Үй жануарлары балабақшадағы ашық сабақтар
Үй жануарлары
Кабенова Шолпан Социалқызы
№30 сәбилер бақшасының тәрбиешісі
Павлодар қаласы.
Үй жануарлары
Мақсаты:
а) білімділігі: Нысандарды іріктеп және олардың арасындағы іс – әрекетті айтып берулерін, сызба арқылы қосуды, олар жайында шығармашылықты әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
Суреттегі нақты нысананы бөліп алуды және оған ат қоя білуді үйрету.
ә) дамытушылығы: Сөздік қорларын толықтыру, зат есім, сын есім, етістіктерді қолдануды, мағыналы жауап берулерін дамыту.
б) тәрбиелігі: Достыққа, бір-бірін тыңдауға, мейірімділікке, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тақта, «Үй жануарлар» картинасы, «сиқырлы» фломастерлер, нысандардың үлгілері, сиқыршылар суреттері, тірек сызба, карточкалар
Сөздік жұмыс: Үй жануарлар, тағамдар, өсімдіктер, жұмсақ, бұдыр, су, иісті.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, нысанаға бөліп алғызу, суретті біріктіру, тірек сызбамен жұмыс
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Ішкі-сыртқы шеңбер.
Балалар, біз қазір қызықты ойын ойнаймыз.
— Балалар, шеңберлердің сыртында әр түрлі заттар және өнімдер тұр, қазір мен қай өнімді айтамын, сендер сол өнімді шеңбердің ішіне қойыңдар, келістік пе?
Тәрбиеші:
— Сүттен өндірілетін өнімдерді шеңбердің ішіне қойыңдар.
(балалар сүттен өндірілетін өнімдерді шеңберге қояды)
— Теріден өндірілетін өнімдерді шеңбердің ішіне қойыңдар!
(теріден өңдірілетін өнімдерді шеңберге қояды)
— Жіптен тігілетін заттарды жинаңдар!
— Балалар, айтыңдаршы мына өнімдер барлығы қандай жануарлардан алынады?
(балалар жауап береді) (әуеннің даусы шығады)
— Балалар, тыңдаңдаршы бір әуен естіледі, естіп тұрсыңдар ма?
— Ендеше қолымызға сиқырлы дүрбірді алып, сол әуен жаққа қарайықшы не көріп тұрсыңдар?
— (Балалар : сурет көрмесін)
Тәрбиеші:
— Балалар, жерге қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?
(бояу тамшылары)
— Мына бояуларды суретшілер тамызып алыпты, ендеше балалар, сол тамған бояудың ізімен көрмеге барайық. Бәріміз мына бояудың бойымен тұрайық.
ІІ. Бүгін біз сендермен жасайтын іс – әрекеттеріміз – ой операциялары мен сиқыршыларға сүйенеміз.
— Сонымен сиқыр басталды.
— Бізге сиқыр жасау үшін не керек?
— «Әрине сиқырлы таяқша» керек.
— Сендердің алдарыңда картина берілген . Картинаға мұқият қараймыз.
— Біз сендермен «Үй жануарлар» картинасын қарастыратын боламыз.
Ойын «Дүрбі»
— Мен сендерді сиқырлап тастаймын, сендер қазір барлық дүниені тек дүрбі арқылы көретін боласыңдар. Дүрбімен қарап отырып тек бір нысанды бөліп алып, сол туралы айтып беретін боласыңдар. Ол үшін бізге сиқыршылар келеді. Алғашқы келген сиқыршымыздың аты «Бәрін бөл». (Ол картинаны көп бөліктерге бөліп тастайтын болады. )
Тәрбиеші:
— Кәне, енді кім нені бөліп алады?
Бала:
— Мен сиырды бөліп аламын.
Бала:
— Мен ағашты бөліп аламын.
Бала:
— Мен атты бөліп аламын
— Бала:
— Мен ешкіні бөліп аламын. т.б.
Тәрбиеші:
— Балалар, барлық бөлінген нысандарды мен тақтаға іліп қойдым, қараңдаршы қандай керемет болып шықты. Біз дүрбілеріміз арқылы көп нәрсені көрдік.
— Енді келесі ойынды ойнатуға бізге басқа қонақ келді, оның аты «Бәрін қос» сиқыршысы.
— Ол осы тақтадағы сендер бөліп қойған нысандарды өзара қосуға көмектеседі. Ол үшін біз мынадай ойын ойнаймыз.
Ойын «Шеңберде не тұрады?»
Балалармен тақтаға ілінген нысандарды өзара қосып, ойын арқылы достастырамыз.
Бала:
— Сиырды шөппен қосамын, өйткені ол шөпті жеп тұр.
Бала:
— Ешкі мен суды қосамын , өткені ешкі су ішкісі келіп тұр.
— Бала:
— Бала мен суды қосамын, өткені бала малға су әкелді. т.б.
Тәрбиеші:
— Ал енді, осы жануарлардың төлдері жайлы кім өлең немесе мақал-мәтелдер біледі?
Өлең, мақал-мәтелдер
Азиз:
(бұзау)
Әукім, әукім әукешәм.
Қасиыншы әукесін
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.
Алуа:
(лақ)
Шөре-шөре лағым,
Тентек болма шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Малика:
(бота)
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам, көз тоймайды.
Асанали:
(құлыншақ)
Құлыншағым, құндызым
Құлдырайды, шабады.
Жылтыңдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Айым:
(қозы)
Моп-момақан жүреді
Қозы — төлдің бағымы.
Қозы — қойдың түлегі,
Сүтке тойдыр қозыны.
Мақал-мәтел
Рашан :
Мал өсірсең — қой өсір.
Өнімі оның көл — көсір.
Анель:
Төлден мал өседі,
Шыбықтан тал өседі.
Томирис:
Жылқы малдың патшасы
Түйе малдың қасқасы.
ІІІ. Сергіту сәті
Шөре-шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секендемей, деміңді ал,
Селтендетпе құлағың.
— Келесі ойнайтын ойынымызды тағы бір келген қонақ сиқыршы «бәрін естимін» өткізеді.
— Қазір әр түрлі дауыстар шығады, сендер сол дауыс қай жануардың дауысы екенін тауып көріңдер.
(үнтаспадан жануарладың дауысы шығады: сиыр, қой, ешкі, лақ, жылқы, есек, мысық, ит, тауық, әтештің т.б. )
Тәрбиеші:
— Балалар, үй жануарлары немен қоректенеді?
— Ендеше тірек- сызба арқылы шөпті анықтайықшы.
— Мына белгілерді атап шығайықшы?
(өсімдік, өсу, иіс сезу, түс, пішін)
— Ендеше біз қазір шөпті анықтаймыз тірек- сызба арқылы.
— Шөп өсімдікке жата ма?
— Шөп өсе ме?
— Шөптің иісі бар ма?
— Шөптің түсі бар ма?
— Шөптің пішіні бар ма?
— Бізге балалар, тағы қонақ келді, «Ертегі әлеміне саяхат»
— Сиқыршы құр қол келмей бізге ертегі ала келіпті, соны тамашалайық.
(қысқа ертегі көреді)
— Балалар, не көрдіңдер?
— Аяжан мен Елдостың алдынан қандай жануар шықты?
— Құлыншақ қандай жануарға жатады екен?
— Балалар, бізге сиқыршы мынадай тапсырма әкеліпті.
— Мына өнімдердің қайсысы алынатынын сызбадан көрсетейік. Ол өнім жатпаса сызып тастаймыз.
— Өнім ретінде: жіп, тері, сүт берілген.
Тәрбиеші:
— Жіптен не өндіріледі? (қолғап, шұлық ,бас киім) сақина жіп өніміне жата ма?
— Теріден ше?(тон, сөмке, аяқ киім)
— Сүттен қандай тағамдар алынады?( май, айран, ірімшік)
Қорытынды.
— Балалар, бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?
— Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?
— Үй жануарлардың қандай пайдасы бар?
— Үй жануарларынан қандай өнімдер алынады?
— Сабақ ұнады ма?
— Несімен ұнады?
— Балалар, кім бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстым деп ойласа, сол бала сатының жоғарғы жағына қызыл жұлдызшаны қояды.
— Екінші сатыға бүгінгі оқу іс-әрекетіне орташа, біраз қиналып қалған балалар болса көк жұлдызшаны екінші сатыға қояды.
— Ал келесі оқу іс-әрекетіне жақсы қатысам деген балалар болса сары жұлдызшаны алып қояды.
-Балалар, қонақтарға рахмет айтайық та қоштасайық.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!