Үй құстарының сыйы балабақшадағы тәрбие сағаты

0

Тақырыбы:  «  Үй құстарының сыйы»

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:  Ағылшын тілі,  Жапсыру,  Айналамен танысу,

Мақсаты:

 Балаларға үй құстарының ерекшелігі туралы білімдерін кеңейту,олардың  қасиетіне қарай тануға және  пайдасы мен сыйы туралы мағұлымат беру,үш тілдік құзіреттілігін  және зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.

 Алдын-ала жұмыс: Үй құстары туралы әңгімелесу,сары түсті қағаз сүлгіден домалақтар  дайындау, жұмыртқа пішінін жасыл түсті қағазға жапсыру.

Көрнекіліктер:

Көркем әдебиет  орталығы:

Қажетті заттар: : Орталықтарға арналған карточкалар және киімдер,компьютер, дидактикалқ ойынға арналған үлестірмелі материалдар, қалам.

Ғылым орталығы:

Қажетті заттар: Орталықтарға арналған карточкалар және киімдер піскен және шикі жұмыртқалар, піскен және шикі тауық еті, тауық жүні,  ұнтақталған жұмыртқа, топырағы бар гүл ыдысы, пышақ.

Өнер орталығы:

Қажетті заттар: Орталықтарға арналған карточкалар және киімдер желім, жасыл түсті қағазға жапсырылған  жұмыртқа пішіні, домалақталған сары түсті қағаздар.

Аспаздық  орталығы:

Қажетті заттар: Орталықтарға арналған карточкалар және киімдер, піскен жұмыртқа, піскен тауық еті, қызанақ, қияр, майонез, пышақ, тақтай, қағаз сүлгі.

Технология: «Тәй-тәй»  бағдарламасы бойынша  белсенділік орталықтарындағы жұмыстар.

Жұмыс жасайтын орталықтар: «Көркем әдебиет», «Өнер», «Ғылым», «Ойын»

Алдын-ала жұмыс:  Үй құстары  туралы суреттерге қарап әңгіме құрастыру, жұмыртқа жапсыру, қағазды умаждау.

Билингвизм: Тауық-курица-hen, әтеш-петух-cock, балапан-цыпленок-chicken, Қаз-гусь-qoose, үйрек-утка-duck,ку-ка-ре-ку, қыт-қыт,айдар,құйрық,

Технология: «Тәй-тәй»  бағдарламасы бойынша  белсенділік орталықтарындағы жұмыстар.

Жұмыс жасайтын орталықтар: «Көркем әдебиет», «Өнер», «Ғылым», «Ойын»

 

 

 

 

Әрекет кезеңі

 

            Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

  Баланың

     іс-әрекеті

 

 

 

 

Мотивациялық — қозғаушы

 

 

Балаларды ертеңгілік жиынға шақырады:

Армысыз, қайырымды Аспан ата!

Армысыз, мейірімді Жер ана!

Армысыз, шұғылалы Алтын күн!

Қайырлы күн, қайырлы таң!

 

 Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап деп жұмбақ жасырады.

 

Ұйымдастырылған   оқу іс-әрекетінің  тақырыбымен «Үй құстарының сыйы» деп таныстырып,  орталықтарда өткізілетін жұмыс түрлерімен атап, орталыққа байланысты карточкаларды өз таңдаулары бойынша алып, әр орталыққа бөлінуді ұйымдастырады.

 

 

Ертеңгілік жиынға жиналып, қимыл-қозғалыспен көрсетеді.Қонақтармен амандасады.

 

 

«Балапан» деп жұмбақ шешуін табады.

 

Өз таңдаулары бойынша карточ

каларды алып, әр орталыққа бөлінеді, орталыққа сәйкес киімдерді киеді.

 

 

 

 

 

 

 

Іздену

ұйымдастырушы

 

«Көркем әдебиет» орталығы

 

Үй құстарымен слайд арқылы үш тілде таныстырады.Тауық-курица-hen,

әтеш-петух-cock,Балапан-цыпленок-chicken,қаз-гусь-qoose,үйрек-утка-duck.

 Үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан шығарады.Үй құстары ның пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды.Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді. 

Үйір — үйір балапан,

Үйірге кім үйретті?

Үйір — үйір балапан,

Үйірге өзім үйреттім.

Жаңылпаш айтады

 

Ten littel Duckings,

Dash, dash, clash.

Jumped in the duck pond,

Splash  splash splash.

When the mother called them,

Quack quack quack.

 

Ten littel duckings,

Swam rig ht back.

 

Дидактикалық ойын: «Үй құстарын тап»

Мақсаты: Құстар арасынан үй құстарын тауып ажырату

 

 

 

«Өнер» орталығы

Күн бата қонақтап,

Таң ата жерден жем іздеп.

Қиқу салып бақырып,

Айғайлауды тауыпты.

Қыт-қыт дейді шақырса,

Кім біледі…………………жұмбақ жасырады

 

 

Үй құстарын слайд арқылы көрсетіп, әңгімелеп, ерекшеліктерін айтады(әтеш, тауық, үйрек, қаз, балапан, әтештің басында айдары , екі көзі, екі қанаты, екі аяғы, құйрығы бар.Ку-ка-ре-ку деп дыбыстайды.Олар жем жейді,су ішеді.Тауықпен әтештің айырмашылығы әтеште  айдар бар, ал тауық бізге жұмыртқа береді.Ол қыт-қыт деп дыбыстайды.Қаз-мойны мен тұмсығы ұзындау келеді. Ол тауыққа қарағанда үлкен болады. Үйрек-көлшікте, құрғақта жүре береді. Балапан-жұмыртқаның ішінен шығады.Үй құстарының пайдасы өте көп. Олардың жұмыртқаларын, еттерін адамдар тағам ретінде, жүндерін жастыққа пайдаланады.

 

Дидактикалық ойын:»Ненің дыбысы»

Мақсаты: Үй құстарын дауыстары арқылы ажырату.

 

Алдын ала жасалған жұмыртқа жапсырылған қағазға балапанды дәстүрден тыс умаждалған қағаз арқылы жапсыруды ұйымдастырады. Үлгі көрсетеді.(Балаларға нұсқау беріп, көмектеседі)

 

Саусаққа арналған сергіту өткізеді:

Құстар қанат қағады,

Көкке ұшып барады.

Барлық құстарқосылып,

Шиқ-шиқ деп ән салады.

 

Жасаған жұмыстарын мақтап,  мадақтап,

Келген қонақтарға ұсындырады

 

 

«Аспаздық» орталығы

Үй құстарын слайд арқылы және дауыстарын естіртіп, әңгімелейді. (Үй құстарының еті, сорпасы,  жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы.Етіне: кәуап, жұмыртқасы нан  тәтті нан, бөлке, тәтті нанның кремін дайындауға болады)

 

«Сары балапан» салатын дайындауды ұйымдастырады. Оған құрамындағы азықтармен  таныстырады (қайнатылған жұмыртқа, қызанақ, қияр,майонез) Пышақпен қауыпсіздік ережесін айтады.

 

 Балалардың жұмысын бақылап, көмектеседі.

Жасаған «Сары балапан» салатын  мадақтайды.

«Дидактикалық ойын: «Салаттың құрамында не бар?»

Мақсаты: Салат құрамындағы азықтарды атау.

Сары балапанға тақпақ айтуды ұйымдастырады.

Шиқ – шиқ — шиқ.
Мен әдемі балапанмын,
Біліп қой сен балақан!
Ән айтқанды, би — билеп,
Ұнататын балапан!

 

«Ғылым» орталығы

Айдалада ақ отау,

Аузы мұрны жоқ отау деп жұмбақ жасырады.

Жұмыртқамен және құрамымен таныстырып, оған сипаттама беріп, пайдасын айтады.(түсі ақ, пішіні сопақша, сыртында қабықшасы,ішінде ақ уызы, сары уызы, сары уызы шашқа, тырнақтың жақсы өсіне, тістің жылтыр

болуына)

Зеттеу жұмысы: Шикі жұмыртқаны жару, ақ уызы мен сары уызына шекер араластыру, піскен жұмыртқа қабығын ашу және кесу,қабығын майдалау, бөлме

 

гүл ыдысының топырағына араластыру,

 

Тауық етінің сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы екенін түсіндіреді.

(сорпаның және піскен етінің дәмін татқызу)

Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап»

Мақсаты: Піскен және шикі тауық етінің айырмашылығын табу.

 

 

Қызығушылық танытып, үш тілде қайталайды, естерінде сақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды.

 

 

 

 

 

 

Ағылшынша тақпақты  тәрбиешімен бірге қайталайды

 

 

 

 

 

 

Берілген үлестірмелі материалдардың ішінен үй құстарын  тауып, ажыратып белгілейді.

 

Жұмбақты  «тауық» деп шешеді.

 

 

 

 

 

 

 

Қызығушық танытып, естерінде сақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй құстарын дауыстарыннан ажыратады.

 

Умаждалған қағазды жұмыртқа бетіне үлгіге қарап жапсырады.

 

 

 

Саусақтарын сергітеді.

 

 

 

 

Жасаған жұмыстарын мақтан етіп, қонақтарға ұсынады.

 

 

Мұқият тыңдап, естерінде сақтайды.

 

 

 

 

 

«Сары  балапан» салатын құрамындағы азықтарды естерінде сақтайды.

Пышақпен қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Қызығушылық танытып, жұмыртқа ны, қызанақты, қиярды турап  еңбектенеді.

Жасаған жұмысына сүйіспеншілікпен қарайды.

Салат құрамын айтады.

Тәрбиешімен бірге тақпақты қайталайды.

 

 

 

 

 

Жұмбақ шешуін табады.

 

Естерінде  сақтайды.

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешімен бірге жұмыстанады.

 

 

 

Мұқият тыңдайды.

 

сорпаның және піскен етінің дәмін татады.

Піскен және шикі тауық етінің айырмашылығын табады.

    Рефлекісті

коорекциялаушы

Орталықтарға арналған карточкарларды өз орнына салып, шеңберге тұрғызады.

 

 

 

 

Слайдпен сергіту сәті өткізіледі

 

 

«Үй құстарын» сөзі үш тілде қалай айтылады?

 

 

 

 

Үй құстарының қандай пайдасы бар?

 

 

 

 

Умаждалған қағаздан нені жапсырдыңдар?

 

Құс етінен және жұмыртқадан  нелер  жасауға болады екен?

 

 

 

Орталықтарға арналған карточкарларды өз орнына салып, шеңберге тұрады.

 

Қызығушылық танытып, денелерін сергітеді.

Тауық-курица-hen,

әтеш-петух-cock, Балапан-цыпленок-chicken,қаз-гусь-qoose,үйрек-утка-duck

 

Адамдар жұмырқасын  емге және азыққа, ал етін азыққа  пайдаланады.

 

Жұмыртқаны

 

 

Тәтті нан, тоқаш, салат, кәуап,сорпа

 

    Күтілетін нәтиже:

Білу керек: 
Балалар үй құстары туралы: немен қоректенеді, адамдарға деген пайдасын, үй құстарының түрлерін, олардың дыбысталуын және үш тілде  білу керек. 
Болу керек: 
Балалар үй құстарына жем шашып, ыдысқа су құйып, ұя салып маңайын тазартып балапандарына қамқор болу керек. 
Істей білу керек: 
Балалар тәрбиешінің берген тапсырмаларын өз беттерінше істей білуі керек. Үй құстарына деген қамқорлықтарын күнделікті өмірде пайдалана, істей білуі керек.
   

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!