Үй жануарлары мен үй құстары балабақшадағы ашық сабақтар
Үй жануарлары мен үй құстары
Білім беру саласы: Қатынас,,әлеуметтік .Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: Үй жануарлары мен үй құстары.
Мақсаты: Үй жануарлары мен үй құстары туралы түсініктерін бекіту, үй жануарлары төлдерін дұрыс атай білуді үйретуді жалғастыру. Үй жануарларының беретін пайдасы туралы түсінік бере отырып, білімдерін толықтыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Үй жануарлары мен үй құстарына деген сүйіспеншілік сезімге және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Оқу іс — әрекет әдістері: Әңгімелесу, түсіндіру, суретпен, жұмбақ шешу, дид — қ ойын.
Көрнекілігі: Жануарлар туралы суреттер.
Қос тілді түсінік беру: Сиыр – корова,Түйе – верблюд,Қой – баран,Жылқы – лошадь,Мысық – кошка,Ит – собака,құс- птица, тауық-петух,,қаз-гусь,үйрек –утка.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс — әрекеті
Балалардың іс — әрекеті.
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.
Амансың ба,алтын күн
Амансың ба, көк аспан
Амансың ба,достарым
Амансың ба,қонқтар.
Сабақты жұмбақтар шешу арқылы бастау
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
2. Кезікті бір жануар,
Арқасында тауы бар. (түйе )
3. Басында екі таяғы бар,
Иегінде сақалы бар (ешкі)
Олардың бәрін не деп атаймыз?
Ендеше балалар, бүгін біздер үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Қазір мен сендерге осы үй жануарлары туралы Міржақып Дулатовтың «Үй жануарлары» атты әңгімесін оқып беремін, ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар. Балалар шеңбер болып амандасу.
Жұмбақ шешу
Әңгімелесу
Ұйымдастыру
шылық
ізденушілі кезең.
Үй жануарлары туралы түсінік беру.
«Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады. Үй хайуанаттары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, оны арбамен шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін қысты күні соғымға сояды, терісін сатып ақша қылады. Түйеге жүк артады, жабағысы, яғни жүні, күпіге жақсы болады, сатса, жүні пұл болады. Сиыр мен қой адамдарды етімен, сүтімен асырайды. Ит қасқыр мен ұрыдан сақтап қора күзетеді. Осылардың бәрі тегін қызмет етпейді. Олардың қызметі үшін адам асырайды, бағады, қысты күні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, ұры, бөріден сақтау үшін бақташы қояды».Сонымен үй жануарлары адамның жанында өмір сүреді, оған адам қамқорлық жасайды, күтеді, тамағын, суын береді, ал сол үшін жануарлар адамға өз пайдасын көрсетеді екен.
Балалар, қандай үй жануарларын білесіңдер, кәне атай қойыңдаршы?
— Үй жануарларының төлдерін білесіңдер ме? Кім айтады?
— Керемет бәрін таптыңдар, Қандай ақылды балаларсыңдар. Ал қазір біз жануарлардың адамға қандай пайдасы бар екенін еске түсірейік.
Сергіту сәті
Жұмыс барысы.
Ойын «Даусынан таны»
Балалар біздер үй құстарын ұмытып кетіппіз. Үй құстарына да көмектесуіміз керек. Сиқырлы сандықтың бізге берген тапсырмасы тақпақтар айтып үй құстарын құтқаруымыз керек.
Көмектесеміз бе, балалар.
Олай болса үй құстарына қаз,тауық,үйрек,күрке тауық ,әтеш бұл құстарды үйде өсіреміз жем ,шөп су береміз,Біз құстың етін жейміз,жұмыртқасын аламыз,жүнінен көпшік жасайды.
Өте жақсы, балалар біздер бүгін сиқырлы сандықтан үй жануарлары мен үй құстарын құтқардық. Сендерге рахмет айтып жатыр.Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы үй жануарлары мен үй құстары
Енді балалар осы үй жануарлары мен үй құстарына арналған тыйым сөздер де бар.
1. Малды ұруға болмайды.
2. Ақты төкпе.
3. Малға теріс мінбе.
4. Құстардың ұясын бұзба. Оларды үркітпе.
5. Кендірмен байлама,
Жыңғылмен айдама.
Кендірмен байласаң,
жыңғылмен айдасаң,
мал бітер деп ойлама. — деген сияқты тыйым сөздерді ойымыздан шығармауымыз керек
Әліппе – дәптермен жұмыс Сурет бойынша түсіндіру.
Сергіту сәтін қимылмен орындау.
Ойын ойнау
Рефлексивті – түзетуші кезең Жақсы, балалар. Сонымен бүгінгі сабағымызда не туралы айттық. Үй жануарларын атайықшы. Қандай үй құстарын білесіңдер. Үй жануарлары мен үй құстарының пайдасы барма.
Сабақты қорыта келе сендерге айтарым, үй жануарлары мен үй құстарына үнемі қамқор болуымыз керек. Олар үнемі бізден қамқорлық күтеді. Мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй жануарларын, олардың төлдерін атайды.
Түсінеді: Үй жануарларының адамға пайдасын, оларды күтуде адамдардың еңбегін
Меңгереді: Жануарларға сүйіспеншілік сезіммен және қамқорлықпе
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!