Ұялшақтықты қалай жеңуге болады? Психологтардың кеңесі — Мотивация — Bilim

0

Кішіпейілдік кісіні көрікті етеді дейді, бірақ ұялшақтық қызмет-мансапта және жеке өмірдегі жетістікке кедергі келтіреді. Бұл мақалаға біз «қысылу» деген қораптан қалай шығып, адамдармен тиімді қарым-қатынас орната бастау туралы психологтардың ең жақсы ақыл-кеңестерін жинадық.

Кез келген мәселені шешуді оны талдаудан бастаған абзал. Өзіңізге ыңғайлы жай жасап алып, именіп қалған кездеріңізді іздеп жадыңызға саяхатқа шығыңыз. Бұл оқиғаларды қағазға түсіріңіз, жазу барысында барынша өзіңізбен шынайы болыңыз. Аз-кем егжей-тегжейлердің өзі қағазға түспей қалмасын, дәл солар сіздің именшектігіңіздің басты себебі болып шығуы мүмкін.  

Егер әңгімелесіп отырып өзіңізді көрсетуге имене берген болсаңыз, онда кімдермен сөйлескеніңізді міндетті түрде қағазға түртіп қойыңыз. Ол адамның жынысы басқа болғаны үшін ұялып қалған болуыңыз мүмкін. Біздің талдамамыз үшін бұндай ұсақ-түйектердің маңызы зор.  

Сіз проблеманы алуан түрлі құрамдас бөліктерге бөліп қойып шықсаңыз, ол енді бірдеңе істеуді бастауға болатын қандай да бір тиянақты құрылымға айналады.  Бұл үшін түзілген тізіміңізді аздап қана және қатты алаңдататын жағдайларға бөліңіз. Бұл сіздің именшектігіңізді еңсеру жөніндегі жоспарыңыз болмақ.  

Сізді аздап қана алаңдататын жағдайларды еңсеруден бастаңыз. Жеңістеріңіздің көбеюіне қарай алға жылжу үшін көңіліңізге сенімділік ұялап, бойыңызға қуат дариды.   

Именшектігіміздің ең үлкен себебі, көбіне, өз-өзімізді төмен бағалауымызда жатады. Сондықтан, сіз өзіңіздің жақсы қасиеттеріңіз бен жақсы жақтарыңызды жазып шығатын тағы бір тізім жасау қажет. Бұл өз бағаңызды жоғарылатудың және көңіліңізге сенімділік ұялатудың жақсы амалы. Сізге диалогты үзбей сөйлесіп отыру қиын шығар, бірақ, есесіне сіз жақсы тыңдаушысыз.  

Оқуға кеңес береміз:

Әп-сәтте сенімділігіңізді артырудың 5 әдісі

Өзімізге деген сенімділікті жоғалтатын 5 нәрсе

Джон Рокфеллер берген чек

Сенімділік — жетістіктің бастауы

Айына бірнеше рет болса да, өзіңізге жаңа нәрселерді істеп көруге тырысыңыз. Бұл сізге өзіңіздің жайлылық аумағыңыздан шығып, жаңа жақсы қасиеттерге ие болуыңызға мүмкіндік береді. Спортзалға жаттығуға жазылыңыз немесе қызықты дәріс тыңдап қайтыңыз. Үнемі өзіңізге тән емес нәрсені істеуге тырысыңыз. Жаңа танысқан адамдар мен олармен жақсы араласу бұрынғы именшектігіңізді еңсеруге мүмкіндік береді.  

Оқуға кеңес береміз: Жайлы аймақтан шығу үшін 3 себеп

Көңілімізде алаңдау сезімі болса, денеміздің тілі оны оп-оңай білдіріп қояды. Көз тайдыру, үздік-создық сөйлеу, еңсенің түсіп кетуі біздің сенімсіздігіміздің белгілері болып табылады. Осы бейсаналы әдеттеріңізді оларға қарама-қарсыларына ауыстырсаңыз, өзіңіз де өзгеріп шыға келесіз.

Оқуға кеңес береміз:

Жүре біткен шарасыздық

Қарабайыр ойлау шеңберінен қалай шығуға болады

Неге жағымсыз адамдар табысқа жиі кенеледі

Басқалардың ойына өте тәуелді екеніңіздің 10 белгісі

Айналадағылардың барлығы сізге қарсы болса, не істеу керек

Бұл әдеттен аулақ болыңыз, кері жағдайда ештеңеге қол жеткізе алмайсыз

Ерік күшін дамыту мен нығайту жолдары


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Дереккөз: bilim-all.kz