.
Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және ерекшеліктеріне байланысты. Жас
ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады.Жаңа туған перзент – 21;
6 айлық және 1 жастағы бөбектер шамамен – 14; 2-4 жастағы сәбилер – 16; 4-8
жастағы бүлдіршіндер -13-12; 8-12 жастағы истияр – 10-11; 12-16 жастағы
жеткіншектер -8-9; ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.
Ұйқының бірнеше түрі бар:қалыпты, гипноздық, наркотиктік, дерттік және
шартты рефлекстік.
Ұйқыға мұқтаждықтың даралама ерекшеліктерінің себептері әлі толық
ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың ұйқысының мерзімі әртүрлі келеді,
тәулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады.Ғылыми зерттеулерде толық
ұйқысыз адамдар да байқалады.
Қалыпты жағдайда дені сау адамдарды 3-5 тәулік ұйықтатпаса жеңе
алмайтын ұйқышылдық туады.Психикалық әсерленіс нашарлап, парасатты іс-
әрекет төмендейді.Ал өзіндік сезіну өте ауыр, жағымсыз болады.
Ұйқы мен сергектіктің жаратылысы туралы бірнеше ұғымдар бар.
1. Қанайналымдық қағида бойынша,ұйқы мен сергектік ми тамырларындағы
қанайналымына байланысты деп танылды.
2. Гистологиялық қағида ұйқы басуды нейрондардың өзгеруінен организм
сыртқы ортадан серпіністер қабылдай алмаудың салдары деп түсіндіреді.
3. химиялық қағида – ұйқы организмнің қажуы нәтижесінде қан мен тілдерде
ыдырау өнімдерінің көбеюінен болады деп санайды.Олардың белгілі бір
мөлшерге дейін жинақталуы ұйқы туғызады.
4. Гуморалдық қағида ұйқы кезінде қанда және жұлын сұйықтығында дельта-
пептид заты пайда болатынын анықтады.Сонымен қатар,әдейі ұйықтатпаған
жануарлардың миында ұйқы түрткісі түзілетіндігі байқалды.Олардың
басқа жануарларға еккен кезде ұйқысы ұзартылады.
5. Шартты рефлекстерді толып жатқан зерттеулер нәтижесінде тұйқыға кету
және ояну кезеңдерін бақылаудан, ұйқының миқыртыстық қағидасы
жасалды.Әсіресе, әлсіз тітіркендірулер,ұзақ уақыт нығайтылмайтын бір
сарынды сигналдар, ұйықтату әсерін туғызатындығы дәлелденді.
И.П. Павловтың тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін
пайымдауға мүмкіндік берді.Қорғаныстық тежелу – үлкен ми сыңары
қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе ұзақ тітіркендірудің
салдары.Сонымен қатар,ішкі тежелу мен ұйқы, өзінің физикалық және
химиялық жаратылысы бойынша, біртекті құбылыстар деп
тұжырымдайды.Олардың айырмашылығы, ішкі тежелу – жеке зоналарға
бөлінген шала ұйқы, ал нағыз ұйқы – ми қыртысының едәуір аймақтарына
жайылған тежелу. Тәжірибелер арқылы ұйқының тежелуге ауысатындығы,ал
ішкі тежелудің жануарларды ұйықтататындығы анықталды.
Ұйқы мен інші тежелудің жайылу және шоғырлану жылдамдықтары да
өзара ұқсас. Әдетте, адамда ішкі тежелудің жайылуымен шоғырлануы
сияқты ұйқыға кету мен ояну бірнеше минутқа созылады.Ұйқы ішкі тежелу
сияқты,оны туғызатын жағдайлар жиі-жиі қайталанса күннен – күнге
тезірек пайда болады.
Ең ақыры, бұл екі құбылысқа индукция бірдей тән қасиет ұйқылық
қалып басталғанда, кейде қысқа мерзімді қозу толқындары лап етіп,
қимылдатқыш белсенділік қоса білінеді.Одан кейін терең ұйқы басталады.
Осы құбылыс балаларда, кейде үлкендерде де ұйықтар кезде байқалады.
Ұйқы мен сергектік арасындағы өтпелі қалыптың аса зор маңызы
бар. Бұл бірнеше кезден тұрады, оның әрқайсысы рефлекстің шамасына
тітіркендіру күштің өзгеше қатынасымен сипатталады. Олар парабиозда
байқалатын кездік құбылыстарды еске салады, сондықтан аттары да ұқсас.
Теңдеулік кез – бұның қалыпты сергектік жағдайдан айырмашылығы
сол, күшті немесе әлсіз, жағымсыз шартты сигналдар бірдей нәтиже
шығарады.
Ұйқының баяу кезі ұйқыға кетуден терең ұйқыға дейін бірнеше
мінездік және электроэнцефалографиялық ( ЭЭГ) белгілермен сипатталады.
I (қалғу). Босаңсыған сергектіктен қалғи бастағанда басталып, 1-7
минутқа созылады. Бұл уақытта ЭЭГ – да айнымалы тербелісте оқтын –
оқтын пайда болатын және жоғалатын альфа – ритм жойылуы. Байқалады.
ЭЭГ иректері тегістелуі, альфа ритм жойылуы, тета- және бета-
толқындардың және жеке дельта ритмдердің қабаттасуымен сипатталады.
Осы мезгілде көздің баяу қимылы байқалады және бұлшық еттердің
потенциалы шамасы азаяды.
II ( сергек ұйқы ). Жиілігі 14 Гц, үлкен 200 мВ тербелістер пайда
болуымен көзге түседі. Осы кезде дельта- және тета – толқындар жазыла
береді, бета- белсенділік көрінеді. Көздің қимылы болмайды, бұлшық
еттердің электр шамасы одан әрі төмендейді, бұл түнгі ұйқының 50% -ін
алады.
III ( терең ұйқы ). Электр көріністері К-кешендері мен ырғақты
белсенділік және шайқалу шеті 75 мкВ жоғары делта-толқындар пайда
болуымен үйлеседі, көздің қимылы мен ұйқылық үлкен тербелістер толық
жойылады. Мұны дельта-ұйқы дейді, оның ұзақтығы ұйқының осы сатысында
20% – тен 50%- ке дейін созылады.
IV ( жылдам ұйқы ). Жылдам ұйқы сатысы –бет және мойын бұлшықеттердің
белсенділігі толық тиылуымен ерекшедленеді, көздің шапшаң қимылдары
кездеседі. Ұйқының бұл жылдам сатысында ЭЭГ – ның сыртқы көрінісі тек
қалғу сатысындағы сияқты болады. Өйткені ұйқы мінездік белгілері
бойынша бұл кезде терең болады да адамды ояту, баяу сатыға қарағанда,
оңай болмайды.
Баяу – жылдам ұйқы оралымы түнгі ұйқыда бірнеше рет
қайталанады. Сөйтіп,өзіне тән биолоғиялық ырғақ жасайды. Үлкен адамда
бұл ырғақтың кезеңдері – шамамен 90-100 минутқа тең.Сонда түнгі
мезгілде 4-5 оралым шығады екен.
И.П.Павловтың ұйқының қаттылығы мен ұзақтығы көбінесе адамның жеке
ерекшеліктеріне байланысты болатынын көрсетті.Нерв қызметі қоздырғыш
типтілігімен ерекшеленетін кейбір адамдар тез ұйықтай алмайды және аз
ұйықтайды. Әдетте, олар күндіз ұйықтамайды. Ал, нерв жүйесінде тежеу типі
басым басқа бір топ адамдар тез ұйықтайды да, көбірек ұйықтағанды жаратады,
күндіз де рахаттана ұйықтайды.
Адамның ұйқысы үнемі шала болып жүрсе, әрине. Оның ұйқысы келетіні
сөзсіз. Әбден қажып шаршағанда ұйқының қыстайтыны соншалық, адам кезкелген
жағдайда ұйықтайды. Бұл жайында ақын Твардовскийдің белгілі дастанының
кейіпкері Василий Терпин : Жолда да, күркеде де, қыспақта да, кезкелген
ор, блиндаж, сыздақта да… қай жерде мүмкіншілігі болған шақта… ұйықтай
бересін деп өте тауып айтқан. Бірақ бұл арада әңгіме ұйқысыздық туралы
болып отырған жоқ, керісінше, адамның тұрмысына, басына түскен жағдайына
байланысты ұйқының бұзылуы туралы болып отыр. Мұндай адамға титтей жағдай
жасалса – ақ болды, оның ұйқысы әдеттегі қалпына келеді.
Ұйқының бұзатын себептер көп. Ең алдымен ұйқының бұзылуына себеп
болатын әр түрлі аурулар: тыныс мүшелерінің, жүрек, буындар жүйесінің, ішек
– қарын, әр түрлі нерв аурулары, тістің ауруы.
Мұндай жағдайда адам организмінің ауруға шалдығып, мазасын кетіруі
салдарынан ұйқы бұзылады. Ол мазасыз ұйықтап, ауық-ауық оянып кетіп жатады.
Күн кешкіре, сырттан келетін әр түрлі тітіркендіргіштер азайып,
бәсекелестер санының кемуімен байланысты білгілібір дене мүшесінің ауруы
айқынырақ сезіледі, қиналу ұлғая түседі.Осы себепті де организмнің аурулық
жағдайының себепшісі болып табылатын қоздырғыштың тұрақты ошағы негізгі
жабдықтау орнына айналады. Ұйқысыздық пайда болады. Осыған орай
ұйқысыздықты емдеу негізгі ауруды емдеу жолымен жүргізілуі керек. Өйткені
ауруды емдеп жазу ұйқының қалыпты күйіне түсуін қамтамасыз етеді.
Науқас адамдардың ұйқысының түзелуі олардың жазыла бастағанын
көрсетеді.
Көбінесе түнгі мезгілде жұмыс істейтін адамдардың ұйықтау ретінің
уақытша бұзылуы да мүмкін. Тіпті олар түнгі жұмыстан күндізгі жұмысқа
ауысқанның өзінде, ұзақ уақыт дағдыланып кеткендіктен күндіз де ұйықтап
алғысы келіп тұрады.
Алайда мұндай адамдар бірнеше күн күндіз ұйықтап алуға құштарлығын
шектей білсе, олар ұйықтау мен ояулықтың белгілі тәртібін тез-ақ қалпына
келтіреді.
Жағдай өзгергенде де,жатын орынды ауыстырған кезде де ұйқының бұзылуы
мүмкін.Кейбір адамдардың қонақтап жүргенде, поезд үстінде, санаторий мен
демалыс үйлерінде алғашқы күндерде нашар ұйықтайтыны белгілі.Бұл адамдардың
ұйқысы жаңа жағдайға дағдыланысымен тез тезеліп кетеді.
Алайда,белгілібір жағдайларда, әсіресе қартайған шақта немесе ауыр
қайғыдан кейін,қалыпты жағдайдың өзгеруі ұйқыны бұзуы мүмкін.51 жастағы
науқас адам бұрын ешнәрсемен ауырмаған, бірақ үнемі шүбәланып жүретін
жүретін болған.1962 жылғы күздігүні ол бір күні түнде ұйықтай алмай
шығады.Ұйқысыздыққа тап болар алдындағы бір жеті бойы әйел түнде жұмыс
істейтін күйеуін күтіп отырып, сол келген соң ғана ұйықтап жүрген.Осы
кезден бастап ол бір жыл бойына ұйықтататын дәрі ішіп, соның көмегімен
ұйықтайтын болған.1963 жылдың сентябрінде оның ұлы операция жатқан соң
ұйқысыздығы онан әрі күшейіп, тұрақты бола бастайды.Дәрінің әсері болмайды,
ол емделу пайдасынан күдер үзе бастай,оның ұнжырғасы түсіп,тіпті өлімді де
жиі ойлайтын болады.
Науқас әйел ауруханаға алынып, ұзақ емделеді.Дәрі – дәрмектер берумен
қатар физиотерапияны, психотерапияны және еңбек терапиясын комплексті
қолдану … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz