Үй құстары балабақшадағы ашық сабақтар

0
37

Кіріспе  бөлім

  

Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.

Ендеше  қонақтармен амандасып алайық..

Үлкенге де,сіз

Кішіге де, сіз

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз.

Шеңбер бойында  тұру  .

Қолды алға  созу.

Қолды  кеудесіне қою

Басты  төмен  ию.  

                          Аралық  бөлім

 Күтпеген сәт: « Құстардың дыбысы »

 Сурет арқылы балаларды үй құстарымен   

 таныстырамын . Үй құстарына тауық, қаз ,әтеш , үйрек жатады. Құстардың пайдасы туралы айту

Тауық:  қыт-қыт

Әтеш:  ку ка – ре- ку

Қаз : қаңқ –қаңқ

Үйрек : быт –быт   деп дыбыстайды

Балалардан құстардың атын сұрап , дыбысын тыңдатып балаларға  қайталатамын

Дыбыстарды қайталайды.

                     Қорытынды  бөлім

    Сергіту сәті :

Тауық тары  жинапты

Оны ешкімге қимапты

Бөтекесін  толтырып

Қамбасына  құймапты

Қыста тауық  қыт-қыттап

Тары іздеп  жүр  тақылдап

Жұмыртқа  жарылады

Балапан шығады

Ойын «Құстарға жем  жинаймыз»

Шарты: балалар жемді жинап  тауыққа береді .

  Балалар жарайсындар, енді  барлығымыз бірге тауық пен оның  балапандарына би  билеп берейік.

Би: «Шөжелерім»

Тары  іздеу  қимылын  жасайды.

Қолдарын айқастырады

Бүйірлерін ұстайды

Басын  шайқайды

Тауық сияқты дыбыс шығарады

Тауыққа ұқсап жүреді

Балалар құстарға жем жинайды .

Балалар би қимылдарын жасайды

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!